Портреткежақтаужасаймыз Мұғалім қағаз өлшемі мен суреттің сәйкестігін түсіндіргеннен кейін, қатырғықағаздан жақтау жасау жолдарын көрсетеді. Ол үшін қандай материалдар мен құрал-жабдықтар керек екенін айтады. Жақтау жасау реттілігін түсіндіреді. Одан кейін оқушылар оқулықтың 24-бетіне сүйеніп, портретке жақтау жасауға кіріседі.
«Күнжәнебұлттар» Мұғалім оқушыларға күлімдеген, ашулы және көңілсіз күннің суреті бейнеленген үлестірме қағаздарды таратып береді. Балалар жауап береді:
Күн күлімдесе – сабақтағы жұмысыма көңілім толды.
Күн көңілсіз болса – сабақта қиындықтар болды.
Күн ашулы болса – көңілім толмайды, көп нәрсені жасай алмадым.
Үйге тапсырма: Отбасы мүшелерінің портретін салып, оны сәндеу.