Дамытушылық мақсат: 1. Ақпаратты өздігінен игеру және талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.
2. Оқушының шығармашылық қиялы мен ой - өрісін, ұғымдар арасындағы байланысты айқындай білу машығын, жалпыдан жалқыны бөліп ала білу және соған сәйкес ой тұжырымдау қабілетін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Ізденушілік, зерттеушілік, көрнекілік, сөздік, СТО стратегиялары.
Техникалық құралдар: Теледидар, бейнетаспа, магнитафон, үнтаспа
Әдеби материадар: Абай мен Шәкәрімнің өлеңдер жинағы
Көрнекі құралдар: Сызбанұсқалар, «Нағыз адам» моделін суреттеген тірек-сызба, кеспе қағаздар, Абай мен Шәкәрім портреттері
Оқыту формасы: Жеке, жұптық, үштік, төрттік, алтылық, ұжымдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг.
Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады:
Қызыл - көтеріңкі көңіл-күй;
Көк – тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты;
Жасыл - өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне көңіл аударғанды ұнатады;
Сары – көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді;
Қоңыр – психологиялық қолайсыздықты білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |