Оңтүстік Қазақстан Облысы,Түркістан қаласы,№14 жалпы орта мектебі. Тарих пәні мұғалімі. Кушерова Шолпан
Сабақтың тақырыбы: «АИТВ/ЖИТС-тен қорғану өз қолыңда
Мақсаты: Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Сабақтың түрі: кезесу
Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: 1.Кіріспе сөз
2.Қонақтарды таныстыру
3.Презентация АИТВ ЖИТС туралы не білеміз?
( Оқушыларға сұрақтар)
4.Монолог
5.Үгіт насихат жүргізу бригадасы
6.Видео ролик
7.Қонаққа сөз беру (Пікіралысу, сұрақтар беру )
8.Көрініс
9.Қорытынды
І.Кіріспе сөз
Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі сабаққа жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 9 «а»сынып оқушылары арасындағы «АИТВ/ЖИТС-тен қорғану өз қолыңда» атты кездесу сабағына жиналып отырмыз. Бұл сабақтың мақсаты – ХХІ ғасырдың індетіне айналған ЖИТС, оның қалай жұғатыны, одан қалай сақтану керектігі туралы түсінік беру; темекі, арақ, нашалардың зияны, өмірге қауіпті, тіпті ұрпақтарына қауіп-қатер екенін айту; жаман әдеттен өзін аулақ ұстайтын, болашақтың тірегі болатын дені сау азамат тәрбиелеу.
ІІ-Қонақтарды таныстыру
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне арнап өткізілгелі отырған, « АИТВ/ЖИТС-тен қорғану өз қолыңда» тақырыбындағы кездесу кешімізге хош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деген болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, шыныққан шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұруы керек .Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізілгелі отырған «АИТВ/ЖИТС-тен қорғану өз қолыңда» атты кездесуімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын-ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам АИТВ/ЖИТС ауруы туралы жан-жақты білсе, мұндай індеттің алдын алуға болады.
ІІІ-Презентация (слайд) (АИТВ ЖИТС туралы не білеміз?)
АИТВ дегеніміз не? АИТВ сөзін тарқатып айтқанда Адамның Иммунитет Тапшылығы Вирусы дегенді білдіреді. Бұл қоздырғыш адамның қорғаныш жүйесін зақымдайды және жойып жібереді. Қорғаныш жүйесі дегеніміз – адамның жұқпалы аурулардан қарапайым қорғану жүйесі. Орыс ғалымы Р. Петров « Қорғаныш – адамға микробтар әлемінде өмір сүруге мүмкіндік бермейтін рұқсат қағаз» деген болатын.
ЖИТС сөзін таратып айтқанда, « Жүре пайда болған Иммунитет Тапшылығы Синдромы» дегенді білдіреді. Бұл қорғаныш жүйесінің күрделі зақымданғанын айқындайтын жұқтырылған белгілердің жиынтығы. Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы Синдромы басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды, яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
2-жүргізуші: Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған.
АИТВ ЖИТС туралы не білеміз? Оқушыларға сұрақтар
1.ЖИТС дегеніміз не?
2.СПИД вирусы қай жылы ашылды және кім ашқан?
3. ЖИТС ауруы несімен қорқынышты?
4.ЖИТС вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
5.ЖИТС ауруларының белгілері қанадай?
6.АИТВ қалай жұғады?
7.АИТВ қалай жұқпайды?
Айнур
ЖИТС дегеніміз не?
Айтуған
СПИД вирусының қай жылы кім ашқан?
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
Ж.Аружан
ЖИТС ауруы несімен қорқынышты?
ЖИТС ауруы болғаннан бері адам баласының өмірі қорқынышты жағдайда өтуде, өйткені ЖИТС өте қауіпті қатер, оны «ХХІ ғасыр обасы» деп бекер атамаған. Қорқынышты жағдайдың себебі: ауруды және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін дәрі дәрмек жоқ. Тіпті жақын арада оған қолданатын вакцина мен дәрілерді шығару мүмкіндігі белгісіз. Ол вирус иммунитет жүйесін зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды. Сондықтан ЖИТС – мен ауырған адам ерте ме – кеш пе өлетіні анық. Міне бұл аурудың пайда болғанына қанша жыл өтсе де аурудан түгелдей емделіп шыққан ешкім кездескен емес.
Ербол
ЖИТС вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
Балкерім
ЖИТС ауруларының белгілері қандай?
Вирус адамға жұққаннан кейін ЖИТС ауруының жасырын кезеңі басталады. Ол кезең бірнеше айдан 6-7 жылға созылуы мүмкін. Осы кезеңнің ішінде вирус жұққан уақыттан бірнеше апта өткеннен кейін аурудың кейбір белгілері білінуі мүмкін. Мысалы; адам ұзақ уақыт бойы себепсіз делсал болады, оқтын-оқтын дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, іші өтеді. Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстінде бездер үлкейсе – ол аурудың өте бір күдікті белгілері болып табылады.
Жасырын кезеңнің аяғында вирустың көбейіп иммунитет қабілетіне зақымын келтіруіне байланысты адам түрлі-түрлі ауруға шалдыға бастайды. Мысалы, өкпе қабыну, туберкулез, ісік ауруларының да біраз түрлері көріне бастайды. ЖИТС вирусы орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, есалаңдыққа шалдықтырады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылдан 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы күн.
Ақерке
АИТВ қалай жұғады:
- АИТВ жұқтырған адамның қанын құйғанда немесе мүшесін ауыстырып салғанда.
- Медициналық мекемелерде стерилденбеген құрал- жабдықтарды пайдаланғанда.
- Қан тамырына есірткі енгізу үшін ине мен шприцтерді бірлесіп пайдаланғанда.
- Құлақ тесу үшін, пирсинг және татуировка үшін стерилденбеген құрал-жабдықтарды пайдаланғанда.
- АИТВ бар анадан баласына жүкті болғанда, босанғанда және емізгенде.
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
Абай
АИТВ қалай жұқпайды:
- қол алысқанда, құшақтасқанда;
- гигеналық заттар, денеге жағатын немесе киімге себетін иіс-майлар арқылы;
- бассейнге, ваннаға, моншаға барғанда;
- су және ауа арқылы;
- жәндіктер шаққанда және жануарлармен жанасқанда;
- ойыншықтар, спорттық құрал-жабдықтар арқылы;
- жәй сүйгенде.
Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
Тамақты бір ыдыстан ішкенде
Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
су, ойыншық арқылы
2-жүргізуші: Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған.
5. Монолог
Айжан
ЖИТС деген тағы да бір жау шықты,
Жер астына жөнелтті небір албыртты.
Ажал себер аждаһадан аулақ бол,
Жастар неге сақтамайды саулықты?
О, жаратқан!
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барам арманын
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кетер - борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Лиза
1-жүргізуші: ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.
Y.Үгіт насихат жүргізу бригадасы
Акмал
ЖИТС – тажал,
Күресейік белсеніп,
Қиндықты тастайық та еңсеріп!
Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны,
«болашағым» дейді бізге ел сеніп.
Ғ.Аружан
Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,
Аман-есен өтіп келген өткелден.
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
Обасы ол ХХІ ғасырдың,
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың-миллиондап жеп келеді жегі құрт,
Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.
Бақытжамал
Таңдамайды, талғамайды кімді де,
Қазақ, орыс, америка, үнді ме?
Тыңдаңыздар, оқыңыздар, көріңдер,
Жұтпақшы ол тірлікті де, күнді де.
СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба,
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты, тағы айтамын, мұңайма!
Гүлизар
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын.
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
Ардақ
Бұл өмірде не керек?
Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек.
Ішімдік ішпей, шылым шекпей,
Денемізді шынықтыру керек.
Ерте тұрып ,кеш жатып,
Есірткіге еліктемей,
Ерінбей еңбек ету керек,
Бәрі: Бәріне де салауатты өмір керек.
2-жүргізуші:
ЖИТС пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын төгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.
YІ-Видео ролик
1-жүргізуші:2002 жылғы тексеру бойынша СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3, 8 млн. 15 жасқа дейінгі жасөспірім балалар болып отыр. Егер жасөспірім 14 жасында ВИЧ инфекциясымен зақымданса тек 25 жасында ғана белгілері байқала бастайды. Ол 7 жыл ВИЧ инфекциясын жұқтырушы адам болып келеді.
VІІІ.Қонаққа сөз беру
2- Жүргізуші: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды. Көрініске кезек берейік.
VІІ.Көрініс
ІХ. Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |