Сабақтың тақырыбы: Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»


Критерий: Мәтінді оқу барысында оқушы кейіпкер бейнесін ашады. Дескриптор



бет3/4
Дата19.11.2022
өлшемі310,25 Kb.
#158983
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Zhalmahanova-Zh.-debiet
1526025047
Критерий: Мәтінді оқу барысында оқушы кейіпкер бейнесін ашады.
Дескриптор:
- Кімнің сөзі екенін біледі;
- Құндылықтарды анықтай алады;
- Орыс халқымен ортақ құндылықтарды атайды;
- Өз тұжырымдарын жасай алады.
ҚБ: Тиімді кері байланыс беру мақсатында үшінші топ мынадай пікірлер айтуы ықтимал: құнды пікірлер айта алдың, дәлелдер келтірдің, дегенмен...
ІІІ топ. Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіндегі ана мен «Жау тылындағы бала» повесіндегі Анна Ивановнаның образдарын салыстыр.
Критерий: Екі ананың образдарын салыстырады
Дескриптор:
- Образдарды салыстырады;
- Құндылықтарды анықтай алады;
  • Өз тұжырымдарын жасай алады.

  • ҚБ: Бірінші топқа бағалау ұсынылады
    Тұжырым: Оқушы қазақ әйелі мен орыс әйелінің ортақ қасиетін, атап айтқанда, мейірімділік, батылдық, анаға тән жылулықты ашып айтып, әлемдегі аналардың барлығы бірдей деген тұжырымға келуі күтіледі.

Үшінші тапсырма
Ұлттық байлығымыз домбыраның қасиетін қалай бағалар едің. Бұл үзінді туралы не айтар едің?
Серік (орнынан атып тұрып домбыраға ұмтылады). Таптым, таптым. Мен неміс солдаттарына концерт қойып беремін... (Домбыраны шерте жөнеледі.) Бөлмені қазақ күйінің әуені кернейді.
Бейтаныс еркек. Молодец! Қаршадай баланың осыншалықты үлкен өнері бар деп кім ойлаған. Табылған ақыл. Дәл осы сітте Борис терезеден балта мен араны тастап үлгереді.
Неміс солдаты. (Домбыраны нұсқап) О, қазақ, играй, играй...
Домбыра қолына тиген соң Серік бір тізерлеп отыра қалады да, шерте жөнеледі. Әуенге елеңдеген басқа да неміс солдаттары жинала бастайды.


ҚБ: Өзара бағалау мақсатында «Сыншы дос» әдісі қолданылады.
Ықтимал коментарий: - Айнұр, менің сізге «Сыншы дос» ретінде айтарым, өз ойыңызды жақсы жеткіздіңіз, алайда дәлелдеріңіз нақты болса тамаша болар еді.
Тұжырым: Оқушы домбыраның біздің өмірімізде алатын орны мен қасиетін, оның қай кезде де пайдалы тұстарын айта келіп, өз көзқарасын мәтінмен байланстыра айтып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет