Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды



бет13/13
Дата03.03.2020
өлшемі4,55 Mb.
#59422
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-23 сабақ 5 кл - копия




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3 С бөлімі – Ежелгі Грекия мәдениеті Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары нені үйретті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.2.4.2 – ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау;

5.2.4.1– ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау;



5.1.2.1 – ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

Сабақтың мақсаты:


Ғылымдардың қалыптасуы мен дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын сипаттау;

Ежелгі қоғамдағы жазудың ролін түсіндіру;



Барлық оқушылар: білімнің дамуына қоғамның ықпалын түсіндіреді

Оқушылардың басым бөлігі: ғылым салаларын бөлу себептерін сипаттайды

Кейбір оқушылар: балаларды бөліп оқытудың қаншалықты тиімді болғанын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

1.Ежелгі Грек жеріндегі білім мен ғылымның дамуын анықтайды.

2. Ежелгі Грекиядағы жазудың ерекшеліктерін анықтайды.

3.Ежелгі Грекия мектебінің әлеуметтік бөліну ерекшеліктерін анықтайды.


Тілдік

мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

А) Ежелгі Грекияда ғылымның қалыптасып дамуына қандай жағдайлар әсерін түсіндіреді

Ә) Ежелгі Грек және қазіргі кездегі білім беру жүйесін сипаттайды

Пәндік лексика және терминдер

Палестра,академия,гимназия,лицей



Диалогқа/ жазылымға қажетті сөз тіркестер

А) Ежелгі Грек жеріндегі мектептер балаларға не үйретті?

Ә) Неліктен Грек мектептерінде тек ауқатты адамдардың балалары оқыған?

Б) Стиль құралының екі ұшын қандай мақсатта қолданған?

Ежелгі Грекияда мәдениет пен тәрбиенің ерекшелігі сайыскерлік болатын, себебі............

Кифарист сенің ойыңша, қандай музыкалық аспап .............

Ежелгі гректерде жазу құралы ретінде стиль қолданылған, не себепті................


Құндылықтар

ға баулу


Тақырыптағы Грекия мектебімен қазіргі мектептің ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Ежелгі Грек мектептерінің маңыздылығын анықтайды.

Өмір бойы білім алуға дағдыланады


Пәнаралық

байланыс

География – білім ошақтарының георгафиялық орналасу ерекшеліктерін талдайды

Әдебиет – тарихи деректерден үзінділер танысу және зерттеу;

Қазақ тілі – тапсырмалар орындау барысында тіл құзыреттіліктері(тілдік, сөйлеу,тыңдау,жазу) көрініс табады


Алдыңғы білім


Мифология және өнер

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу,сынып оқушыларын түгендеу,оқу құралдарына және көңіл-күйлеріне назар аудару.)

Оқушылар ортадағы үш түрлі кәмпиттерді таңдап алу арқылы үш топқа бөлінеді



Интербелсенді тақтадан мектептің, грекиялық лицей,академиялардың суреттері көрсетіледі.



Оқушылардың суреттерге қатысты ойлары тыңдалынады . Жаңа сабақтың тақырыбы белгілі болғаннан кейін, сабақ мақсаттары түсіндіріледі

Бағалау .« Екі жұлдыз, бір ұсыныс »







Интербелсенді тақта, презентация,

Сабақтың ортасы


Мәтінмен жұмыс. (мәтінді оқып шығып төмендегі тапсырманы орындайды)
Топтық жұмыс«Кестені толтыр»

Төмендегі кестеге Ежелгі Грек жеріндегі мектепті сипаттап, толтырыңыз.






Бірінші басқыш

Екінші басқыш

Үшінші басқыш

Балалардың жас шамасы










Неге үйретті?









«Анықта» кестесі

Төмендегі Грек ғұламаларын қай ғылым өкілдеріне жататынын анықтаңыз:
1. Пифагор-.................................................................;

2. Гиппократ-..............................................................;

3. Геродот-..................................................................;

4. Гомер-......................................................................;

5. Эмпедокл-...............................................................;

6. Аристотель-.............................................................;

7. Демокрит-................................................................;

Дескриптор(топ бірін бірі бағалайды)



  • Грек мектептерінің әр басқыштарында оқитын балалардың жасын атайды;

  • Грек мектептеріндегі балаларға оқытылатын білімдерді жазады;

  • Ежелгі Грек ғұламаларының қандай ғылым өкілдері екендігін анықтайды.



Кері байланыс

Осы тапсырманы орындауда қандай қиындықтар кездесті?


2-тапсырма. Жұптық жұмыс «Суретті сөйлет»

Суретті қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз:



1. Ежелгі грек мектебінде оқушылар қандай жазу құралдарын пайдаланды?

________________________________________________________________________________________


2.Стилус (стиль) құралының екі ұшын қандай мақсатта пайдаланған?

________________________________________________________________________________________


3.Жазудың грек халқы үшін қандай маңыздылығы болды?

________________________________________________________________________________________


Дескриптор (жұптар бірін бірі бағалайды)

  • Ежелгі Грекиядағы жазу құралдарын айтады;

  • Ежелгі Грекиядағы стилусты қолдану ерекшелігін көрсетеді;

  • Ежелгі Грекиядағы жазу роліне баға береді.


Кері байланыс

  • Осы тапсырманы орындауда сендерге ұнаған жерлері болдыма?


Сергіту жаттығуы «Еден,төбе,мұрын»

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
3-тапсырма. Жеке жұмыс «Мәтіндегі сұрақ»

Грек мектептері 3 басқыштан тұрған.

Бірінші басқыш мектеп жасына дейінгі тәрбие (3-7). Бұл кезеңде ббалаларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеген.

Екінші басқыш 7-12 жасар балаларға жазу жазуды, оқуды, сызу сызуды, сурет салуды үйреткен.

Үшінші басқыш гимнасия деп аталған. Әр түрлі ғылым салалары бойынша білім алып, шешендік өнерге баулыған.

Мектепте көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Мектептерде тек қана ер балалар білім алған. Қыз балаларға арналған мектептер болмаған. Оларды үйде анасы тәрбиелеген.

Балаларды мектепке апарып, қасында көмектесіп, тәрбие берген құлды педагог деп атаған. Ежелгі Грекияда ер адамдардың басым бөлігі сауатты, білімді болған.

1. Неліктен грек мектептерінде тек ауқатты адамдардың балалары оқыған?

2. Грек қоғамына неліктен сауатты адамдар қажет болды?

3. Перикл атты Афиналық стратег бір құлдың аяғын сындырып алғаны туралы естіп:

«Тағы бір педагог пайда болды!» дейді. Осы сөзімен Перикл не айтпақшы болды?

4. Қазіргі кезде педагог деп кімді атаймыз?


Дескриптор (әр оқушы өзін өзі бағалайды)

  • Грек мектептерінде тек ауқаттылардың оқу себебін көрсетеді;

  • Қоғам үшін сауатты адамдар маңыздылығын атайды;

  • Ежелгі Грекиядағы педагогтардың рөліне баға береді;

  • Қазіргі кездегі педагогты сипаттайды.

Кері байланыс

Осы тапсырманы орындауда сізге ұнаған тұстары болды ма?


Интербелсенді тақта, презентация, үйлестірме материалдар

Сабақтың соңы


Рефлексия - « Мұғалімге хат»

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып мұғалімге береді


Интербелсенді тақта, презентация

Саралау

Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану








Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет