жануарлардың қанайналым шеңберін сипаттап бере алады
Дескриптор
-қанайналым жүйесі типтерін ажыратады;
- кіші қанайналым,үлкен қанайналым шеңберін ажыратады;
- қанайналым жүйесі шеңберіне сипаттама береді;
ҚБ: «Шаршылар» әдісі.
(Жж) Тапсырма 4. «Мәтінді төңкеру» әдісі (топтағы барлық оқушыларға және С деңгейіндегі оқушыларға). Жүрекше жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қанды айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында оң жақ бөлігінде үш жақтаулы,сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар жүрекше жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді.Қарыншалар жиырылған кезде сіңір жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жаққа ашылуына жол бермейді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.
Мәтінге байланысты проблемалық сұрақ: Жүректен қан үнемі бір бағытқа қарай қозғалады,бұл жүрекше мен қарыншаның үйлесімді жиырылуына байланысты. Қанның бұл бағытта қозғалуына не әсер етеді және ол қалай жүзеге асуы мүмкін?
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
Тапсырма 6. «Blood club» билет алу үшін мына кезеңдерден өту керек
І ІІ ІІІ
Бағалау критерийі
-қанайналым жүйесі мүшелерін анықтайды;
Дескриптор
-суреттердегі мүшелерді айтады;
-суреттегі мүшенің құрылысы мен қызметін сипаттайды;
-қан айналым шеңберін талдайды;
ҚБ: «Қадам» тәсілі арқылы бағалау.
Тапсырма 7. «Тақырыптық түйінді сөздер»
Аорта- Aorta,
қанайналым- blood circulation,
жүрек- heart,
өкпе венасы- pulmonary vein
өкпе артериясы- pulmonary artery берілген сөздердіқазақша, орысша,ағылшыншасын тауып айтыңыз;
Бағалау критерийі
-берілген сөздерді таба алады
-берілген сөздерді үш тілді айта алады;
Дескриптор
-негізгі сөздерді табады;
-қанайналым жүйесі мүшелерін үш тілде айтады;
ҚБ:«Аспазшы» әдісі арқылы бағалау
Кері байланыс: «Сұрақтары бар қорап». Кабинетте қорап қойылады, соған оқушылар сабақтың соңында өткен материал бойынша өз сұрақтарын қалдыра алады,бұл сұрақтарды келесі сабақтың басында талқыланады.
Саралау –Сіз қандай тәсілменкөбірек қолдау көрсетпексіз?Сізбасқаларға қарағандақабілеттіоқушыларға қандайтапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сізоқушылардың материалды игерудеңгейінқалай тексерудіжоспарлапотырсыз?
Денсаулық жәнеқауіпсіздік техникасынсақтау
Саралап оқыту үшін сабақтың ортасында «Мәтінді төңкеру» әдісін пайдаланып топтағы барлық оқушыларға және С деңгейіндегі оқушылар берілген мәтіннен проблемалық сұрақтың жауаптарын табады. А деңгейінің оқушылары берілген мәтіндегі мәліметтерді дұрыс оқып, жүрекше жиырылған кезде қан қарыншаларға еркін өтетінің біледі; В деңгейінің оқушылары берілген мәтіндегі мәліметтерді дұрыс қолданып, жақтаулы қақпақшалар жүрекше жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай ашылып, қан құлақшадан қарыншаға еркін өтетінің. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқаратының сипаттайды; С деңгейіндегі оқушыларының жауабы тізбектеліп тыңдалады.1. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады; 2. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында оң жақ бөлігінде үш жақтаулы,сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді; 3. Жақтаулы қақпақшалар жүрекше жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді;
4. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады деп жоғары деңгейде білімдерін жинақтап,қорытындылауға мүмкіндік болады.
Оқушылар оқу мақсаттарын біліп,түсіну қажет және олармен тиімді кері байланыс орнату керек.Ол үшін оқушылар үйрену процесіне белсенді қатысуы және бағалау критерийлерін біліп,түсіну керек сонымен қатар өз жұмыстарын талдау мүмкіндігі мен білігінің болуы аса қажет. Бағалаудың нәтижелерін ескере отырып,оқытуға өзгеріс енгізіп,оны жақсартып отыру үшін төмендегі тәсілдерді қолдандым.Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында қалыптастырушы бағалауға «Бағдаршам» әдісінде топтың жауабы толық болса жасыл түсті көтереді, жауабы толық болмаса сары түсті көтереді, жауабы мүлдем дұрыс болмаса қызыл түс көтереді және оқушылар неге олай бағалағанын толық ашып айтады, кемшілік тұстарын жетілдіріп бірінің ойын бірі дамытты «Шаршылар», «Плюс,минус,қызықты»,«Бас бармақ» , «Қадам» арқылы және «Аспазшы» әдісі арқылы бағалап дәмді ең дұрыс жауапты анықтайды.