Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев. Эвфемизм және дисфемизм



бет1/3
Дата25.11.2022
өлшемі178,75 Kb.
#159789
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
6 -сынып ашық сабақ.


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Тарихи тұлғалар



Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қаныш Сәтбаев. Эвфемизм және дисфемизм.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.2.4.1 Ауызекі және ресми стилдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстыру.


6.3.2.1 –Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сай,құрылымын сақтай отырып өмірбаян жазу.
6.4.3.1.Эвфемизм, дисфемизм сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:  Эвфемизм,дисфемизм сөздердің қолданыс аясын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ауызекі және ресми, көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сай,құрылымын сақтай отырып өмірбаян жазу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы
Ұйымдастыру

Топқа бөлу:




3 минут.



Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген эссені оқушылардан сабақ соңында жинап алып, тексеруге аламын.
1 Қызығушылығын ояту.
Сабақты бастамас бұрын сыныпты 3 топқа бөлу үшін кеспе қағаздарды алып, өткен тақырыптар бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
Ойын ойналады. «Қазына іздеу» ойыны.
Ойын мақсаты: Оқушы зейінін шоғырландыру, өткен тақырыпты еске түсіру, топқа бөлу.
Ойын шарты: оқушылар бәрі де ортаға шығады бір-бірден қағаз тіліктерін алады.



Оқушылар кеспе қағаздарда жазылған сөздер бойынша өзіне қатысты атау қасына барып тұрады.
1топ: Көнерген сөздер: патша,жебе,би, старшын, патсайы
2 топ: Термин сөздер: глобус, азайтқыш, жұрнақ, ағза, ұйқас
3топ: Диалект сөздер: сүгірет,там,сым, азанда, секер.






Кеспе қағаздар




Сабақтың ортасы
Жаңа білім
35 минут

Жаңа сабақты түсіндіру: 7 минут


Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:


-Семантикалық картамен жұмыс.
Жеке тапсырма-3 минут

Жұптық жұмыс: Сөйлем құрап жазу-5 минут.


Видеотыңдалым -4 минут.


3 сұрақ
3 жауап жазу- 6 минут

Кесте толтыру-8 мин


Сергіту-2 мин





Бүгінгі сабағымыз «Тарихи тұлға» бөлімі бойынша «Қаныш Сәтбаев. Эвфемизм және дисфемизм» тақырыбына арналады.
Сабақтың оқу мақсаты:
6.2.4.1 Ауызекі және ресми сильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
6.3.2.1 –Жанрлық және стильдік еркшеліктерін сай,құрылымын сақтай отырып өмірбаян жазу.
6.4.3.1.Эвфемизм, дисфемизм сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.


Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Слайдтан көрсетіледі.
Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.эвфемизм әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан.
Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзге ауыстырып айту әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс.Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпа ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, боғы ботқа болу, қырт.
Дисфемизм – әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен адамдар деп есептейді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет