IY. Сергіту сәті:
-Қане, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Шаршадың ба, балақай?
Бой жазайық, ойланбай.
Бір, екі, үш, төрт,
Бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Жарайсыңдар, алақай!
-Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
2.1. Қарағанды
2.2. Жалғау түрлерін бекіту.
2.1. Мәтінге дейінгі жұмыс.
(Интерактивті тақта-флипчарт)
Оқушылар мәтіннен өздеріне таныс емес сөздерді тауып, белгілеп отырады.
Қарағанды
Қарағанды облысы 1934 жылы пайда болды.
Қарағанды облысы Қазақстанның орталығында орналасқан.
Қарағанды «қара алтынның» астанасы. Қарағанды - ірі өнеркәсіп орталығы. Қарағандыда көмір өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, кен өндіру, зерттеу орталығы бар.
Қалада С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, «Шалқыма» концерт залы бар. Сондай-ақ қаламызда зәулім үйлер, әдемі ғимараттар, сауда үйлері, көптеген жоғары оқу орындары бар. Менің қалам өте әдемі, ірі қала.
2.1.1. Сөздікпен жұмыс.
Өнеркәсіп-промышленность
Кен өндіру-рудопроизводство
Тамақ өнеркәсіп-
Зерттеу орталығы-центр исследований
Ғимараттар-здания
Зәулім үйлер-многоэтажные дома
Жоғары оқу орындары-высшее учебное заведения
-Қазір барлығымыз осы сөздерді аудармасымен хормен және жекелеп оқып шығамыз, және осы сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін құраймыз. (1ұ)
2.1.2. Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді кезекпе-кезек дауыстап оқу. (0,5-1ұ)
-Бір-бірлерінің қателерін түзетіп отыру. (0,5-1ұ)
2.1.3. Мәтіннен кейінгі жұмыс.
1 - тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.
Қарағанды ... жылы пайда болды. Қарағанды ... ... орталығы. Қарағандыда ... , ... , ... , ... бар. Қалада ... ... қазақ драма театры, ... концерт залы бар.
2.2. Жалғау түрлерін бекіту.
Деңгейлік тапсырмалар.
(Әр дұрыс жауапқа-1 ұпай)
III деңгей
1. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
2. Берілген сөздерге барыс, шығыс септік жалғауларын қойып жазып, сұрақ қойыңдар.
Үлгі: қала+ға қайда? қала+дан қайдан?
Қала..., ескерткіш..., ғимарат..., өзен..., халық..., театр... .
II деңгей
1. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сұрақ қойыңдар.
2. Мәтінге 3 сұрақ дайындаңдар.
I деңгей
1. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.
Қарағандыда, мұражайлар, әдемі ғимараттар, қаламыз, зәулім үйлер.
I Y. Сабақты бекіту:
-Сонымен, балалар, біз бүгін сабақта не істедік? (1ұ)
-Қандай жаңа сөздер үйрендік? (1ұ)
-Қандай мәтін оқыдық? (0,5ұ)
-Енді, балалар, сабағымыздың басында біз Қарағанды туралы класстер толтырдық, соған қайтып оралайықшы. Алып-қосарымыз бар ма?
«Қара алтын» астанасы Өнеркәсіп орталығы
Орталық Қазақстан Ірі қала
1934 жылы пайда болды Кеншілер қаласы
ҚАРАҒАНДЫ
Қарағанды кәмпиттері «Шалқыма» концерт залы
С.Сейфуллин драма театры Зәулім үйлер, әдемі ғимараттар
YI. Үйге тапсырма:
-Мәтінді мазмұндау.
-Қарағанды сөзін септеу, тәуелдеу.
YII. Рефлексия:
(Интерактивті тақта-флипчарт)
YIII. Бағалау:
7-10 ұпай-«5»
4-6 ұпай-«4»
1-3 ұпай-«3»
IX. Сабақ соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |