Сабақтың тақырыбы: Атомдарда электрондардың таралуы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет12/15
Дата25.03.2022
өлшемі82,62 Kb.
#136707
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
8 класс химия 1-2 тоқсан на дому

Білім беру ұйымының атауы

ОМ №1

Пәні:

Химия

Бөлім:

Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу

Педагогтің аты-жөні:

Кунанов Алмас Назарбаевич

Күні:

15.12.2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Термохимиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару әдістерін меңгерту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Термохимиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер
Бүгінгі сабақта: энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсінеді
Сенің білетінің: Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың түзілуін білесің
Сенің меңгеретінің: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару әдістерін меңгереді

Сабақтың мақсатымен танысу







Өткен білімді еске түсіру

Тұттану температурасы деген қандай температура?
Жану процесінде қандай өнімдер пайда болады?
Оксидтер дегеніміз не?
Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар дегеніміз не?
Эндотермиялық реакция бөлме температурасында жүруі мүмкін бе?

Сұрақтарға жауап береді







Жаңа білім

Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады.

С+О2→ СО2+402,24 кДж


Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж

1 моль кез кезлген зат жанған кезде бөлінетін энергия немесе сіңірілетін энергия осы жану реакциясының немесе басқа да реакцияның жылу эффектісі деп аталады.


Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі.
Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды.



Жаңа тақырыпты меңгеру







Бекіту

Термохимиялық теңдеу деген не?
Жылу эффектісі деген не?

Массасы 4 г күкіртті жаққанда 37,1 кДж жылу бөлінді. Күкірт (ІҮ) оксиді түзілу реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.


Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша


2Н2+О2 = 2Н2О+570 кДж


80г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін есепте.


Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша 5 кг көмір жанғанда қанша жылу бөлінеді.


С + О2 = СО2 + 402,24 кДж



Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау







Кері байланыс

Бүгінгі сабақта:
Термохимиялық реакция теңдеулеріне
есептер шығара аламын;
Термохимиялық теңдеулерге мысал
келтіре аламын;














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет