Сабақтың тақырыбы: Атомдарда электрондардың таралуы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет13/15
Дата25.03.2022
өлшемі82,62 Kb.
#136707
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
8 класс химия 1-2 тоқсан на дому

Білім беру ұйымының атауы

ОМ №1

Пәні:

Химия

Бөлім:

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.Заттардың молярлық массасы

Педагогтің аты-жөні:

Кунанов Алмас Назарбаевич

Күні:

17.11.2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу

Сабақтың мақсаты

Химиялық реакция теңдеулерін құра алады. Заттың массасы мен зат мөлшерін табады.
Күрделі химиялық реакция теңдеулерін жаза алады, реакциялар арқылы заттың массасын, зат мөлшерін және молекула санын анықтайды.
Химиялық реакция теңдеулеріне сандық есептер шығарады, түрлендіріп қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сәлемдесу, психологиялыө ахуал туғызу
Үй тапсырмасын сұрау: «Cұраққа жетіп ал» әдісі үй тапсырмасына шолу жасау

Сабақтың мақсатымен танысу







Өткен білімді еске түсіру

«Лездік» сұрақтар
1. Атом және молекула ұғымдарының айырмашылығы неде?
2. Заттың химиялық формуласы нені көрсетеді?
3. Химиялық формуладағы коэффициент пен индекс нені көрсетеді?
4. Химиялық элементтің валенттілігі деген не?
5. Зат мөлшері, өлшем бірлігі, формуласы
6. Масса, формуласы, өлшем бірлігі
7. Амадео Авогадро деген кім?
8. Молярлық масса
9. Химиялық реакция типтері
10. N таңбасы нені білдіреді?

Сұрақтарға жауап береді







Жаңа білім

Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндірмесі Заттар химиялық реакцияға түскенде белгілі бір массалық және мөлшерлік қатынаста әрекеттеседі. Барлық есептер зат массасының сақталу заңына негізделіп шығарылады.
Оқушылардан реакция өнімінің массасын есептеу үшін қажетті есептеу алгоритмдерін құрастыруды ұсыныңыз.
Есеп шығарудың алгоритім:
1. Есептің қысқаша шартын құрастыру. 2. Химиялық реакцияның теңдеуін құрастыру.
3. Сәйкес заттардың формулаларының үстіне белгілі және белгісіз шамаларды жазу
4. Белгілі масса бойынша зат мөлшерін есептеу.
5. Белгісіз заттың зат мөлшерін мольдік қатынас бойынша есептеу.
6. Есептің жауабын жазу

Жаңа тақырыпты меңгеру







Бекіту

Сергіту сәті (химиялық жұмбақ)
1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)
2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)
3) Машина мен трактордың жаны, Қара металлургияның наны. (темір)

Массасы 12,5г мырыш хлормен әрекеттескендегі түзілетін мырыш хлоридінің массасы?



Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау
Дескриптор - реакция теңдеуін жазып, теңестіреді - зат массасының сақталу заңын есіне түсіре отырып, бастапқы заттар мен өнімдердің айырмашылығын сипаттай алады.







Кері байланыс

Мен сабақтан.............білдім. Маған .........................болды. Маған .........................қиын болды. Мен ............................тапсырма орындадым.
Енді мен ......................білемін. Мен ...............................қолданамын.














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет