Оқушы допты еденге соғып кедергілер арасынан бағыт өзгертіп алып жүру техникасын біледі.
Оқушы әр-түрлі жағдайда әріптесіне допты ирек сызық бойымен беру техникаларын біледі.
Оқушы топпен алаңда бағдарлап қозғалу барысында белсенділігін көрсете алады.
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Жалпы сапқа тұру.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жаңа сабақты хабарлау. Сабақ мақсатын анықтап алу.
Спорт залды айнала жеңіл жүгіру:
Оң және сол жанымен қолды алға ұстап жүгіру;
Оң және сол жанымен қолды алға-артқа сермеп жүгіру;
Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық.
Ойын "Үшінші-артық". Алдымен қуатын және қашатын"үшінші артық" ойыншыларды таңдайды. Барлық ойнайтындар жұптарға бөлініп, бірінің артына бірі тұрып екі шеңбер құрады. Сонымен қос шеңбер болып шығады. Ойын алдында қуатын оқушы шеңберлердің ортасында тұрады, ал қашатын сыртында. Дабыл бойынша қуушы ойынды бастайды. Қашушы тек қана шеңбердің сыртымен жүгіре алады, ал қуушы шеңбердің ішімен де жүгіре алады. Кез келген сәтте қашушы ойыншы тұрған бір жұптың алдына тұрады. Бұл жағдайда үшінші-«артық» ойыншы ойынды жалғастырады, оның орнына қашады. Осылайша, барлық ойыншылар қашуға дайын болуы тиіс, өйткені жағдай ойын алаңында қойылуы мүмкін кез келген уақытта. Бір мезгілде жүгіруге тек екі ойыншы (қуушы және қашушы) мүмкін.
Қуушы қашушыны ұстаса, олар орындарымен ауысады. Ойын барлық ойыншылар толық шаршағанша ойналады.
Кішкентай қулықтар:
шеңбер кішіреймес үшін қашушы бір жұптың алдына тұрғаннан кейін жұптар бір қадам артқа жылжыйды;
қашушы шаршамау үшін тез арада бір жұптың алдына тұруы керек.