Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет49/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Жақсы мен жаман (1-тоқсан.2-бөлім.)
23-сабақ

Дағды

Оқылым мен жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1.бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
4.3.1.1.мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып /шолып/белгі қойып оқу
4.4.5.1.мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу.
4.4.4.1.шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама презентацияны сөйлемдермен толықтыру.
4.5.1.3.өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.2.6.1. (қосымша мақсат) айтылуы мен жазылуынада айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

Тілдік міндеттер

Қайыр, түйме, алдау, мақұлдау, күту, аттың жалында ойнау

Алдыңғы білім

Қамқор немере

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында интерактивті тақтадан бет-аузы кір-қожалақ, үсті-басы ласжаман суды басып жүрген, немесе ит-мысықты қуалап жүрген баланың және үсті- басы тап-таза, сабақ оқып немес кітап оқып отырған баланың суреті көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға екі баланы салыстыруға тапсырма береді. Оқушылар балаларды өз беттерінше салыстырады. Мұғалім оқушыларға кестені толтыруға тапсырма береді. Оқушылар кестені толтырады және түсіндіреді. Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы екі түрлі баланы салыстырады, ойлау қабілеті дамиды.

Жақсы бала

Жаман бала

«Кел, сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада «Қайтсең жақсы бала боласың?», «Қайтсең жаман бала боласың?» деген үлгіні басшылыққа алып, өз мысалдарын айтады. Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға негізделген.


Мұғалім оқушыларға толықтыру, қайта түзету, жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс береді.

2 мин

Мұғ-Сынып

Жақсы бала мен жаман баланы сипаттай
-тын қима қағаздағы кесте

Сұрақтар, оқулық



Негізгі бөлім

«Оқы» айдарындағы тапсырмада оқушылар Қастек Баянбайдың «Жақсы мен жаман» өлеңін оқып, танысады. Тапсырма оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға бағытталған. Алдымен мұғалім өзі өлеңді мәнерлеп оқиды. Мұғалімнен кейін оқушылар кезекпен әр шумақты оқып шығады.Өлеңді оқушылар оқып болған соң, оқушылар өлеңнің мазмұны бойынша жаман бала мен жақсы балаға тән қылықтарды, қасиеттерді теріп екі бағанға бөліп жазып шығады. Әр топ өз бетінше жұмыс жасайды. Әр топқа жаман баланың және жақсы баланың қағаздан қиылған сұлбасы беріледі, оқушылар сол қағаздан кесілген сұлбаға өлең бойынша жаман бала мен жақсы баланың қылықтарын жазып шығады. толтырады.Әр топ сөз кестесі бойынша сөйлейді, қорғайды.


Мұғалім оқушыларға сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.

Жаман бала



Жақсы бала

Өз мысығын сабайды.
Анасын алдайды.
Екілік баға алады
Ойнап жүріп жылайды.
Ерініп қолын жумайды.

Сабағын беске оқиды.
Көгершінді аяйды.
Досына адал.
Інісін қарайды.
Мінезі жақсы
Әжесін күтеді
Аттың жалында ойнайды
Өз түймесін өзі қадайды
Уәдесінде тұрады.

Ал, балалар, көрдіңдер ме, жақсы бала мен жаман баланың бойындағы қасиеттердің қандай екенін енді өздерің ойланыңдар, сендер қай балаға жатасыңдар? Оқушылар өздерінің қандай балаға жататындықтарын өз сөздерімен айтады. Оқушылар бір-бірін «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

5 мин

Жеке

Оқулық
ереже



«Оқы және жауап бер» айдарындағы тапсырмада оқушылар өлең жолдары мен сөйлемдерді салыстырад. Қай өлең жолы қай сөйлемге сәйкес екенін анықтайды. Әр өлең жолының жанындағы сандарды сөйлемдердің жанындағы әріптермен сәйкестендіреді. Бұл тапсырма оқушылардың өлеңнің мазмұнын терең түсінуіне ықпал етеді, сыни ойлауын дамытады.

5 мин

Мұғалім - сынып

оқулық

«Есте сақта!» айдарындағы тапсырмада оқушылар шартты райдың жұрнағының ережесімен танысады. Шартты райдың жұрнағын қолданыстық тұрғыдан үйренеді. Мұғалім оқушыларға мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. Шартты райдың жұрнақтарын меңгерту ауызша жүргізіледі. Оқушылардың есте сақтаулары үшін мұғалім бірнеше рет қайталатады.



Мен

Алдасам, оқысам, ерінсем

-са/-се



Сен

Алдасаң, оқысаң, ерінсең



Сіз

Адасаңыз, оқысаңыз, ерінсеңіз

-ңыз/ңіз

Ол

Алдаса, оқыса, ерінсе

-




Біз

Алдасақ, оқысақ, ерінсек

-са/-се

-қ/-к

Сендер

Алдасаңдар, оқысаңдар, ерінсеңдер

-ңдар/
-ңдер

Сіздер

Алдасаңыздар, оқысаңыздар, ерінсеңіздер

-ңыз/
-ңіз

Олар

Алдаса, оқыса, ерінсе

-




3 мин

Мұғалім-сынып

Шартты райдың жұрнақтары жазылған ереже

Қор. бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға үлгі ұсынылады. Оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, салыстырып жазады. Тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар жақсы бала болу үшін не істеу керектігін жазады. Мұғалім оқушылардың жазғандарын тексереді.
Рефлексия


3 мин



Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет