Сабақтың тақырыбы Қазақстандық географтардың зерттеулері


Қалыптасып жатқан урбандалу



бет159/249
Дата08.11.2022
өлшемі24,61 Mb.
#157074
түріСабақ
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   249
Байланысты:
КМЖ 9 сынып География

Қалыптасып жатқан урбандалу
Сипаты: қала санының артуы, ірі қалалардың өсуі.
Қала халқының өсуі 50%-ға дейін





Дамыған урбандалу
Сипаты: қала агромерациялары мен мегаполистер, миллионер қалалардың жедел өсуі.
Қала халқының өсуі 50-70%.





Кемелденген урбандалу
Сипаты: субурбандалу, урбандалу, қазіргі заманғы урбандалу.
Қала халқының өсуі 75%-дан жоғары.

Урбандалудың алғашқы кезеңінде қала халқының үлесі онша жоғары болмайды; қалалар арасынан ең ірісі (әдетте, ел астанасы) басқаларын барлық көрсеткіштер бойынша басып озады. Дамыған урбандалу кезеңіңде кала халқының үлесі арта түседі. Миллионер қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуынан қала агломерациялары, ал жакын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегалополистер қалыптасады.


Кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салты қарқынды түрде ене бастаған, яғни субурбандалу (латын. sub - маңында urbanus - қалалык) жүруде. Біртіндеп осы процесс агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастайды; урбандалудың бұл түрін рурбандалу (ағыл. rиrаl – ауылдық және урбанизация) дейді. Субурбандалу барысында экологиялык жағдайдың нашарлауына байланысты ауқатты адамдар қала орталығынан қала маңына қоныс аудара бастайды. АҚШ-та агломерация халқының 60%-ы қала маңында тұрады.
2-топ Қазіргі заманғы урбандалу.
Қазіргі заманғы урбандалу тән елдерде қалалар жүйесі қалыптасып біткен; мұнда қала халқының саны баяу өседі; жаңа қалалар мүлде пайда болмайды. 2008 жылы дүниежүзінде 422 миллионер қала болды, мұнда Жер шары халқының 18%-ы, қала халқының 37%-ы тұрады. Алып қалалардың 1/3-і Шығыс жөне Оңтүстік Азия аумағында орналасқан. Әлемдегі аса ірі 10 агломераңия қатарына Солтүстік Америкадан Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қана енсе, бұл тізімде Еуропаның бірде-бір өкілі жоқ. АҚШ пен Канадада контрурбандалу, яғни қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуы жүруде, бұл ауыл халқы санының артуына әсер етеді.
Дамушы елдердің кейбірінде урбандалу бақылаудан шығып кетті; күнкөрісі қиындаған миллиондаған адамдар ауылдан ірі қалаларға ағылуда. Олардың қала маңдарындағы өз бетімен басып алған жерлерінде кедейлер қоныстары пайда болған. Мұндай қосалқы қалашықтарда электр жүйесі мен орталықтандырылған ауыз су құбыры мүлде жоқ; санитариялық-эпидемиологиялық жағдай өте нашар. Кедей қоныстарында тұратындар кездейсоқ табыс есебінен күнелтеді; көп жағдайда бұл жерлер қылмыс ошағына айналған.
2-тапсырма. Екі жақты түсіндірме күнделігі. Терминологиялық қобидаша.
Урбандалу (урбанизация; лат. urbanus – қалалық) – қалалардың өсуі мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуын, экономикалық қуаттың қалаларда шоғырлануы.
Агломерация - ірі қаланың төңірегінде бірнеше қалалық елді мекендердің пайда болып шоғырлануы.
Мегалополис – бір-бірімен тізбектеліп, қосылып кеткен агломерациялар мен қалалардың алып шоғыры.
Субурбандалу - кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салты қарқынды түрде ене бастауы.
Рурбандалу (ағыл. rиrаl – ауылдық және урбанизация) - агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастауы
Контрурбандалу - қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуы, бұл ауыл халқы санының артуына әсер етеді.
3-тапсырма Географиялық шынжыр (сандар сөйлейді).
І-топ 9072012751732860 3214942
ІІ-топ 98174510 422183710838
5 минуттық эссе жазу. Қалалар және қоршаған орта.
Қалаларда халықтың, өнеркәсіп пен көлік жүйелерінің шамадан тыс шоғырлануы табиғат ресурстарын неғұрлым қарқынды пайдалануға алып келеді. Қала аумағының артуы ауылшаруашылық жерлері ауданының қысқаруына, үй жөне жол құрылысы жер бедерінің адам танымастай өзгеруіне; халық пен өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету қарқынының артуы су қорының азайып, табиғи су режімінің бұзылуына, көлік пен өнеркәсіптің қоршаған ортаға зиянды заттарды бөліп шығаруы ауа мен топырақтың шамадан тыс ластануына себепші болуда. Үлкен қалалар жағдайында шайынды сулар, күл-қоқыстар мен қалдықтарды жинап, залалсыздандыру мәселе болып отыр.
Қалаларға өзіндік микроклимат тән, яғни оның аумағында жасанды орта факторлары әсерімен климаттың айрықша сипаты қалыптасады:

  • көп қабатты тұрғын үйлер жел өткізбейді, ал үлкен қалалардың орталығында жел мүлде байқалмайды. Бұл ауаның алмаспауына, оның құрамында ластаушы зиянды заттардың көптеп шоғырлануына себепші болады;

  • ауада түтін мен шаңның жиналуы күн сәулесінің түсуіне бөгет жасап, адам денсаулығына зиян келтіреді;

  • автокөліктер әсерінен, жылу шашатын объектілердің көп шоғырлануынан қалаларда қала сыртындағы аумақтармен салыстырғанда ауа темперасы жоғарырақ болады.

Қазіргі заманғы қалаларда адамға жайлы жағдайлар (суық және ыстық жылумен қамтамасыз ету; жолдар және т. б.) жасалғанымен, бұл өз кезегінде жасанды жүйелердің қоршаған ортаға зиянды ықпалын күтейте түседі.




Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды


Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет