№ 29
Сыныбы 6 мерзімі:
Тексерген: Л.Т.Демеуова
Бейнелеу өнері пән мұғалімі: Л.Б.Бухарова
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру.
Дамытушылық: Киім түрлерімен таныстыра отырып, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ата-бабамыздан қалған құндылықтарды құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың ұлттық киімдерінің суреттері, иллюстрациялар Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін өзіме аудару. Құрал жабдықтарын түгендеу
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
ІІІ. ӨтФЫ
кен сабақты қайталау арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету, нақтылау.
Ал балалар алдыңғы сабақта қандай тақырып өтіп едік?
Оқушылар жауап бере бастайды
Сонымен киіз үйдің қаңқасы неден тұрады екен?
Киіз үй қанша қанатты болады?
Киіз үйдің ішіндегі жиhаздарды ата.
Оқушылардың білімдерін нақтылау, тереңдету.
ІҮ. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерімен таныстыра отырып, тереңірек мағлұмат беру.
Ү. Қазақы киім-көненің көзі. Ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оны қалпына келтіріп, баламаларын көптепшығару басты парыз болмақ.
Қазақта, әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Соның ішінде сәукелеге тоқталайық.
Сәукеле-киелі деп есептелетін., ерте заманнан бері келе жатқан қалыңдықтың бас киімі. Үйлену салтанатына арнап қалыңдықты жасандырғанда әдетте оның басына маңдайлық, желкелік,жанамалар қыстырылатын қатырма ретінде биіктігі 20-30 см болатын бағалы аң терісімен көмкер,ілген сүйір бөрік кигізетін де,үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған.
Сәукеле інжу, маржан,гауhар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді.
Күнделікті киімге тоқыма шекпен, қолда бар мата-бөз, кенеп, шыт, сәтен, қолдан ұқсатылған тері, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанаттық киім-кешекке барқыт, масаты, мәуіті, шұға,жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдаланылған.
ҮІ. Ал балалар қандай ұлттық киім түрлерін білесіңдер?
Сәукеле қандай бас киім? Оны кімдер киеді?
Суретін салыңдар.
ҮІІ. Қазақ киім-кешегі- ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген мұра.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: « Ас –адамның арқауы» тақырыбыны сурет салып келу.
Бағалау
30 сабақ
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Керамика. Қазақ халық қолөнері мен шеберлері. Қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік . балаларды қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру.
Дамытушылық. Қазақ халқының қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнер шеберлері жайлы мағлұмат бере отырып, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік. Казіргі ұрпақтарды қолөнерге баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс : еңбек, тарих т.б
Сабақтың көрнекілігі: кітаптағы иллюстрациялар, альбомдар т.б
Сабақты өту барасы. І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін өзіме аудару
Құрал-жабдықтарын тексеру
ІІ. Үйде салған суреттерін тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталай кету
Оқушыларға сұрақ-жауап қоя отырып білімдерін нақтылау.
ІҮ. Жаңа тақырыппен таныстыру.
Ү. Керамика-саз балшық, қышты арнайы күйдіріп жасалатын бұйым. Олар –құмыра, ваза, тәрелке, адамдар мен жануарлардың шағын мүсіндері, сонымен қатар қабырғаларды сәндеу үшін пайдаланатын плиткалар.
Адамдар ерте уақыттан бері саз балшықтан әр алуан ыдыстар жасаған. Олар бастапқы кезде сапасыз жасалып,тез сынатын және су өткізетін. Уақыт өте келе адамдар саз балшықты ыдысты күн көзіне кептіріп, офдан кейін күйдіруді үйренді. Күйдіру ісі оның беріктігін арттырып, әдемілене түсті. Бірнеше ғасыр өткеннен кейін ең алғашқы станок-айналмалы ұршықша пайда болды. Суретшілер дайын болған вазаны пешке күйдіргеннен кейін ою-өрнектермен және аңыздардан алынған бейнелермен әшекейлейді.
Біздің елімізде керамика және фарфордан бұйым жасаумен Қапшағай фарфор және Алматы қаласындағы көркем керамика зауыты айналысады.
Қазақ халқының қолөнері мен шеберлері.
Қазақ халқының көне әрі өте кең тараған сәндік қолданбалы өнерінің бірі- киіз басу. Халқымыз киізді еденге төсеуге және қоржын , сөмке тігуге де пайдаланған.
Қолданбалы өнердің келесі түрі- тоқымашылық. Шеберлер кілем, үйге керек-жарақтарына арналған сөмке, киіз үйді сәндепәшекейлеу үшін бау, басқұр,киім тігуге арналған шұға тоқыған.
Қолөнеріне зергерлік өнер, ағаш (тас, сүйек) оймыштаушы, оюшы(өрнекші ) т.б өнер түрлері жатады.
Ал қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнеріне келсек. Қазақ халқының аса құнды сәндік, көркемдік мұралары-талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика киізден ерекше шығармаларды дүниеге әкеледі. Қазіргі заман қазақ қолөнеріне үлкен шығармалар әкеліп жатқан Бапановтар отбасы. Олар гобеленмен және киізбен жұмыс жасайды. Қ. Тыныбеков гобеленмен жұмыс жасайды т.б
ҮІ. Оқушыларға тапсырма бере отырып білімдерін тексеремін.
ҮІІ. Ал балалар бүгінгі тақырып қызықты болды деп ойлаймын. Сендерде ерінбей қолөнерімен айналыссаңдар өздеріңе де пайдалы, өм ірде керек болады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Бағалау .
29 сабақ Мерзімі:
5 сынып Тексерген: А.С.Солтанбекова
Сабақтың тақырыбы: Жарық пен көлеңке перспективаның заңдылықтары.
Білімділік.Жарық пен көлеңке перспективасының бейнелеу ережелері негізінде пейзаж салуды үйрету.
Дамытушылық. Композициялық ой өрісті жетілдіру.
Тәрбиелік . Балаларды байқампаздық және талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы иллюстрациялар, суретшілер шығармаларының репродукциялары ( П.Брейгель «Қар үстіндегі аңшылар» ,А.Рылов «Көк жүзінде» , Ә.Қастеев «Жайлауда»т.б.)сызықтық перспективаны ашып көрсететін фотосуреттер.
Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін өзіме аудару
Құрал-жабдықтарын түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен материал бойынша сұрақтар қоя отырып білімдерін тексеру.
Перспектива деген не?
Перспектива қаншаға бөлінеді?
ІҮ. Жарықы пен көлеңке перспективасының заңдылықтары мен бейнелеу ережелерімен таныстыру.
Ү. Жарық көзінен алыста тұрған заттарға қарағанда жақын тұрған зат бетінің жарығы өз деңгейінен артық бейнеленеді.
Әсіресе үй ішінің көрінісін бейнелегенде бүйір қабырғалар, алдыңғы заттарға қарағанда алыстағы заттар кішірейіп көрінеді. Перспективадағы сызықтардың бәрі соза берсе бір орталық нүктеде түйіседі.
Ал С.Чуйковтың «Таулы аймақтағы таң» атты көркем туындысында ауа пкрспективасы мен жарық-көлеңке перспектива заңдылығы ұтымды орын алған.
Суретшінің көріп қабылдаудағы белгілі тәртіппен бейнеленетін жазықтық картиналық жазықтық деп аталады. Суретші өзі таңдап алған көру нүктесінен заттар мен көріністер қалай көрінсе, солай бейнелеуге тырысады.
Перспектива заңдылығы бойынша сурет салғанда шарттыкеңістік моделіне сүйенген дұрыс. Сонда ғана сауатты сурет, шынайы көркем шығарма беруге болады.
Оқушылардың түсінгендігін сурет салғызу арқылы білемін және практика жүзінде түсіндіремін. Иллюстрациялардағы суретшілер шығармаларын көшірту арқылы үйретуге тырысамын.
ҮІ. Үйге тапсырма: Түскі уақыттағы табиғатты бейнелеу.
Бағалау.
№ 30 сабақ
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Картина жазықтығымен таныстыру.
Дамытушылық. Перспективалық бейнелерді құрудың кеңістік моделінің заңдылықтарымен таныстыра отырып білімдерін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды сабырлыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі : кітаптағы иллюстрациялар, фотосуреттер т.б
Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін өзіме аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталай отырып перспектива заңдылықтарының ережелерңмен таныстыру.
Жарық көзінен қашықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі жайлы не білесіңдер?
Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қалай көрінеді?
ІҮ. Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі.
Картина жазықтығы дегеніміз-бейнелейтін заттар мен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған тіке (вертикаль) бағыттағы жазықтық.
Көкжиек сызығы – суретшінің көз деңгейін білдіретін өл
Көру нүктесі – сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.
Шығу нүктесі- өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.
Көру деңгейі- суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.
Ү. Оқушылар нұсқаға қарап және тақырып бойынша сурет салуда перспектива заңдылықтарына үнемі сүйене отырып сурет салуға тапсырамын.
ҮІ. Үйге тапсырма, бағалау.
№29 мерзімі:
Сыныбы 4 Тексерген: С.А.Солтанбекова
Сабақтың тақырыбы: Суретшілер туралы мәліметтер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды шетел суретшілермен таныстыру
Дамытушылық: Суретшілердің туындыларына тоқталып, олардың әйгілі туындылары жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Шетел мәдениетімен таныстыра отырып, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы иллюстрациялар, белгілі суретшілер жұмыстарынан әр түрлі портреттердің репродукциялары.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін өзіме аудару
Құрал-жабдықтарын түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру. Ал балалар өткен сабақта қандай тақырып өттік? Суретші мен модельдің қарым-қатынасы деген тақырыпта суретші салайын деп отырған адамын салу үшін не истеу керек екен? Бірден жаза салмайдығой.Бақылап көңіл күйін, мимикасын яғни характерін ұстай білу керек екен.
ІҮ. Шетел суретшілері туралы көптеген мәліметтер аласыңдар. Суретшілер мен олардың туындыларымен танысасыңдар.
Ү. Тициан- Қайта өрлеу дәуіріндегі ұлы итальян суретшісі. Оны көзі тірісінде «кескіндемешілердің королі және королдердің ішіндегі кескіндемеші » деп атаған. Оның әйгілі картинасы « Қолғап киген жасөспірім» бұл картинасында ойға шомған жас жігіт бейнеленген. Келесі туындысы « Үй қоянын ұстаған мадонна». Париждің ең атақты мұражайы- Луврден орын тапқан.
Альбрехт Дюрер-әйгілі неміс суретшісі. Дюрер 1515 жылы жұлдызды аспанның картасын бейнеледі. Жануарлар мен аңыз кейіпкерлері түрінде бейнеленген бұл шоқжұлдыздар бүгінге дейін маңыздылығын жоймай келеді.
Клод Моне- француз суретшісі , импрессионизмнің негізін қалаушылардың бірі. Оның « Күннің шығуы.Әсер» картинасы өте танымал.
Ү. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып білімдерін тексеру.
ҮІІ . Сонымен балалар бүгін шетел суретшілері мен олардың туындылары жайлы мағлұмат алдыңдар. Казір осы суретшілердің әйгілі туындыларының біреуін көшіріп көріңдер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Бағалау.
30 саба0
4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
30 сабақ
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қолданбалы өнері-ұлттық мәдени мұра.
Сабақтың мақсаты
Білімділік. Балаларды қазақ халқының бай мәдени мұрасымен , соның ішінде ұлттық, дәстүрлі қолөнерімен және қосалқы өнерімен таныстыру.
Дамытушылық . Қазақстан аумағында пайда болған көне өнер-жартас суреттері мен сақ өнерінің сабақтастығын көрсету.
Тәрбиелік . Ата бабамыздың қолөнерін танып, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Халықтың қолданбалы қолөнер шеберлерінің туындылары жинақталып бейнеленген альбомдар, түрлі журналдар мен плакаттар.
Сабақты өту барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін өзіме аудару
Құрал-жабдықтарын түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Өткен тақырыпты естеріне түсіру арқылы білімдерін нақтылау, тереңдету.
ІҮ. Қазақтың қолданбалы өнерін-осындай бай мұраны бағалай біліп, оны мақтан тұту керектігін балалардың санасына жеткізу.
Ү. Қазақ қолданбалы өнері-ұлттық мәдени мұра.
Қазіргі кезде халықтық қолөнер бұйымдары, тұтыну заттары ел арасында сирек кездеседі. Дегенмен кейбір балалардың өздерінің, туыстарының, әжелерінің үйлерінде ескі кебеже, тостаған, торсық, сән бұйымдары, киім үлгілері, ат әбзелдері сақталуы мүмкін.
Альбомды немесе көрнекі құралды пайдаланып, көне зергерлік бұйымдардың, әсіресе қыз балалардың-сырға, білезік, алқа, шашбау сияқты бұйымдарының әшекейлеу ерекшеліктерін және қандай мақсатқа қолданылатынын жете түсіндірген жөн.
Сонымен қатар басқа да зергерлік бұйымдар, ат әбзелдерін, күнделікті тұтыну заттарын, тегене, тостаған, торсық т.б. көрнекі құралдарын, оұулыұтан көрсетіп, олардың безендіру тісілдерінің ерекшелігін, халық тұрмысында қандай рөл атқаратынын айту қажет.
ҮІ. Балаларға сұрақтар қоя отырып білімдерін тексеру.
ҮІІ. Осы бейнелеу өнері әрбір халықты бүкіл әлемге танытатынын, ұлттық бұйымдар мен өнер туындыларын көрген кезде, ол қай халыққа тәнекенін айтқызбай ақ түсінуге болатынын, сондықтан да осы бай мұраны бағалауымыз керек. «Сен Наурыз мейрамында қалай киінер едің?» атты тақырыпқа сурет салуға тапсырма беріп, балалардың бұл сабақты қалай меңгергенін тексеруге болады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Бағалау.
29 сабақ
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: « Адам бет бейнесі не туралы баяндайды?».
Портрет . Адам бетінің мимикасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік . Адамның бет бейнесінің құбылуы арқылы көңіл- күйді көрсете білуді үйрету.
Дамытушылық. Бет бейненің құбылуын бейнелеу арқылы байқампаздық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Адамдарды ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: альбомдар, оқушылардың салған суреттері т.б
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар зейінін өзіме аудару
Құрал-жабдықтарын түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпқа тоқтала кету. Балалар өткен сабақта не өттік?
Түстермен жұмыс жасадық иа. Түстерді іздестірген қызық па екен?
Түстерді қалай болса солай араластыра берсе кір түстер шығады. Қанша түстен артық араластыруға болмайды екен? Иа үш түстен артық араластырса болмайды екен.
ІҮ. Портрет салу үшін адамның мимикасын ( характерін) ұстай білу керек. Осы бет бейнені дұрыс бейнелеуді үйрету.
Ү. «Адамның бет бейнесі не туралы баяндайды?» атты тақырыбымен таныстырып, адамның бәрінде көз, ауыз, мұрын болады бірақ әрқайсысының түрі әр түрлі.Бетінің қимыл қозғалысына қарап көңіл-күйді білуге болады. Мысалы ,қабағы түйіліп, көздері кішірейіп, ерні жиырылып тұрса онда –ашуланып тұрған адам екенін білеміз.Ал егер көздері бақырайып, қастары көтеріліп, аузы ашылып тұрса таңқалған адам дейміз. Балаларға сұрақтар қоя отырып тағы қандай беттің құбылуын айта аласыңдар деп сұраймын. Көңілді адам қандай болады? Қорыққан адам ше?
Балалар көрдіңдерме портрет салу оңай емес. Портрет салу үшін адамды дұрыстап бақылап мінез-құлқын анықтап алу керек.
ҮІ. Оқушыларға осы әр түрлі көңіл күйдегі адамдардың портреттерін салғызамын.
ҮІІ. Ал балалар бүгінгі тақырып қызықты болды деп ойлаймын. Жан жағымыздағы адамдарды ренжітпей қуантып жүрейік. Өзіміз де әр уақытта көңілді бір-бірімізге қуаныш силап жүрейік.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |