Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»



Дата06.07.2018
өлшемі15,33 Kb.
#47905
түріСабақ
Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Күні

Әдебиет

6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Жалпы мақсат:

Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру. «Менің атым Қожа» шығармасын талқылау.

Сілтеме:

1.МАН

2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

3.6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К.Icламжанұлы, C.Тiлешoва, Б.Аpiнoва, P.Баттал


Күтілетін нәтиже:

«Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнын біледі, Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығын таниды.

Негізгі идеялар:

Қожа бейнесі арқылы өз-өзіне есеп бере білу, адамгершілік, кемшілігін түзете білу қасиетін қалыптастыру. Өзгенің жағымсыз әрекетінен сабақ ала отырып, өз мінезіндегі міндерді анықтау. Оны түзету, қайталап болдырмауға талпыну. Бүгінгі балалар өмірі мен Қожа өмір сүрген заман көріністерін салыстырмалы түрде суреттеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Үлестірмелі материалдар

2.Постер, маркер

3.Бейне материалдар


Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

АКТ


СТО

1.Диалогтік оқыту

2.Жеке жұмыс

3.Топтық жұмыс

4.Жұптық жұмыс



Дереккөздер:

«Менің атым Қожа» кітабы, ғаламтор материалдары , «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Тапсырмалар:

  1. Ой шақыру үшін берілген тапсырма:

а/ фильмнен үзінді;

ә/ жабық сұрақтар.



  1. Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:

а/ шығарма мазмұнын бөлімдер бойынша оқу;

ә/ жұптық жұмыс арқылы көршісіне әңгімелеу;

б/ топта жұмыс жасай отырып Қожа бейнесіне ассоциация жасау


  1. Ойды қорытындылау үшін берілетін тапсырма:

а/ Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлер бейнесіне салыстырмалы талдау.

ә/ Ашық сұрақтар.



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин)

Сыныпты түрлі фигуралардағы стикерлер арқылы топқа бөлу

Стикерлер бойынша топқа ат қою, ұранын ойлап айту.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (7мин)

Ой шақыру үшін берілген тапсырма.

Фильмнен үзінді.

(Диалог )

1.Бұл фильм қалай аталады?

2.Фильмдегі басты кейіпкер кім?

3.Фильм авторы туралы не білесің?



Берілген сұрақтарға әр топ өз жауабын айтады.

ІІІ.Жаңа тақырып (20мин)

1.Жеке жұмыс

Әр топқа шығарманы бөліп беру, әр оқушы мазмұнымен танысу

2.Жұптық жұмыс

Оқығанынан түсінгенін көршісіне әңгімелеп беру.

3.Топтық жұмыс

Қожа бейнесін ашу.


Сәйкесінше, шығарма мазмұнын оқу, түсінгенін көршісіне әңгімелеу.

Постерлер арқылы Қожа бейнесін бейнелеу, оны қорғау. Топтық бағалау


ІV.Қорытындылау (5мин)

1.Топтық жұмыс. Венн диаграммасы арқылы салыстыру жұмысы:

Қожа мен Жантас

Қожа мен Сұлтан

Қожа мен Жанар

2.Ашық сұрақтар:

- Қожаның орнында болсаң Жантасты қалай жазалар едің? Неге?

- Сұлтанның оқымау үшін жасаған әрекетіне қандай баға бересің? Неге?

- «Құпия кеңес» өткізудің қаншалықты маңызы бар?


Топ мүшелері ақылдасып, ортада өз пікірлерін қорғайды.



V.Үйге тапсырма (2мин)

1.Тақырып бойынша шығармамазмұнымен толық оқып танысу.

2.«Менің бір күнім» эссе жазу



Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

VІ.Бағалау (5мин)

1/ Өзін-өзі бағалау

2/ Жиынтық бағалау.



Топтық бағалау

VІІ.Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет