Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»



Дата23.03.2018
өлшемі79,1 Kb.
#39445
түріСабақ
Күні: 12.04.2017

Класс: 5 «д»

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат бере отырып, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» шығармасын талдау

А)білімділік: Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру, өмір жолы, шығармашылығымен қысқаша таныстыру. Жазушының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзінді –ертегісінің мазмұнымен, түйінімен таныстыру.

Ә)дамытушылық: Қазақша оқу арқылы тілдік қасиетін,шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік:балалардың жауынгер – жазушыға деген сыйластық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызыгушылығын оятуға ықпал ету. Отанды,атамекенді,туған жерін,елін сүюге тәрбие беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ – жауап, ойтолғау, кейіпкер бейнесін сомдау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, шығармашылығы, суреттер мен кітапшалар, қосымша материалдар.

Жұмыс формалары: жеке, жұптық, топтық



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты түгендеу, тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау.



ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар! Әдебиет – өмір айнасы болғандықтан ол бізді қоршаған ортамен, біздің өмірімізде болып жатқан оқиғалармен, біздің тарихымызбен тығыз байланысты. Біздің тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі – Ұлы Отан соғысы. Ол туралы сендер тарих пәнінен тереңірек оқып білесіңдер. Өздеріңе қажет деп тапқан келесі деректерді сендерге ұсынамын.

Ұлы Отан соғысы 1941 жылдан 1945 жылға дейін 1418күнге созылды. Бұл соғыста Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен 23 миллионнан астам адам қаза тапты. Соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың саны – 603мыңнан асады.

Қазақстанның да жеңісті жақындатуға қосқан үлесі зор. Қазақстанда құрылған 316 дивизияны генерал – майор И.В. Панфилов басқарды. Олардың ішінде қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы да бар еді. Москваны қорғаудағы ерен ерлігі үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазір Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар бағында алауланған Міңгілік от сол батырлардың өшпес ерлігіне жасалған тағзым.

Олардың ішінде екеуі қазақ қыздары: Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар олар: Т.Ж. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф.Павлов, С.Д. Луганский. Үш мәрте Кеңес Одағы Батырының атағын алған – И.Н. Кожедуб. Атақты жауынгер – жазушы Б. Момышұлы аталарын Батыр атағын 1990 жылы алды. Батыр аталарыңның өмірі туралы, ерлік істері туралы білу, сол кісілердің үлгі алу – біздің парызымыз.

Біздің бүгінгі сабағымыз – жауынгер - жазушы Бауыржан аталарыңа арналады

Бауыржан Момышұлы кім болған? Ол кісінің қандай еңбектері мен ерліктері туралы не білесіңдер? Оқушыларға сұрақ қою арқылы өзара ұйымдастырып,білімдерін тексеру.

Кластер толтырту.

Байыржан момышұлы- Ұлы Отан соғысына қатысып, Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры. Соғыста Генерал Панфиловтың полкында дивизия командирі болған.

Жазушы соғыста елін қорғаған жауынгерлердің ерлігі мен достығын жазған. «Офицердің күнделігі» атты жинағы бар.



2. Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген жазушы туралы мәліметті оқушылар өз бетімен оқып шығып, сөздіктің көмегімен түсінуге тырысады.

3. Сөздік тақтада көрсетіледі:

Даңқты жауынгер –славный воин

Халық қаһарманы – народный герой

Көрнекті жазушы - видный писатель

Атақ – звание

Дивизия құрамында – в составе дивизии

Қаһармандық ерлік – героический подвиг

Парыз - долг

Мәңгілік от – вечная память

Деректер – сведения, факты

Айтылуы, жазылуы қиындық тудыратын сөздермен жеке жұмыс жүргізіледі.



4. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзінді – ертегісімен жұмыс:

а) Үзіндінің мәтіні үнтаспадан оқу. Оқушылар оқулықтағы мәтін бойынша тыңдап отырады.

ә) Оқушылар назары мәтінге берілген сөздікке аударылады:

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Сөздік:

әділ-справедливый

құрт-құмырсқа-черви и муравьи

бақа-шаян-лягушка и скорпион

тілін біліпті-знал язык

жылан-змея

тілек-желание

үрейлі уақыт тревожное время

қарлығаш-ласточка

ысылдау– шипеть

сілекей -слюна

шағыну -жаловаться

жиіркену- брезговать

ызындау – жужжать

құйрығы айыр– хвост вилкой, раздвоенный

ашу шақыру– злиться

қалтырап күтуждать с дрожью

б) Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға қысқа да нұсқа жауап беру:

1.Сүлеймен деген кім ? Ол қандай адам болған?

2. Жауды жеңген кім? Ол жауды қалай жеңді?

3.Сүлейменнің патшалығында не болды?

4.Жаудың беті қалай қайтады?

5.Сүлеймен патша жыланға не дейді?

6.Патша қандай жарлық берді?

7.Хабаршылардың жолын не күтеді?

8.Қарлығаш қандай әрекет істейді?

9.Қарлығаш патшаға не дейді?

10.Қарлығаштың сөзі жылаңға қалай әсер етеді?

11.Ашулы жылан қайтеді?

12 неліктен қарлығаштың құйрығы айыр екен?

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып үйреніңдер.

2.Ертегіні түсініп,рөлге бөліп оқыңдар.

3.Мәтінге сүйеніп,Сүлеймен патшаға мінездеме беріңдер.

4.Ертегінің кейіпкерлерін атаңдар.

5.Қарлығаш қандай құс? Ол туралы не айтасыңдар?

6.Қарлығаш адамдарға неліктен араша түсті деп ойлайсыңдар?

7.Ертегіні тағы қалай айтуға болады?

8.Суретті көріп,тағы қандай сурет салар едің?

9.Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аудар.

10.Бұл әңгіме ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

11.Ертегіге жоспар құраңдар.

12.Жоспарға сүйене отырып,әңгімелеп беріңдер.



ІҮ Сабақты бекіту:

Ертегі мазмұны бойынша «Ең бастысы» оқыта үйрету ойынын ойнау. Ойын шарты бойынша ертегі мәтіннен оқушылар өздері негізгі деп санайтын жолдардың астын қарындашпен сызып қояды. Мәтінді тағы бір рет мұқият қарап шыққан кейін бір сөзбен, сөйлемнен берілген мәтінді сипаттайды. Содан кейін оның бір «құпиясын» немесе онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табуға тырысады. Оқушылар өз сөздерін, сөйлемдерін кезекпен оқиды. Тыңдап отырған оқушылар ең дұрыс, ең нақты, ең қызықты деген жауаптарды таңдайды. Ойын қорытындысы шығарылып, ең жақсы нұсқа ұсынған оқушылар анықталады.



Ү. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау

  1. Дайындықсыз Блиц – турнир сұрақтарына жауап береді:

  • Бауыржан Момышұлы - ... ...

  • Ұлы Отан соғысы ... ... басталды.

  • Соғыс ... ... созылды.

  • Батыр атағын алған қазақстандықтар ...

  • Қазақтың батыр қыздары ..., ...

  • Екі мәрте батыр атағын алғандар ..., ..., ...

  • Б.Момышұлы ерлігі туралы ... ... ... ... басқарды.

  • Б.Момышұлы батыр атағын ... ... ...

  1. Қарлығаштың_құйрығы_неге_айыр»_ертегісі_бізді_неге_үйретеді__ҮІ.'>Сұрақ:

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бізді неге үйретеді?

ҮІ. Рефлексия кезеңі

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу. Сенімділік деген не?



ҮІІ. Үй тапсырмасы:

  1. Қарлығаштың қандай құс екендігі туралы қосымша мәлімет дайындаңдар.

  • Өздерің бұрын оқыған шығармаларда кездессе, сол туралы әңгімелеп берулеріңе де болады.

  • Жылан қандай жәндік екені үзіндіде қалай суреттелген? Қосымша мәлімет тауып келіңдер.

  • Ертегі мазмұнына сүйеніп, қосымша мәліметтерді де пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыруға тырысыңдар.


Үйге тапсырма:

1. Қарлығаштың қандай құс екендігі туралы қосымша мәлімет дайындаңдар.

  1. Өздерің бұрын оқыған шығармаларда кездессе, сол туралы әңгімелеп берулеріңе де болады.

  2. Жылан қандай жәндік екені үзіндіде қалай суреттелген? Қосымша мәлімет тауып келіңдер.

  3. Ертегі мазмұнына сүйеніп, қосымша мәліметтерді де пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыруға тырысыңдар.

2. Кестені толтыр:




Ертегіде қандай?

Қандай?

Қосымша мәлімет

Сүлеймен патша










Жылан










Қарлығаш










3. Оқулықта берілген жазушының нақыл сөздерінің ұнағанын жаттап ал (қосымша іздеп тауып келген оқушы еңбегінің бағаланатыны ескеріледі)

  1. Жауынгер жазушының нақыл сөздері:

«анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту».

1. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға қысқа да нұсқа жауап бер:

1.Сүлеймен деген кім ? Ол қандай адам болған?

2. Жауды жеңген кім? Ол жауды қалай жеңді?

3.Сүлейменнің патшалығында не болды?

4.Жаудың беті қалай қайтады?

5.Сүлеймен патша жыланға не дейді?

6.Патша қандай жарлық берді?

7.Хабаршылардың жолын не күтеді?

8.Қарлығаш қандай әрекет істейді?

9.Қарлығаш патшаға не дейді?

10.Қарлығаштың сөзі жылаңға қалай әсер етеді?

11.Ашулы жылан қайтеді?

12 неліктен қарлығаштың құйрығы айыр екен?

Тапсырмалар:

1. Мәтінге сүйеніп,Сүлеймен патшаға мінездеме беріңдер.

2. Ертегінің кейіпкерлерін атаңдар.

3. Қарлығаш қандай құс? Ол туралы не айтасыңдар?

4. Қарлығаш адамдарға неліктен араша түсті деп ойлайсыңдар?

5. Ертегіні тағы қалай айтуға болады?

6. Суретті көріп,тағы қандай сурет салар едің?



7. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аудар.

2. Блиц – турнир сұрақтарына жауап бер:

  • Бауыржан Момышұлы - ... ...

  • Ұлы Отан соғысы ... ... басталды.

  • Соғыс ... ... созылды.

  • Батыр атағын алған қазақстандықтар ...

  • Қазақтың батыр қыздары ..., ...

  • Екі мәрте батыр атағын алғандар ..., ..., ...

  • Б.Момышұлы ерлігі туралы ... ... ... ... басқарды.

  • Б.Момышұлы батыр атағын ... ... ...

Каталог: uploads -> doc -> 0f2b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f2b -> Сабақ нөмірі: № Пән атауы: Қазіргі қазақ тілі Оқытушы аты-жөні
0f2b -> Үйірме жұмысы «Бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес техникалар»
0f2b -> Тәрбие сағаты 2-а сыныбы 23. 10. 2015 Тақырыбы: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет