Сабақтың тақырыбы: Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары,мәні,функциялары


 Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі59,62 Kb.
#89139
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
дидактика 6docx

2. Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Бұлар бір-бірімен өзара байланысты болады және ғылыми-дидактикалық жүйенің бір бөлігі ретінде қаралады.
Оқыту- оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін
қажетті адамзат тәрбиесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтежиесі болатын білім, білік,
дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты. Оқыту процесінің компоненттері: оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде жүзеге асырылады педагогикалық процесс сонда ғана нәтижелі болады.
Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Сонымен қатар оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар, яғни оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімі, іскерлігін, дағдысын тексеріп тез қорытыныды шығаруға болады.
Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан А.С.Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасын оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, қарама-қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары. Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс заңдылықтарын оқу бағдарламасы негізінде сипаттауға болады.
3.Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.
Мұндай заңдылықтарға оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу – материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестеріне байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
Л.С.Выготскийдың айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы іздеуге талпындырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Оқытуды іске асыру адам баласын белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды жақсы ұйымдастыруға болмайды. Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесігнде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуге жауапкершілік сезімі артады.
Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу.
Жас ерекшеліктер мынадай жағдайда есепке алынады:
1. Оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын, т.б. жасағанда.
2. Организмнің дене психикалық дамуына байланысты .
3. Оқу, тәрбие процесінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет