Сабақтың тақырыбы: Еңбекке төленетін ақы



бет19/26
Дата22.12.2022
өлшемі395,01 Kb.
#163903
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
0003ed55-da4d61c4

ҮІІІ. Үй тапсырмасы: сұрақтарға жауап беру

_________________


10-сынып
Сабақтың тақырыбы:1 желтотоқсан – Президент күні
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту, мәтінді пысықтау.ҰБТ-ге дайындық жүргізу;
2. Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.Өз беттерімен жұмыс жасауға үйрету;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс
Пән аралық байланыс: тарих
Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сызбалар, таблицалар, тапсырмалар
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!
-Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін нешесі?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Бүгін ауа-райы қандай?
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тыңдалым. Оқылым.
Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, мазмұнына сұрақтар құраңдар.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін..Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет