Сабақтың тақырыбы: «Егінші мен қасқыр»



Дата21.07.2020
өлшемі18,81 Kb.
#63612
түріСабақ

№6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Кысырауова Шынар Андебековна


Сабақтың тақырыбы: «Егінші мен қасқыр» ертегісі

Мақсаты: Ас атасы нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас ендігін,оның

оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі арқылы айтып ұғындыру. Өмірден алған

білімдерін, түсініктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы жетілдіру.Нанды

ысырап етпеуге, шашпауға баулу.



Оқыту нәтижесі:

1. Жеке, жұптық, топтық жұмыс арқылы ертегісінің идеясын ашады.

2. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

3. Өздері білетін мәліметтермен бөлісіп үйренеді.

4. Болжау жасай алады

5. Ой бөлісуге дағдыланады



Түйінді идеясы: Еңбек түбі-береке

Әдіс-тәсілдер: Жұптық әңгіме, болжау, ассоциация

Сабақтың мазмұны:

1. Ұйымдастыру.

а) Шаттық шеңбері құрылды«Жүректен-жүрекке»

ә) Топтасу.

Нан түрлері бойынша берілген суреттерді оқушыларға өз қалауымен алдыра отырып, топтарға бөлу.



2.Үй тапсырмасын сұрау

Орындаған тапсырмаларын топта бағалап, үздігін ортаға оқиды.

Сабақ тақырыбын анықтау

3. Ассоциация жасау

- Ас атасы не?

- Нан қалай жасалады?

Білім алушы өзінің тәжірибесі мен оқып білгенін байланыстыра отырып жеке, топ арсында ойласа отырып талқылайды



4. Бейнежазба қарау.

Егінші, қасқыр туралы бейнежазба қарайды

- Бұл көрген көрініс шығарманың қай түріне жатады?

- Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?



Ертегі

1 . Қиял-ғажайып ертегісі

2. Жануарлар ертегісі

3. Тұрмыс-салт ертегісі



5. Мағынаны тану

ЖИГСО әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінді 4 бөлікке бөлдім, топта 4-еуден тұрады. Топтасады, сараптау топтарына бөлінеді, талқылайды, түсіндіреді, үйретді, сұрақтар қояды. Презентация жасайды



6. Сергіту сәті.

Бауырсақ ертегісі желісін бейнетаспадан көре отырып, бауырсақ қимылын жасап сергіп алу



7. Ой толғаныс

- «Егінші мен қасқыр» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

Тұрмыс – салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде адамның күнделікті өмірінен алынған яғни нанның дайындалу тәсілі айтылған.

8. Рефлексия

Эссе жазу тапсырылады. Жеке жазады. Топта талданып, әр топ өз үздігін таңдап оқиды.



9. Қорытынды

- Ертегінің негізгі идеясы не?

- Жалқау болмауға, еңбек етуге шақырады

10. Сөйлемді толықтыр...»

- Мен түсіндім.......

- Мені таңқалдырды.....

- Маған өте ұнады.....



11.Үйге тапсырма:.1. «Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқып, мазмұндап келу.

2.Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу



12. Бағалау. Топ басшылары бағалайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет