«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі (жұптық жұмыс)
Оқушылардың жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйелері түсініктерін анықтау
(Айтылым әрекеті)
1. Суреттерді қарастырыңыз.
(а) Тіршілік деңгейін қарапайымнан бастап, күрделену ретін жазыңыз.
5 ............................................
4 ............................................
3 ............................................
2 ............................................
1 ............................................
(b) Тіршіліктің А және В деңгейіне анықтама беріңіз.
......................................................................................
......................................................................................
(с) Қалай ойлайсыз ағзада жасуша көп пе әлде ұлпа ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
...........................................................................................................................................................................................
Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалар прокариоттар және эукариоттар болып екі топқа бөлінеді. Эукариоттарға (ядросы бар) өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың барлығы жатады.
Өсімдік жасушасында пластидтер, ірі вакуоль және жасунықтан тұратын жасуша қабығы бар. Қор заты крахмал.
Саңырауқұлақ жасушаларының қабырғасы хитиннен түзілген, пластидтері болмайды. Қорға жиналатын зат-гликоген.
Жануар жасушаларында жасуша қабырғасы тығыз болмайды, пластид және нағыз вакуоль жоқ.
Бактериялар, олардың ішінде цианобактериялар прокариоттарға (ядросы жоқ, сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады. Оны жарғақша қоршамайды, сондықтан тікелей цитоплазмада жатады) жатады.
Прокариот цитоплазмасында ұсақ, қарапайым құрылысты рибосомалар болады. Прокариот жасушаларында митохондриялар мен хлоропластар жоқ, олардың рөлін арнаулы жарғақша қатпарлары атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |