Сабақтың тақырыбы: Елбасы. Еліміздің рәміздері



Дата26.08.2017
өлшемі77,74 Kb.
#28817
түріСабақ
Күні: 02.09.14ж

Класы:

Пәні:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Елбасы. Еліміздің рәміздері.

Сабақтың мақсаты: Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып білетініміз жайлы мағұлмат беру. Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру. Н.Ә.Назарбаев сөзімен таныстыру. Мектеп ішінде жүріп-тұру ережесін үйренуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті. Мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а)Оқушылармен амандасу;

ә)Оқушыларды партаға дұрыс отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ.Жаңа сабақ.

А) Мақсатын, тақырыбын хабарлау.

1.Әліппе кітабы туралы мағұлмат беру.

2.ҚР-ның Президентінің сөзімен таныстыру.

Қолыңдаңы әліппе кітап «Әліппең»-аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы,білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын! Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев

3.Сұрақ-жауап.

-Балалар,біз қай елде тұрамыз?

-Біздің астанамыз қай қала?

-Біздің президентіміз кім?

-Тақтада ілулі тұрған нелер?

(Елбасы, Әнұран, Ту-бұл біздің рәміздеріміз деп аталады)



Сергіту сәті.

Әнұранның сөзін жаттау, әнімен қосып айту.



Қорытындылау.

Балалар, біз бүгін сабағымызда не жайында білдік? ҚРның рәміздерін атап көрейік. Әнұранды айтып беру.



Күні: 02.09.14ж

Класы:1ә

Пәні:дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған орта.

Сабақтың мақсаты: Дүниетану оқулығымен танысыру,айналадағы қоршаған орта туралы түсінік беру.Ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру,көрсету,ассоциация әдісі.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты сабаққа дайындау.



ІІ.Жаңа сабақ.

Оқулықпен таныстыру.

М: Дүниетану оқулығы арқылы біз не білеміз? Нені үйренеміз?Бізді қоршаған дүниелермен танысамыз?


Бізді қоршаған орта

Күн,ауа,жер,су,адам,өсімдік,жануарлар-бұл табиғат.

Табиғатты білу үшін оны бақылаууымыз керек.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.

Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме.



Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?

«қоршаған орта» дегеніміз не?

Оларға нелер жатады?



ІІІ.Сабақты бекіту.

Бүгін біз айналадағы дүниелермен таныстық. Табиғаттағы заттар,табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.



Күні:02.09.14ж

Класы:1ә

Пәні:еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Еңбек құралдары. Қауіпсіздік ережесі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға еңбек құралдары, қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы,суреттер.

Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Қажетті құрал-жабдықтарын дайындау.

Еңбек туралы білетіндерін сұрау.



ІІ. Жаңа сабақ.

Еңбек сабағы не үйретеді?

Еңбектену керек пе адамға?

М:Қымбатты, балалар! Қолдарыңдағы «Еңбекке баулу» оқулығы еңбек сабағындағы көкектің әрі ақылшы досың болатынын айту. Егер сен гүлге су құйсаң, тал ексең бақта жұмыс етсең, табиғатқа пайда келтіресің.




Еңбек құралдары


Оқулықпен жұмыс.Суретпен жұмыс.

Нелердің суреті бар?

Не үшін қажет?

Қайшымен, инемен қалай жұмыс жасаймыз?



ІІІ.Қорытындылау.

ІV.Бекіту.

Еңбек сабағында не үйренеміз?

Қалай жұмыс жасаймыз?

Күні:03.09.14ж

Класы:1ә

Пәні:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Мектеп.Оқу құралдары.

Сабақтың мақсаты: Білім күні.Айналамен таныстыру.Ынтымақ достыққа,үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуг, ойланып тиянақты жауап беруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: мектеп,сынып туралы суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу,түгендеу;

Оқушыларды партаға отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ.Мақсат қою тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз. «Білім күні»

-балалар, «білім күні» қай күн?

-мектепке не үшін барама?

-ҚР-ның президенті кім?

-Республиканың астанасы қай қала?

-ҚР-ның рәміздерін ата.

Сергіту сәті.

Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру: дыбыс,дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, сөз, сөздің буынға бөлінуі, сөйлем.

Суретпен жұмыс.

Мектеп, сыныптың бейнесімен таныстыру.



ІV.Сабақты бекіту.

Назарбаев кім?

Шартты белгілерді көрсете отырып, оларды атату.

V.Қорытындылау.

Міне,балалар біз сендермен бүгінгі сабағымызда «Білім күні» туралы мағұлмат алдық, шартты белгілермен таныстық. Әліппе кітабынан нені үйренетінімізді білдік.



Күні:04.09.14ж

Класы:1ә

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.

Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру. Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралдары

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрсету,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу,түгендеу.

Партаға дұрыс отыру.

Сабаққа назарын аудару.



ІІ.Жаңа сабақ.

Оқу құралдарымен таныстыру.

Дәптер,қалам,сызғыш,өшіргіш,пеналь,бояу,портфель т.б.

Оқу құралдарын қалай пайдаланамыз?

Кезекші не істейді?

Сергіту сәті.

М: Балалар, кім оқу құралдарын атап береді?

Дәптер не үшін керек?

Қандай дәптер түрлерімен таныстық?

Пеналь деген не?

Оқу құралдарын неге саламыз?

Бояумен не істейміз?

Қорытындылау.

Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен. Біз олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денені.

Құрдастарым сияқты,



Оқушымын мен енді.

ІІІ.Сабақты бекіту.

Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет