БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы,
«Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Физика пәні мұғалімі Батырова Толқын Нәсиқызы
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың мақсаты:
1. Демонстрациялық тәжірибелер арқылы өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу белгілерін оқушылардың өз бетінше жұмысына сүйеніп түсіндіру және электр энергиясының шаруашылықтың әр түрлі саласындағы маңызын түсінуін қамтамасыз ету.
2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинақтау, эксперименттік есептер шешу арқылы оқушы икемділігін, ойын одан әрі дамыту.
3. Алған білімдерін тиянақтап, тұжырымдауға, өз бетінше есептер шешу және шешуді дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі:
Демонстрациялық тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар.
Эксперименттік есептер шешуге қажетті құралдар.
Интерактивті тақта.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын жалпылама сұрақтар арқылы тексеріп, үйге берілген есептердің шығарылуын орындарынан тексеру. №3.170,3.171, 3.172, 3.173, 3.174.
Фронтальды сұрақтар:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымда.
Электр кедергісі деп нені түсінесің?
Металл өткізгіштің кедергісі оның өлшемдеріне қалай тәуелді?
Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?
Тепмператураның жоғарылауына қарай өткізгіш кедергісі қалай өзгереді?
Кедергінің температуралық коэффициенті деп нені айтады?
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Эксперименттік есептер шешу.
Сабақты бекіту.
Оқушыларды бағалау.
Сабақты қорытындылау.
Үйге берілген есептер: № 3.170, № 3.171, № 3.173, № 3.174, № 3.178. Есептер жинағы.
№3.171
Бер: S=1мм2 =10-6м2 Талдау: Шешуі:
R=84Ом
ρн=42∙10-8Ом∙м
Т/к: -?
№
Достарыңызбен бөлісу: |