Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет27/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Заттар мен олардың қасиеттері.

Мектеп:


Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Заттар қандай болады?

Осысабақта

қолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

3.3.1.1- заттарды шығу тегімен агрегаттық күйі бойынша жіктеу


Сабақ мақсаттары

Тәжірибе жасау барысында заттардың шығу тегі мен заттардың агрегаттық күйін анықтау, салыстыру, жіктеу.

Бағалау критерийлері

  • Заттарды шығу тегіне және агрегаттық күйіне қарай ажыратады




Тілдік мақсаттар


Оқушылар заттарды сипаттай және көрсете алады.

Пәндік сөздік және терминология:

Ғылыми дерек, мәлімет, ақпарат,жаңалық,ғылым,ғалымзаттың агрегаттық күйі, заттың шығу тегі, дене, зат,



Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды орындау барысында топтық, жұптық жұмыстарында бір-біріне деген сыйластық, құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім


Адам ағзасы

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
0-3 минут

3-7минут




Бастапқы іс-әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ.Психологиялық дайындық кезеңі «Бес саусақ»

Мақсаты:Оқушылардың көңіл-күйін реттеу

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, саусақтарын кезекпен қосып тұрып, төмендегі сөздерді айтады:

Мен бүгін саған сәттілік тілеймін!Рахмет!

ІІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, сабақтың тақырыбын анықтау.

(Т,Қ)«Ойлан.Бірік.Талқыла» стратегиясы

-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін суретке назар аударып, ойланыңдар.Суретте бейнеленген заттарды салыстырып, ортақ қасиеті мен айырмашылықтарын анықтаңдар.



Оқушыларға суреттер беріледі.Оқушылар жеке отырып, суреттер бейнеленген заттар жайлы ойланады.Топтарға бірігіп, өз ойларын ортаға салады.Топта ақылдаса отырып, бір шешімге келеді.Әр топ өз шешімін айтады.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/



Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Солардың негізінде оқушылар бағалау критерийлерін анықтайды.Мұғалім бағалау критерийлерін тақтаға жазып, сабақтың соңында аталған б.к. оралатындарын ескертеді.


Слайд топтамасы

суреттер


Сабақ ортасы

7-17 минут

17-25минут

25-30 минут

30-35 минут


(ОТ,Т)Зерттеу жұмысы

Мақсаты:Заттарды зерттеу арқылы олардың шығу тарихын анықтау, қорытынды жасау.

1-топ оқушыларына 4 сызғыш (ағаш, пластмасса, темір,әйнек)беріледі.

2-топ оқушыларына 4 стақан (фарфор, пластмасса, пластик, әйнек, ағаш) беріледі.

Топтарға -Бұл денелер қандай заттардан жасалынған? деген сұраққа жауап беру үшін осы денелердің қандай заттан жасалғанын топта талқылап, сызба жасау және зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасау тапсырмасы беріледі.



Оқушылардың жауаптарын кезекпен тыңдап, талқылау.

3- топ оқушыларына пластмасса және 4-топ оқушыларына темір беріледі.

Топтарға –Бұл заттан қандай денелер жасалуы мүмкін? деген сұраққа жауап беру үшін осы денеден қандай заттар жасалынуы мүмкін екенінтопта талқылап, постер жасау және зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасау тапсырмасы беріледі.



Оқушылардың жауаптарын кезекпен тыңдап, талқылау.

(Қ)Қорытынды:Бір дене әр түрлі заттан жасалуы мүмкін және бір заттан әр түрлі денелер жасалуы мүмкін.


(Т)«Топтастыру» стратегиясы

4-топқа суреттер таратып беріледі. Суреттердегі заттардың белгілері бойынша топтастыру ұсынылады.Оқушылар топта ақылдаса отырып, суреттердегі заттарды табиғи денелермен жасанды денелер деп бөлуі мүмкін.Айналадағы заттарға назарын аударту.

-Балалар, суреттегі заттарды бойынша екі топқа топтастыра қойыңдар.

-Қандай екі топ шықты?

-Балалар, айналамызда қандай денелер көбірек?

-Жасанды денелерді кім жасайды?

-Оларды жасау үшін қандай табиғи заттар қолданылған?

(Қ)Қорытынды:Денелер табиғи және жасанды болады.Жасанды дене адамның өз қолымен жасалған.

Проблемалық сұрақ:

-Барлық суреттерді қосып, тағы мұқият қарап шығыңдар.Бұл суреттерден қандай басқа екі топ құруға болады?



/Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/
(Қ)Қорытынды:Табиғаттағы денелер жанды және жансыз болып бөлінеді.
(Т,Қ,Д)Зерттеу жұмысы

Мақсаты:Заттарды агрегаттық күйі бойынша ажырату.

Оқушыларға тас, су және үрленген шар беріледі.

Оқушыларға –Бұл заттардың күйі қандай?- сұрағына жауап беру үшін заттарды зерттеп, ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.Оқушылар тас -қатты, су- суйық ал шардағы ауа - газ екенін тұжырымдау керек.

(Қ)Қорытынды:Табиғаттағы заттар үш күйде болады:қатты, сұйық, газ күйінде.

Дифференциация:Мотивациясы жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беріледі:Заттардың агрегаттық күйіне мысалдар келтіру, өз ойларын дәлелдеу.
(МК,Ө,Қ) «Өзіңді тексер» айдары

Мақсаты:Сабақта алған білімдерін анықтап тексеру.

Тапсырма:Тест сұрақтарына дұрыс жауабын анықтап, жауабының нөмірін жазу..

Жауап нөмірі

+/-

балл







1







1







1







1







1







1







1







1







1







1

Максималды балл




10 балл

Тапсырма орындалып болған соң оқушылар кестелерімен ауысып, бір-бірін тақтада шығарылған дайын нұсқа бойынша тексереді және дескрипторлар бойынша бағалайды.



Сызғыштар, стақандағы су, өшіргіш

Кесте


Сыныптағы барлық заттар, мүлік,т.б.

Сюжетсіз суреттер

Тастар, су, ауаға толтырылған шарлар

Бейнежазба, кестелер, дескрипторлар



Сабақтың соңы

35-40 минут



Бірлесіп талқылау

1/ Рефлексия:

-Бүгін сабақта не білдік?

-Қандай қорытындылар жасадық?

-Қандай бағалау критерийлерін құрдық?
3/ «Баспалдақ» арқылы оқушылардың тақырыпты қай деңгейде түсінгендерін анықтау, бағалау.



Тақтада сызылған баспалдақ пен бағалау критерийлері, бағалауға арналған стикерлер

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Жұпта және топтық жұмыстарда ресурстар бойынша дифференциация

Топтық, зерттеу жұмыстары барысындағы бақылау арқылы бағалаймын және өздік жұмысының нәтижесімен бағалаймын.

«Баспалдақ» арқылы өзін-өзі бағалау



Зертеу жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін иқайталау

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Пән: ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Заттар мен олардың қасиеттері.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 A

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Ауаның құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1 - ауаның құрамын сипаттау

3.1.2.1 -ақпарат көзінің түрлерін анықтау

3.1.2.2 - ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау

3.1.2.3 - экспериментті жоспарлау және жүргізу

3.1.2.4 - жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау


Сабақ мақсаттары

ауаның құрамын сипаттау;

• ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау;

• экспериментті жоспарлау және жүргізу.


Бағалау критерийлері

ауаның құрамын сипаттайды;

ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттайды;

экспериментті жоспарлап және жүргізеді;


Тілдік мақсаттар

Азот, ауа, ауаның құрамы

Құндылықтарды дарыту


Адамзат үшін ауаның маңыздылығын біледі.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

экспериментті жоспарлап, жүргізуді үйренеді

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, бейнелеу өнері

АКТ

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауаның қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Оқулық:

Ауа неден құралады? 72-73-бб.

Жұмыс дәптері:

49-жұмыс парағы. «Ауаның құрамы», 51-б.

50-жұмыс парағы. «От», 52-б.


Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақ ортасы

30 минут


ОМ таныстыру:

Ауаның құрамы туралы білетін боласың

(Ж) «Шешіп көр» тапсырмасы. Тапсырма талдай білу және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамытуға арналған. Оқушылардан жұмбақты шешеді

Көзге ілінбейді

Жұтсаң білінбейді

Суреттерге қара

Газдың қасиетін ата.

Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз, жұмбақты өзара талдап, жау­аптарын түсіндіріп берулері қажет. Содан кейін бар­лық сынып бойынша жауаптарды ортаға салады.

Сұрақтар қою:

- Біздің өміріміз үшін қандай заттар қажет? (Су, ауа, тамақ.)

- Жұмбақта жасырылған зат қандай күйде болады? (Газ күйінде.)

- Біздің өміріміз үшін қажетті қандай зат газ күйін­де болады? (Ауа).

- Бірінші шартты белгі қандай қасиетті меңзейді? (Заттың иісі жоқ екендігін).

- Екінші белгіде не бейнеленген? (Заттың түссіз болатыны).

- Үшінші белгі нені білдіреді? (Газдың дәмі жоқ екендігін.)

Бір оқушыға барлық жауапты қорытындылауды тапсыру.



Айырмашылығын тап.

Тапсырма заттардың се­беп-салдар байланысын таба білу білігін дамытуға арналған. Оқушыларға оқулықтағы суретті қарап шығып, не бейнеленгенін анықтаын сұрау.

(Ғалам­шарлар).

Олар қандай ғаламшарлар екенін білесіңдер ме? (Солардың бірі Жер ғаламшары – тіршілік бар жалғыз ғаламшар. Мұн­да су, өсімдіктер, жануарлар, адамдар тіршілік етеді.)

Марсты таба алмай жатса, «оның түсі қандай?» деп, сұрақ қою. (Қызыл).

Ғаламшарлардың белгілері туралы еске түсіріп, «ғаламшарлардың қайсысы қы­зыл түсті әрі атауы ежелгі соғыс құдайының құрметі­не қойылған?» – деп сұрау (Марс). Ғалам­шарларды салыстыруды тапсыру (Жерде тіршілік бар, ал Марста тіршілік жоқ).

Әрі қарай Негеш пен Эвриканың суретіне назар аударту. Оқушылар­дан «екеуінің қайсысын Марсқа жіберер едіңдер? Неліктен?» – (Негешті жіберер еді, се­бебі ол ауа қоры бар скафандр киген).

Ауаның құрамы. Оқушылар назарын картон­нан жасалған ауа құрамы диаграммасының үлгісіне аудартыңыз. Бұл диаграмманы торт секілді қара­стыруды ұсыну

- «Торттың қай бөлігі ең үлкен?» (Азот)

- «Ауадағы оттек қайдан пайда болады? (От­текті фотосинтез үдерісі кезінде өсімдіктер бөледі).

-«Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді?» (Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер көмірқышқыл газды бөліп шығарады)

-«Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады? (Зауыттан, көлік қозғалтқышынан шығатын газдар және т.б.) Қосымша ретінде оқулықта берілген инфографиканы да қолдануға болады) .

Мәтінді оқып танысу.



От пен ауа.

- Ересек­тердің қалай от тұтатқанын көргендері бар ма,

-«От жақсы жануы үшін не істейді? (Отты үр­лейді, үстінен қолмен желпиді).

- «Неліктен бұлай жа­сайды?»

Бұл сұраққа жауап беруі үшін жұппен бірігіп, оқулықтағы суреттерді қарап шығады. Одан әрі олар­ды: отты тұтандыратын және отты өшіретін екі топқа бөлу. Содан кейін бір-бірін бағалауды ұйымдасты­ру. Оқушылардың жұмыстарын бақылап, бақыла нәтижелерін формативті бағалауға қолдану.

Жауабы:


  1. От жанып тұрады: жел соққан жерде, Күн жақсы түскен жерде.

  2. От жанбайды: жаңбыр жауған кезде, Айда, шыны қақпақ астында ауа болмайтындықтан, жана алмайды. Ормандағы алаңқай ылғал болған­дықтан, от нашар жанады.

Ойлан. Оқушылардан: «Қай жерде тыныс алу жеңіл: ауылда ма әлде өнеркәсіп орындары да­мыған үлкен қалада ма; орманда ма әлде биік тау­лы жерлерде ме? Неліктен?» – деп сұрап көріңіз (Ауылда, орманда, өйткені ол жерлерде ауада от­тегі мол әрі зауыттар жоқ). Ауа құрамын қалай өз­гертуге болады? (Мысалы, көліктерді қолданбай, велосипедпен және басқа да тасымал құралдармен жүруге болады)

Жұмыс дәптері бойынша нұсқаулар

4 «Ауаның құрамы»

Ауа неден құралады? Оқушылар диаграммада берілген орынға сәйкес келетін газ атауын жазады; диаграммадан тірі ағзалар тыныс алғанда жұтатын газды анықтайды да, осы жерді көк түспен бояйды; адамдар мен жануарлар дем шығарғанда бөлінетін газды қызыл түспен бояйды

Жауабы

Оттек – көк түспен, көмірқышқыл газды – қызыл түспен бояйды.



Құрамының өзгеруі. Ауадағы газдың көлемін кө­бейтетін заттардың атауын сәйкес шеңбердің тұсына жазып шығады

Жауабы:

Оттек – орман, су буы – мұхит, көмірқышқыл газ – зауыт, түтін – қала.



картоннан жасалған ауа құрамы диаграммасының

үлгісі;


• ең кіші көлемдегі банканың жартысынан кішірек

биіктіктегі үш бірдей балауыз;

• үш тәрелке;

бір литрлік банка;

• үш литрлік банка.


Сабақ соңы

5 минут


Сабақтың рефлексиясы.

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, кім алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?



1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет