Барлық оқушылар істей алады: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: Функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді.
Кейбір оқушылар істей алады: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешеді.
- Екі айнымалысы бар функция ұғымына сипаттама береді;
- Сызықтық функцияның берілу тәсілдерін біледі;
- Сызықтық функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Өткен сабақты тексеру
Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Сызықтық теңдеуге жалпы сипаттама беріңдер.
2.Сызықтық теңдеу мен екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің айырмашылығы қандай?
Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.
Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.
у=ах², у=ах³ және у=k/x ( k≠0) түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
7.4.1.10 y=ax² (a≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;
7.4.1.11 y=ax³ (a≠0)функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;
7.4.1.12 у=k/x (k≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу.