Барлық оқушылар істей алады: y=ax² (a≠0) функциясының графигін сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: y=ax³ (a≠0)функциясының графигін салады.
Кейбір оқушылар істей алады: у=k/x (k≠0) функциясының графигін салып, қасиеттерін біледі.
Бағалау критерийлері
- y=ax² (a≠0) функциясының графигін салады;
- y=ax³ (a≠0)функциясының графигінің қасиеттерін біледі;
- у=k/x (k≠0) функциясының графигін салады және оның қасиеттерін меңгереді.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Өткен сабақты тексеру
Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигіне жалпы сипаттама беріңдер.
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін салудың қандай тәсілдері бар?
у=ах², у=ах³ және у=k/x ( k≠0) түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
7.4.1.10 y=ax² (a≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;
7.4.1.11 y=ax³ (a≠0)функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;
7.4.1.12 у=k/x (k≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу.