Сабақтың тақырыбы: Гиннес кітабына кірген қазақ. Нұртөре Жүсіп
Сабақтың мақсаты:
Білімділік . Оқушыларды Тұңғыш қазақ ғарышкері туралы мәліметпен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Оқушыларды ерлікке , батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Сен Гиннес рекордтар кітабы дегенді естідің бе?
Гиннес кітабы – алғаш рекорд жасаған адамдардың есімі кіретін кітап.
Рекорд – еңбекте, спортта қол жеткен ең жоғары табыс.
Оқушыларды Тұңғыш қазақ ғарышкері туралы мәліметпен таныстыру.
Т. Әубәкіров - ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы-ұшқыш. Ол 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «1 Май» колхозында темір ұстасының әулетінде туған. Тоқтар ата- анасынан жастай жетім қалып, апасының тәрбиесінде болған. 1991 жылы қазан айында ғарышқабірінші рет көтерілген қазақ азаматы.Осы ерлігі үшін оған Халық Қаһарманы атағы берілді.
Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сөздікпен жұмыс: токарь, прашют , аэроклуб –
марка –
«МИГ-29»истребителі –
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Гиннес кітабына кірген қазақ кім екен?
Ол қандай ерлік көрсетті?
Сынақшы - ұшқыш және ғарышкер – ұшқыш дегенді қалай түсінесің?
Тоқтар Әубәкіровтің ерліктері сенде қандай көңіл күй туғызды?
Тоқтар оқып жүргенде қандай жұмыстар істеді?
Бос уақытын қалай пайдаланды?
Тоқтар еңбегі қалай бағаланды?
Мәтінді дұрыс, түсініп оқы.
Мәтінді «Оқушы Тоқтар», «Ұшқыш Тоқтар» деген бөліктерге бөл.
Тоқтардың қандай ұшақта сынақ жүргізгенін дәптеріңе жазып ал.
« Дыбыстан да жылдам» дегеннің «көзді ашып- жұмғанша», « қас қаққанша» тіркестерінің мағынасына сәйкес келетініне мән бер.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |