Пәнге тән лексика және терминология Империялық мемлекеттер , Антанта ,Үштік одақ. Айтылым дағдысы: Барлық сыныппен ұжымдық талқылауда Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін талдайды. Тыңдалым дағдысы: Ірі капиталистік елдердің саяси шиеленісуін картамен жұмыс барысында сипаттайды. Оқылым дағдысы: мәтіннен Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін, мақсатын анықтайды. Жазылым дағдысы: кластер әдісі арқылы бірінші дүниежүзілік соғыстың себебін және салдарын анықтай отырып, қорытынды жасайды. Диалогқа арналған және жазу үшін пайдалы сөз орамдары: Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері қандай? Неліктен ірі капиталистік елдердің арасында қайшылықтар күшейді?