Ақтөбе облысы Темір ауданы
Темір қаласы
Сақтаған Бәйішев атындағы орта мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Алипова Молдир Жантаевна
Сабақтың тақырыбы: «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен музыка өнері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақ әдебиетінің ерекшелігі мен дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білім, ғылым, өнерге деген белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасату арқылы олардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы тұлғалардың өмірі арқылы ұлтжандылыққа,патриотизмге баулу, еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін белсенді тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, топтастыру, «Почта» ойыны, карточкамен жұмыс, «Түймедақ» стратегиясы, баламалы тест.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек-сызбалар, портреттер,«Түймедақ» стратегиясының сызбасы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа даярлау, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
(Үй тапсырмасының сұралуы төрт сатыдан тұрады. Олар төмендегідей.. №3 слайд)
а) «Почта» ойыны
ә\ Баламалы тест
б) Ой-толғау (карточкамен жұмыс)
в\ Самғау (сөзжұмбақ)
г\ Өткел
I. «Почта» ойыны
(Балалар жаңа айтқанымыздай ең бірінші «Почта» ойыны, олай болса біздің почта жәшігімізге почта тасушы төрт топқа тапсырмалар тастап кетіпті. Олар мына төмендегі сұрақтардан тұрады. №4,5,6…12 слайд.)
Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қоймай, тағы қандай салаларға әсер етті?
Қай жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар қандай училище ашылды?
Қай жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды?
Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы қандай қалаларда орысша сабақ өткізілетін мектептердің ашылуына байланысты болды?
ХІХғасырдың басында Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге қандай мазмұндағы кітаптарды, қай діннің қағидаларын үйретумен шектеледі?
1837 жылы қандай оқу орны ашылды?
1813 жылы қандай қалада әскери училище ашылды?
В.И.Даль қай жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенеунік қызметін атқарған?
Жауаптары:
1. Білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа бағыт алуына да барынша әсер етті
2. 1836 жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар Өскемен училищесі ұйымдастырылды
3. 1831 жылы
4. Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал және басқа қалаларда орысша сабақ беретін мектептердің ашылуына да байланысты болды
5. «Шариғат-ұл-иман» (Мұсылман дінінің ережелері), «Әптиек» (Құранның жетіден бір бөлігі) сияқты діни мазмұндағы кітаптарды, ислам дінінің қағидаларын үйретумен шектелді
6. Сібір кадет корпусы
7. Омбыда
8. 1833-1841 жылдары
ІІ. Баламалы тест
(Баламалы тестте сұрақтың жауабына қарай «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз. №12,13)
Достарыңызбен бөлісу: |