Сабақтың тақырыбы: «хіх ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен музыка өнері»


ІІІ. «Ой – толғау» (карточкамен жұмыс)



бет2/3
Дата18.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#11932
түріСабақ
1   2   3

ІІІ. «Ой – толғау» (карточкамен жұмыс)

№ 1. Киіз үй сан ғасырлардан бері қолданыстан түспей пайдаланылып келуінің қандай ерекшеліктері бар?

№ 2. Қазақстанды зерттеуде орыс мәдениетінің тамаша өкілдері ішінен В.И.Дальдің есімі не себепті ерекше орын алады?

№ 3. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин қазақтардың өміріне, тарихына не себепті қызыға қарады?

№ 4. ХІХ ғ І ж қазақ жерін зерттеген көрнекті ғалымдар және олардың үлестері мен еңбектері?

Жауаптары:



1 карточка: Киіз үй көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып құрастырылатын болған. Киіз үйдің іші жазда салқын салумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиһангездерін де таң қалдырды.

2 карточка: 19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірі мен тарихына, шығармашылығына көңіл бөлген орыс мәдениетінің тамаша өкілдері ішінен В.И.Дальдің есімі ерекше орын алды. Орынбор өлкесінде болған сегіз жыл ішінде В.И.Даль тікелей өз қызметімен қатар түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер мен басқа да шығармалар жазды. «Бөкей мен Мәулен» повесін жазып, онда Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттады.

3 карточка: Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин шығармашылығының бір тармағы – Орынбор өлкесімен, 1773-1775 ж Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысымен байланысты еді. 1833 жылы осы көтеріліс туралы мәлімет жинаған А.С.Пушкин Қазақстанның сол кездегі орталығы – Орынборда болды. Осы өлкеде бір аптадан артық, қаланың өзінде үш тәулікке жуық болған ұлы ақын азиялық тайпалардың, соның ішінде қазақтардың өмірін өз көзімен көрді. Оралда А.С.Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасымен танысқан.

4 карточка: 19 ғ 20-40 ж Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848-1849 ж Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне және капитан-лейтенант А.Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс еді. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен оған құятын сол Сыр өзенінің тереңдігін анықтады, картада белгіледі.

Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин, т.б. орыс ғылымының белді өкілдері қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданды, табиғи байлықтарын анықтады.



ІУ. Самғау (сөзжұмбақ)

(Төртінші сатымыз «Самғауда» сөзжұмбақ шешеміз. Сіздерге сұрақтар оқимын,соларға жауап беру арқылы қай топ бірінші болып жауап айтқанын анықтаймын. № 16 )



Сұрақтар:

  • 1848-1849 жылы Каспий теңізін зерттеумен шұғылданған кім? (Г.С.КАРЕЛИН)

  • 1831 жылы 18 қыркүйекте қай қалада әскери училище ашылды? (СЕМЕЙ)

  • 1839-1840 жылы орыс әскері қатарында Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірді? (ДАЛЬ)

  • 1841 жылы Жәңгір ханның мектебі ашылған Орда? (БӨКЕЙ)

  • Киіз үйдің негізгі қаңқасы? (КЕРЕГЕ)

  • «Бөкей мен Мәулен» повесін жазып, Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын зерттеген кім? (ДАЛЬ)

VI. Өткел (жаңа тақырыпқа өту кезеңі)

Жаңа сабақ:

Сабақ жоспары:

  • Қазақ әдебиеті

  • Махамбет Өтемісұлы

  • Шернияз Жарылғасұлы

  • Шөже Қаржаубайұлы

  • Сүйінбай Аронұлы

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым: еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаған ақындар, суырыпсалма жыршылар шығармашылығы қалыптасты. Кейбір ақындар шығармаларында әлеуметтік сарын басым болса, енді біреулері ауқатты әлеуметтік топтардың сойылын соғады. Шернияз Жарылғасұлы, Орынбай Кертағұлы, Шөже Қаржаубайұлы, т.б. ақындық дарыны халық арасында ерекше із қалдырды.

Махамбет поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен тұтқын орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. Ақын орыс офицерімен екінші рет жолыққанда оған өзінің Ресейге жау емес екенін және орыс халқымен достықты қалайтынын, туған ауылында, өз туыстары мен жақын достарының ортасында бейбіт өмір сүргісі келетінін білдіреді.

Бөкей ордасы билеушілеріне өшпенділігін ақын Баймағамбет сұлтанға арнаған өткір өлеңдерінде ашық білдіреді. Ол қазақ шаруаларына жер беруді, озбыр ақсүйектерді биліктен тайдыруды, қаналғандардың кегін алуды арман етеді:

...Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің,

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім.

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім...



Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867ж)қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. Кедей отбасында өскен шешендік өнерге, ауыз әдебиетіне жасынан құмар болған Шернияздың ақындық талабы ерте оянды. Ол 1836-1838 жылдары Кіші ордадағы көтеріліске қатысты.

Шернияздың әдебиет саласына қосқан бір жаңалығы – дәстүрлі, көне замандардан бері көшпенділер өмірінде белгілі орын алған суырыпсалмалық өнерін жетілдірді.



Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895ж) – бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында, кедей отбасында туып өскен. Жастай екі көзінен айырылған Шөже қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады.

Шөже билеушілердің, жеке би-сұлтандардың екі жүзділігі мен зұлымдығын, басқа да ретсіз қылықтарын әшкерелеп отырды. Шөже – ірі эпик ақын. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасы Шөженің айтуымен тараған.



Сүйінбай Аронұлы (1822-1895ж) – қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракәстек деген жерде дүниеге келген. Тапқыр, тілге жүйрік Сүйінбай он төрт, он бес жастан-ақ ақындық өнерге машықтана бастады. Халықтың сүйікті ақыны Сүйінбай өз өлеңдерінде өмір шындығын, қазақ еңбекшілерінің ой-арманын жырлап өткен.

Жаңа сабақты бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет