Дела формируются в организациях при централизованном ведении делопроизводства – службой делопроизводства организации; при децентрализованном – как структурными подразделениями (лицами, ответственными за делопроизводство), так и службой делопроизводства организации. Формирование дел осуществляется под непосредственным методическим руководством архива организации, а при необходимости Государственного архива в городе Красноуфимске. 1.1.3. При формировании дел необходимо соблюдать следующие основные требования: -документы постоянного и временного хранения необходимо группировать в отдельные дела; -включать в дело по одному экземпляру каждого документа; -группировать в дело документы одного календарного года; исключения составляют: переходящие дела, личные дела, документы Думы, других выборных органов и их постоянных комиссий, депутатских групп, которые группируются за период их созыва; документы учебных заведений, которые формируются за учебный год; истории болезней.
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы.
Мақсаты:
А) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру.
Ә)Талдау арқылы оқушының білім дағдыларын дамыту.
Б)Өнер құдіретін бағалауға, қазақтың күй өнері мен күйшілігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: ән сабағы
Әдістері: жинақтау, талдау, анықтау, салыстыру.
Көрнекіліктері: электронды слайдтар, үнтаспа, домбыра, кітаптар.
Барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға түрлі түсті топшамалар таңдатып,артындағы сұрақтарға жауап алу.Сол арқылы төрт топқа бөлу.
1. Сәкен Сейфуллин қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
2. Сәкен Сейфуллиннің анасы мен әкесі кім?
3. Сәкен қай жерден білім алған?
4.Сәкеннің шын есімі?
5. Сәкеннің поэмаларын ата.
6. Сәкен Сейфуллинің романын ата.
7. «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясы
8. «Ақсақ киік» өлеңінде ақын киіктің сұлу, әрі мүскін халін қалай бейнелейді?
9. «Ақсақ киік» өлеңі қанша буынды, қандай ұйқасқа құрылған?
10.Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...?
Ақ бөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?
-деген жолдардан метафораны табыңыз.
11.Қиырсыз, Бетпақдала...қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.
Меңіреу...тірі жан жоқ...жып-жылмағай...
Ел қайда?Ел –алыста-шулаған ел?
-деген жолдардан эпитеттерді табыңыз.
12. «Ақсақ киік» өлеңінен үзінді оқыңыз.
13. Сәке өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты жырлады. Оның шығармаларындағы
сұлулықтың символы нелер?
І .Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» стратегиясы.
-Балалар, Сәкенді біз сыршыл ақын деп танимыз. Оның сезімтел болып өсуіне туған жерінің тамаша табиғаты әсер етпей қоймаған екен.Оның елінде көптеген әнші-ақындар болған екен.Сәкеннің алғаш тыңдап, мол әсер алған жайлары ауыл- аймағындағы ақын, әнші-домбырашылардың өлең айту, күй тарту өнерлері ақынның поэзияға, ән-күйге құмарлығын ерте сергітті.
-Шын мәнінде барлығымыз да ән-жыр тыңдағанды жақсы көреміз, солай емес пе?Олай болса Қыдырнияз бізге күй орындап берсін.
-Күйден қандай әсер алдық?
-Қазір бізге күй туралы тереңірек ән сабағының мұғалімі Толқын Жәрдемқызы айтып береді.
ІІ .Мағынаны тану
-Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз да осы күй өнері туралы болмақ.
Жаңа тақырып І.Жансүгіров «Күй» поэмасы.
1.Ақынның өмір жолына шолу
1894 жылы бұрынғы Қапал уезі,Ақсу болысында(қазіргі Алматы облысы Ақсу ауылында) туған.Анасынан ерте қалған Ілияс әкесі Жансүгірдің тәрбиесінде өседі.Жансүгір хат танитын, шағатай тіліндегі кітаптарды жинайтын , аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, жақсы білетін, әңгімеші, домбырашы болған.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас кезінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.
Алғашқыда әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс кейін Қарағаш деген жердегі мектепте оқиды.1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп, оны 1928 ж бітіріп шығады. Елге келіп “Еңбекші қазақ” газетінде еңбегін жалғастырады. Қазақ өнеріің сері ақыны Ақан жайында “Құлагер” поэмасын, қазақ өнері, күйін аспандатқан “Күй”, “Куйші” поэмасын жазады. Туған даласы, Отан туралы сүйіспеншілігін “Дала” поэмасында ақтарады.
Ілияс лирикасының асқар шыңы атақты “Күй” поэмасы. “Күй” поэмасында ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып, атадан балаға мирас болып, уақыт сынынан сүрінбей келген, бір ғасырлық шежіренің куәсі болған, титтейінен Ілиястың құлағына сіңісті, жүрегінің төрінен орын алған, жазуға түрткі болған қасиетті қобызшылық дәстүр жайлы сыр толғап, күйшілік өнерді дәріптейді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу (баяу күй әуені ойналып, суретті слайдтар көрсетіледі)
3. Сөздік жұмысы
Достарыңызбен бөлісу: |