Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Жалпы мақсаты
Сабақ идеясын ашуда білім алудағы жаңа тәсілді қолдану арқылы сыни ойлауын дамыту; өз бетімен тапсырмаларды орындау барысында қабілетті оқушыны табу; ой түйіндеу барысында көшбасшылықты анықтау; Қышқылдардың химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру; Теориялық білімін практикада ұштастыра отырып, ойлау қабілеттерін, танымын, пәнге қызығушылығын арттыру; Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз беттерінше ізденуге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сілтеме
Интернет материалдары, Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚР жббмпбакб (www.cpm.kz)
Оқыту нәтижелері
Түрлендірілген тапсырмаларды орындау арқылы, бір –біріне көмектесе білу арқылы өз білімдерін тұрақты дамытуға қол жеткізу
Негізгі идеялар
Қышқылдардың аталуы, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер
қышқылдар ,металдар, индикаторлар, мыс оксиді, шыны таяқша, сынауықтар.
Ұйымдастыру.Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. Әр топ өз топ басшысын сайлайды. Әр топ басшысына бағалау парақшасы таратылады.
І. Қызығушылықты ояту «Ассосация»
«ҚЫШҚЫЛДАР»
«Ойлан тап»
Қышқыл аты
Қышқыл формуласы
Қышқыл қалдығының валенттігі
Қышқыл қалдығының атауы
тұз
NO3 I
H2SO4
карбонат
H3PO4
кремний
Қышқылдар тарихынан...
Сірке қышқылы 3000 жыл бұрын пайда болған. «Уксус» сөзі гректің «оксос» сөзінен шыққан, «қышқыл» деген мағынаны білдіреді.
Күкірт қышқылы Х ғасырда пайда болған. Ашқан парсы ғалымы –
Абу- бекери-Рези. Күкірт қышқылын купоростардан алғандықтан «купорос майы» деп атаған.
Азот қышқылы ХV ғасырда анықталған. Тұз қышқылын «тұз спирті» деп атаған. Бұл қышқылдарды күкірт қышқылы арқылы алған. Сондықтан күкірт қышқылын «қышқылдар анасы» деп атаған.
Көмір қышқылы ХVІІІ ғасырда Д.Пристли алған. Ол көмір қышқыл газын суда ерітті. Оны «сода суы» деп атады. Пристли осы қышқылды ашқаны үшін алтын медальмен марапатталды.