Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата30.01.2017
өлшемі47,8 Kb.
#8408
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Үй жануарлары туралы мәлімет беру, олардың төлдерінің атауларымен таныстыру. Жануарлардың пайдасын анықтау. Оқушылардың оқу техникасын күшейту.

Тәрбиелігі: үй жануарларына қамқорлық жасау туралы тәрбиелік әңгіме өткізу.

Дамытушылығы: Тіл дамыту. Сөздік қорын байыту. Еске сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлік презентация, слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу.

Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

б) кезекшімен сөйлесу

- Кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

- Ауа райы қандай?

- Ауаның температурасы қандай?

- Жыл мезгілі қандай?

- Қазір қай ай?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Сәрсенбі қандай күн?


Психологиялық дайындық

Балалар бір-біріне қараңдаршы! Қандай әдемісіңдер! Ал енді бір-бірімізге күлімдей, мейірімді көзбен қарайық. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді қазақ. Сондықтан бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.



Оқушылардың тілектері:

Мен денсаулық тілеймін. Оқуда табыс тілеймін. Жақсылық тілеймін. Көп білім тілеймін.

Мен де сендерге көп табысқа жетуді тілеймін.


Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан сендер өз білімдеріңді жақсылап көрсетуге тырысыңдар.
II. Фонетикалық жаттығу

кө-кө-кө - көктем

ыр-ыр-ыр – ырыс

жы-жы-жы – жылы

құ-құ-құ – құстар

бұ-бұ-бұ – бұлақ


Тіл дамыту:

Өз туралы айту (оқушылардың әңгімелері)


III. Үй жұмысын тексеру

Тақтаға қараңдар.

1. Қай жыл мезгілі бейнеленген? Біз «Көктем» тақырыпты аяқтадық, енді модуль бойынша алған білімдетіне қорытынды жасайық.

2. Жылда неше мезгіл бар?

3. Қазір қай жыл мезгілі?

4. Көктем айларын атаңдар

5. Қазір қай ай?

6. Көктемде қандай мерекелер болады?

7. Табиғатта қандай өзгерістер болады? Кім айтып береді? (Көктем туралы айтып бер)

Поэзия минуты

«Көктем келді» өлеңдерді оқушылар мәнерлеп оқып береді (чтение стихов)


IV. Жаңа тақырып

Бүгін біз жаңа модульмен таныса бастаймыз.

Сонымен, жануарларды қалай топтай аламыз? (үй жануарлары, жабайы жануарлар)

Олардың айырмашылығы қандай? Адам үй жануарларын күтеді, баптайды, тамақ дайындайды, қорада тұрады. Ал аңдарды ешкім бақпайды, тамақтарын өздері тауып жейді.


Тақтаға назар аударыңдар! Нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?

Қандай үй жануарларын білесіңдер? (оқушылардың жауабы)

Сонымен, қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақ не жайлы болады?

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Ұраны:

Сабағымыздың алтын ережесін ұмытпаңдар (хормен оқимыз).

Бүгін біз үй жануарлары жайлы әңгімелесеміз, төлдердің атауларымен танысамыз, төрт түлік мал туралы мәлімет аламыз. Жаңа сөздермен танысып, жазып отырамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазайық.

Сонымен үй жануарлары. «Дұрыс аудар» ойыны (сызықпен сызайық)
Қазақ халқының негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы болған. Төрт түлік мал – халық байлығы. Қазақ халқының өмірі, тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланысты. Жесе – азық, кисе – киім, мінсе – көлік.

Төрт түлік мал – 4 вида животных, почитаемых казахами.

Төрт түлік малға қандай жануарлар жатады?
Көктемде үй жануарлары төлдейді. Қай жануар баласын қалай атайды екен? Малдың баласын не деп айтады? (төл)

Сөздік жұмысы (читаю сама, дети повторяют хором)

Сонымен үй жануарларының төлдері (читать)



Оқулықпен жұмыс: 2-тапсырма, 168 бет (оқу, аудару)
«Сыңарын тап» ойыны (сызықпен сызу)
Сергіту сәті.

Балалар, біз кішкене шаршап қалған сияқтымыз. Демалайық «Қара жорға»

«Әрі оқу, әрі ойын»

«Жоғалған әріпті тап!» - жарыс (қай қатар тез және дұрыс аяқтайды).

Жақсы, рақмет!
Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Атаңдар.

Жылқы - өте қасиетті жануар. Оқулықта 3-тапсырма, 169 бет (мәнерлеп оқы).

(Электрондық оқулық) Сиырды қазақ халқы ырыс дейді екен. (мәтінді тыңдайық – внимательно слушаем).

Сиыр адамға не береді? Қандай пайдасы бар? Үй жануарларының пайдасы қандай?



Вывод: Үй жануарларының пайдасы өте көп, сол үшін бізге оларды дұрыс бағып, күту керек.
V. Бекіту

Сабағымызды қорытындылай келіп, сөзжұмбақты шешейік.

Сөзжұмбақ (жазбаша жұмыс 5-тапсырма, 170 бет).
VI. Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не білдіңдер?


VII. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта көрсеткен білімдерің үшін рақмет.


VIII. Бағалау

IX. Қандай мереке келе жатыр?

Ваняға сөз береміз (поздравление)


Құрметті мұғалімдер!

Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Алланың қолдауымен,

Ұлыс оң болсын да!

Бестік бағаларымыз көп болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз ашық болсын!

Талаптарымыз таудай болып,

Денсаулықтарымыз мықты болсын!


X. Үйге тапсырма беру

Үй жануарларының төлдерін білу (дәптер)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет