Сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов «Отан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ж.Смақовтың өмірі туралы және Отан туралы түсінік беру. Отан туралы түсініктерін кеңейту, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың туған елі, Отаны туралы сөйлеу дағдыларынқалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүйетін, патриот болуға тәриелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, миға шабуыл, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, мозайка, карта, музыка, Ж.Смақоввтың портреті, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
«Қазақстан» тақпағымен бастау. Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар. Балалар бүгін бізге сабаққа қонақтар келді. Сондықтан өздеріңді дұрыс ұстауға уәде бересіңдер ме? Жарайсыңдар! Бүгінгі сабақтың ережесін есімізге түсіріп отырамыз. Осы ережені сақтайсыңдар деген үміттемін. Бүгін біз топпен жұмыс жасайтын боламыз. Сондықтан әр топтың өзіне тән аты болады. Sky, Countrу, Nature, Pets.
Енді барлықтарымыз тақтаға назар аударайық! Не көріп тұрмыз? Дұрыс, бұл бізде сөзжұмбақ. Жауабын бірге тауып көрейікші. Білетін бала шуламай қолын көтеріп тұрады.
Ұлттар бірлігі, татулығы (достық)
Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі (елтаңба)
Ұлттың аты (қазақ)
Сені өмірге әкелген мейірімді жан (ана)
Керемет! Ендеше балалар бүгін біз сіздермен белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың Отан деген өлеңін өтеміз. Жазушы ағамыз өзінің Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізеді.
Негізгі бөлім
-Дәптерге бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз. Автор туралы түсінік беру. Портретін көрсету
Жақан Смақов 1932 жылы Қарағанды облысы Ынталы ауылында дүниеге келген. Ол - ақын. Ертеден қара кешке дейін түтінін үзгізбей айтқызсаң да, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштары таусылмайтын. Жақан Смақов мектепте оқып жүрген кезінде-ақ өлең жаза бастаға-ды. Ақын саналы өмірін, дарынын бірыңғай балалар поэзиясына арнады. Оның мынадай кітаптары бар «Сәбилерге сәлемдеме», «Қаз-қаз бас», «Бақ-бақ», «Жаңғырық». Осы кітаптардың танымдық мәні зор. (1975 жылы қайтыс болды) Жақан Смақов туралы балаларға кесте беру. 5 минут беремін.
Жазып болсақ, қаламсаптарымызды қоямыз және Отан деген тақпаққа назар аударамыз. Ең алдымен мен оқып шығамын сосын барып сендер.
-Тақпақ не туралы ? Отан
-Ақын осы өлеңді қандай көңіл күймен жазған деп ойлайсығдар?
-Ақын отанды неге теңейді? (мөлдір аспан, асқар тау, қауызын ашқан гүлге)
-Ал біздің Отанымыз ол не?
-Сонымен қатар балалар осы тақтаға назар аударыңдаршы, не көріп тұрсыңдар? Дұрыс, бұл ҚР картасы. Таныстыру.
- Біз қандай елде тұрамыз?
- Біздің президентіміз кім?
-Біздің астанамыз қай қала?
-Біз тәуелсіздікті қашан алдық?
-Маған мемлекеттік рәміздерді кім атап бере алады?
Сергіту сәті «If you happy and you know it»
-Шығармашылық тапсырма. Мозайка құрастыру. Мақал-мәтелдер. Дәптерге жазып алайық.
Енді балалар бізде қазір «Поэзия минуты» болады. Мен сендерге жеребьевка өткіземін, қай топқа қандай тапсырма түссе, сол топ тек сол тапсырманы орындайды. Уақыт кетті-5 -7 минут. Отан туралы сурет, 3 мақал-мәтел, эссе, сиквейн құрастыру. Тексеру, талдау.
Қорытынды бөлім
Жарайсыңдар! Балалар, Н.Ә.Назарбаев былай атап кеткен: «Сендердің білімдерің- ол сендердің еңбектерінің нәтижесі» Мен бүгінгі сабақта сендердің еңбектеріңнің нәтижесін көрдім. Сондықтан сендерге өте ризамын. Енді барлығымыз «Шаттық шеңберін құрайықшы» Әр бала бір сөзбен өз Отанына деген тілекті айтсың.
-Сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық ? Отан деген не? Авторы кім? Бәрекелді.
-Бағалау (Excellent, good, bad)
-Үй тапсырмасын беру.
Достарыңызбен бөлісу: |