Фиксациялау.Жағындыны заттық шыны бетіне фиксациялайды, сондықтан препаратты бояғанда микроб жасушалар шайылып кетпейді. Сонымен қатар өлген микроб жасушалар тірі жасушаларға қарағанда жақсырақ боялады.
Фиксацияның физикалық тәсілі.Препараты бар заттық шыныны қысқышпен немесе оң қолдың І және ІІ саусақтарымен бүйірінен ұстап, жағындыны жоғары қаратып, бірқалыпты қозғалыспен от жалынының жоғарғы жағынан 2-3 рет өткізеді.Бүкіл фиксациялау процесіне 2 с кетеді.