Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері



Дата15.09.2017
өлшемі127,42 Kb.
#32503
түріСабақ
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы

«№ 35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазыбаева Раушан Мейрамбекқызы.

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Сабвқтың мақсаты: а) білімділік:оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін практикалық жолмен меңгерту. Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу.

ә) тәрбиелік: халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу; Әр жыл мезгілінің өзіндік қадір-қасиеті барын, пайдасын, ерекшелігін сүйіп, қадірлеуге шақыру.

б) дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту; еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау, журнал-сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өткен тақырып бойынша білімдерін байқап, бағалау.

Көрнекілігі: суреттер, карта, үнтаспа,интербелі тақта, сандықша, «Жыл мезгілдеріне» арнап жасалған үлкен журнал.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.Сызба арқылы мезгіл, ай атауларын еске түсіру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру

«Аттағы алтау» ойыны арқылы тексеру,бағалату. 1 деңгей: сөз, сөз тіркестерін қайталау. Мысал келтір.

2 деңгей сөйлесу(диалог)

3 деңгей. Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысал келтіреді.

Жаңа сабақ.1- Бүгінгі сабағымызды журнал сабағы арқылы өткіземіз.Тапсырмаларды орындау арқылы өткен сабақтарымызды қайталаймыз.



  1. а) Шеген Ахметовтың «Бұл қай кезде болады өлеңін тыңдайық

(Қыста болады)

2. ә) журналдың бірінші бетін ашу. Тапсырмаларды орындау арқылы журналды ашамыз. Қыс көрінісін әңгімелеу.1 деңгей тапсырмалары.

–Қай мезгіл бейнеленген? Қыс көрінісі туралы сөйлесу.

б) сандықшадан қардың кеспелерін алып, тапсырмаларды орындап, журналдағы суреттің астына іліп отырады.

2 деңгей Қыс туралы тақпақ жұмбақтар айт

3 деігей Мезгіл –бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір, тақтаға жаз. Суретті әңгімеле

в) 3 деңгей оқушысы картадан ауа-райы туралы көрсете отырып айтады

-Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі күннің ауа – райымен таныс болыңыздар. Қазақстанның оңтүстігінде күн жылы. Шығыс Қазақстанда аздап қар жауады. Семей өңірінде сынап бағанасы -5,-7- ні көрсетеді, аздаған қар жауып, бұрқасындатады. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

3. Енді журналымыздың келесі бетін ашайық. « Бұл қай кезде болады?» өлеңін тыңдау

( Көктемде)

ә) 1-деңгей.- Сурет қандай?- Қандай бояулармен салынған? Көктем туралы сұрақтарға жауап береді.

б) 2-деңгей. Сандықтан торғайдың, бәйшешектің суреті салынған кеспелерді алып, тапсырмаларды орындайды.

1) Көктем туралы тақпақтар айт.

2) жұмбақтар айт.

3-деңгей 1) Қимыл сын- бағынықылы сабақтас құрмалас сөйлем құра.( Көктем туралы)

2) Көктем суретін әңгімеле (Көктемде мектептен қайтып келе жатқан оқушылардың

( Жазда болады).

А) Жаз көрінісін әңгімелету.

- Сурет қандай?

Қандай бояулар бар?

Сондықтан гүлдің, жасыл жапырақтың суреттерін алып, тапсырмаларды орындау арқылы журналымызды оқимыз.

1-деңгей Сөз тіркесін құра, мысал жаз.

2-деңгей Жаз туралы тақпақ айт.

Жаз айларын ата, сөйлем жаз.

3-деңгей Шартты – бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа мысал жаз. Жаз туралы болсын.

Жазда қыздар гүл теріп жүрген суретті әңгімелейді.

4 а) ( Күзде болады)

ә) Журналдың бетін ашып, күз көрінісін әңгімелету.

б) Сары жапырақтар, жемістер суретін алып, тапсырмаларды орындау.

1-деңгей 1) Күз айларын ата

2) жұмбақ шеш, жұмбақ айт.

2-деңгей 1) Сөздерге антоним жаз, сөйлем құра.

2) Күзге арналған мақалдар айт.

Күз айларын ата, сөйлем құра.

3-деңгей 1) Себеп-бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жаз. Күзге байланысты

2) К үзде оқушылар қолшатыр ұстап, мектепке бара жатқан суретін әңгімелету.

5. Журналымыздың соңғы бетіндегі қазақша жыл санауды кезекпен шығып, толтыру.

1. Тышқан 7. Жылқы

2. Сиыр 8. Қой

3. Барыс 9. Мешін

4. Қоян 10. Тауық

5. Ұлу 11. Ит

6. Жылан 12. Доңыз

ІV – Қазір қай жыл?

Кім қай мезгілді ұнатады?

Қайсысы жақсы екенін өздерің дайындаған, қай мезгіл несімен керемет екенін тыңдайық. ( 5 оқушы шығады)

Тимур: Ғасыр Бабаның жыл атты жалғыз ұлы болыпты. Жыл 4 перзент сүйіпті, 2 ұл, 2 қыз.

Көктем киімін киіп, әндетіп Гүлнұр келеді.

Мен көктеммін жұрттан асқан көрікті, сұлу қызбын. Нені болса да жүрегіме жақын алатын сезімталдығым, көркемдігім үшін мені бәрі сүйеді. Жаз болып киінген Инна шығады:

Мен жазбын, әпкеме қарағанда ашық жарқын жайдары мінезді, көңілді қызбын. Аузымды ашсам көмейім көретіндей адалдығыммен, таңғы шықтай мөлдір пәктігіммен көпке ұнаймын.

Евгений:күз болып киініп шығады:

Мен күзбін, өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болашағыма өкпелеп, әрең іркіп тұрған көз жасымды төгіп-төгіп жіберемін. әйтседе менің жомарттығым мен ақкөңілдігім үшін бәрі де ұнатады.

Қыс киімін киген Әлішер:шығады:

Мен қыспын.-шатақ мінезді, жағадан ала кетер сотқарлау, басынан сөз асырмайтын қиқармын. Содырлау болғаныммен әкем мені бірбеткей, шымырлығым үшін жақсы көреді.

Тимур : әр жыл мезгілінің өз ерекшеліетері бар. Жыл атты әкеміз бәрімізді де жақсы көреді екен. Бәрі де жақсы екен.

Рахмет! Отырыңдар.

Қорытынды.Өздерің айтқандай әр жыл мезгілінің өз ерекшеліктері бар екен. Бәрі де жақсы екен.

Үйге тапсырма : ”Жыл мезгілдері ” туралы шығарма жазып келу.

Баға қою.

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы

«№ 35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Қазыбаева Раушан Мейрамбекқызы.

Сабақтың тақырыбы: «Кел, ойнайық!Кел жаттығайық!»

1 «Г» сыныбы



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін әр түрлі әдістер арқылы тексеру, қорытындылау, сөздік қорын байыту.

ә) Тәрбиелік: Оқушыларды өткен материалдар бойынша, ізденімпаздыққа, қазақ тілін сүюге, ұжымшылдыққа, достыққа шақыру, достық көмек, біріге отырып ортақ мақсатқа жетуге тәрбиелеу. 

б) Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, көру,тез ойлау, тапқырлық қабілетін, дұрыс сөйлеу әрекетін ойын арқылы дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау ойын сабағы. 

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, ойын әдісі, ойландыру, диалог құрастыру.

Сабақтың көрнекілігі: өткен тақырыпқа қатысты суреттер, сөзжұмбақ, ойыншықтар. қоржын, интербелісті тақта. 

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен амандасу

ә) оқушыларды түгендеу

б) назарын сабаққа аудару



1. Психологиялық дайындық. 
2. Бір-бірімізге тілек айту. (хормен, жеке-жеке, жұппен)

Қуанамын мен де,


Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге.
II) Үй тапсырмасын тексеру

III) Негізгі кезең.

  1. Оқушыларға бүгінгі сабақтың өткен сабақтан ерекшелігі туралы түсіндіру. Балалар бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені қайталау сабағы болғандықтан қазір сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Сабақтың тақырыбы: «Кел, ойнайық! Кел, жаттығайық!». Бүгін үйренген сөздерді, сөз тіркестерді еске түсіріп, сол сөздермен сөйлем құраймыз, ойын ойнаймыз. 

2. Сабақты ситуациялық жағдайдан бастаймыз. 
- Бүгін бізге қонаққа кім келді? (Бауырсақтың суреті) 
- Ол бізге қайдан келді? 
- Бауырсақ кімнен кетіп қалды? (Атасынан, әжесінен кетіп қалды)  Балалар, ата мен әжеге көмектесеміз бе? ( Иә, көмектесеміз )

Біздің бауырсақ төмен түсіп қашып кетті. Біз бауырсақты қуып жетейік. Ал бауырсақты қуып жету үшін отбасы мүшелерін атау керек.  Ойын – «Кел, танысайық» 


Әр оқушы өзі туралы, өз отбасы туралы айтады. 
Ал, балалар, ата мен әжеге бауырсақты алып келейік. Ата мен әже бізге қоржыннан тәтті сыйлық береді. (Қоржын туралы түсінік беру) 
ІІІ Сурет бойынша жұмыс. (Ауа райы туралы сурет) 
Бауырсақ далада ауа райының қандай екенін білмей қашып кетті. 
Колобок убежал. А какая погода на улице он не знает, давайте ему расскажем. 
- Бүгін ауа райы қандай? 
- Далада жел бар ма? 
- Қазір не жауып тұр? 
- Бүгін күн қандай? 
(хормен, жеке-жеке, жұппен) 

Бауырсаққа жолда бірінші кім кездесті? (Қоян) 


 3. «Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойында тақтаға екі оқушыдан шығарып, орыс тілінде түрлі сөздер айтылады, аудармасы айтылады.

Ойыншықтарды атау Доп – мяч

Қуыршақ – кукла

Текше – кубики

Қояннан қашып кету үшін,тапсырмасын орындау керек. Төл дыбыстарды атап, сөздер айту. Қуыршақтың тапсырмасын орындау. Карточкамен жұмыс.Әріп қою.Тексеру. Ойыншықтарды 2 топқа жіктеу. Үлкен және кіші ойыншықтарды табу.Олар туралы тақпақтарын айту.

ІV Тақтада жұмыс 


Бауырсаққа жолда тағы кім кездесті? (Қасқыр) 
Балалар, енді бауырсаққа қасқырдан қашып кетуге көмектесеміз бе? (Иә, көмектесеміз) 
Онда, қасқырмен ойын ойнау керек.

Екі үйге дыбыстарды бөлу. Қайсысы қай үйде тұрады? Неге? Жуан және жіңішке екенін түсіндіру. Сөз ойлап айту. 4. «Кім тез?» ойыны.

Бұл ойында сабақтағы Ә, Қ. Ғ, әріптеріне сөздер айту. Мысалы: Әтеш, әке, ақ, қазан, қыркүйек, ағаш, аға.

Ойынның аты «Жемістерді теріп ал».

V Тіл дамыту. Тақтада аюдың суреті

2. Балалар, енді бауырсаққа аюдан қашып кетуге көмектесеміз бе? (Иә, көмектесеміз)  «Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойында бір оқушыдан шығып, кәрзеңкеден қарындашты алып түстерін ажыратады.

Ойынның аты «Көкөністерді теріп ал». Тапсырма: Көкөністерді атап, себетке теріп ал. Оқушылар топ болып жұмыс жасайды. «Кім білгір?» ойыны. Оқушылар оны атайды.

Мынау не? Бұл – кітап

Мынау не? Бұл – дәптер

Мынау не? Бұл – қарындаш

Мынау не? Бұл - қалам

Мынау не? Бұл – күнделік.Тақпақтар айту.



Ойын «Қайсысы артық»
Тақтада суреттер (қуыршақ, текше, секіртпе,қарындаш), (қалам, өшіргіш, күнделік, кәмпит). 
Балалар қандай сөз артық екенін түсіндіреді. Балаларға атасы мен әжесі қоржыннан сыйлық алып береді. 
Сергіту сәті:

VІ Аударма жұмысы. Тақтада түлкінің суреті. 


Түлкіден құтылуға көмектесейік, тапсырманы орындау керек. 
 Дене мүшелерін атау.

Бұл жай тапсырма емес, ол бұйрық.

 2.Сөздерді аудар: көз- ..., құлақ - ..., мұрын - ... , волосы - ..., голова - ..., рот - ..., правая рука - ... ...., левая рука - ... ... 
Ойынның аты «Бұйрықты орында». Бір оқушы оқиды, басқалары тапсырманы орындайды. 
1. Басыңды көрсет. 
2. Аузыңды аш. 
3. Аузыңды жап 
4. Көзіңді көрсет. 
5. Мұрныңды көрсет. 
6. Оң қолыңды көтер. 
7. Сол қолыңды көтер. 
8. Екі қолыңды түсір. 
9. Тұрыңдар! 
10. Отырыңдар! 

Ойын «Жоғалған әріпті тап»
Сөйтіп, Бауырсақ Түлкіден де құтылады. Әжесі мен Атасының үйіне барып, терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады Ал енді біздің Бауырсақ әжесіне, атасына қайтып келді. Сіздерге көп рахмет айтады. Балаларға қоржыннан тәтті сыйлық таратады. Қоштасады. 
Ертегіні әңгімелеп, құрастыру. IV. Сабақты қорытындылау.
- Балалар біз бүгін не істедік? 
- Біз бүгін ойнадық, оқу құралдары, көкөністер,жемістер,дене мүшелері, өзі туралы, өз отбасы туралы әңгімелестік. 
- Кімге көмектестік? 
- Атаға, әжеге көмектестік. 
- Кімді құтқардық? 
- Біз бүгін қояннан, қасқырдан, аюдан, түлкіден Бауырсақты құтқардық.

V. Үйге тапсырма

№1 жазу дәптермен жұмыс



VI. Бағалау.

Оқушыларды қатысымына қарай жұлдызшалармен бағалау.



VII.Қоштасу.

Сау болыңыздар балалар!


Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы

«№ 35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Қазыбаева Раушан Мейрамбекқызы.

Сабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты:а) білімділік : оқушыларға қыстың келбетін суреттей білуге үйрету, қыс мезгілі туралы тереңірек білім беру, модуль бойынша алған білімдерін толықтыру, суретпен жумыс арқылы өз ойын әсем көркем жеткізе білуге үйрету. ә) дамытушылық : өз пікірін еркін ашық қорғай алу дағдыларын қалыптастыру б) тәрбиелік : қыс мезгілін құрметтеуге, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Сабақтың түрі: пысықтау , қайталау сабағы . Сабақтың типі: қайталау сабақ . Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы . Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парағы, кеспе қағаздар.

Жүру барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сабағымызды бастамас бұрын келген қонақтармен, қоршаған ортамен амандасайық.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыңа, жылу қос,

Міне, менің қолым!

Біз бір-бәріміздің қолымызды ұстағанда


  • Нені сезіндік?

  • Достықты, жылулықты.

Олай болса бір-бірімізге жылы қарап жүрек жылуын сыйлайық, осы алған күш – қуатымызбен сабағымызды бастайық.

ә) Сабақтың мақсатын айту. Қыс туралы алған білімімізді толықтырып, өткен сөз таптарын еске түсіріп, қайталаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Аттағы алтау» ойыны

(сұрақ – жауап арқылы алты оқушыны тексеру) бір-бірінің жауабын көрмеуі керек.



  1. Қыс айларын жаз.

  2. Қысқы ауа-райын жаз.

  3. Қандай қысқы ойындарды білесің?

  4. Қыс мезгілін ұнатасың ба?

б) «Өнер алды-қызыл тіл»

Қыс туралы өлең оқу, мақал-мәтелдер мен қысқы табиғатқа байланысты халық болжамдарын сұрау.

Жұмбақ жасыру

III. Жаңа сабақты түсіндіру.



  1. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу.

Қысқы табиғат құбылыстарына шолу.

Қыста қандай өзгерістер болады?

Интерактивті тақтадан қар жауып тұрған даланы тамашалап (боранның соққанын тыңдау)

а) Қыс туралы топтастыруды тақтада жазу

Қаңтар қысқы ойындар

Ауа-райы мерекелер

Желтоқсан Қыс табиғат

Ақпан мұз қатады

Қар жауады жылы киім

ә) «Кім тапқыр?» ойыны

Үш қатар үш сөзге(сын есімдермен) топтастыру жазады.



Қар Аяз Қырау

Ұлпа қақаған ақ

Мамық үскірік күмістей

Қиыршық шымшыма шашақты

Омбы сықырлаған оюлы

Үйме шыңылтыр сұлу

Осы сөздермен сөйлемдер құрастырады.


  1. «Ой толғаныс»

Мәтінмен жұмыс(мәтін тарату)

(«Қар кесегі» ойыны)

Сәйкестендіру тест(сөздікті тексеру)

Қыстыгүні описывать

Сырғанау зимой

Аяз кататься

Бейнелеу мороз

Тоңу часто

Жиі-жиі мерзнуть

Сөздікпен жұмыс(жаңа сөздер)

3) Мәтінді тыңдау. Мәтінмен танысу, оқу.

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды, өздері жауап береді.

4) Грамматикалық тапсырма: мәтіннен зат есімдерін табу.

(интерактивті тақтада тексеру)

Жекеше және көпше түрде жазу

Кім? Не?

Бала адам аққала шаңғы

Кімдер? Нелер?

Балалар адамдар мейрамдар жылы киімдер т.б.

5) Суретпен жұмыс

Сызбалар арқылы сөйлемдер құрау(интерактивті тақтада)

(Қыста қар жауады.Адамдар басына құлақшын, үстіне тон, қолына қолғап, аяғына пима киеді.Балалар коньки, шана,шаңғы теуіп сырғанап жүр)

Жаттығу жұмысы

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою(интерактивті тақтада) Қыс айлары: ......, ......, ...... .Жерді қалың ..... жапты. Қыста жиі .... жауып , ...... соғады. Ағаш бұтақтары ... ...... жамылған. Шанасын сүйретіп ..... далаға шықты.

Осы сөйлемдерді пайдалана отырып, қыс туралы әңгімелеу.



IV. Сергіту сәті

а) «Ойлап тап» ойыны

(Желтоқсан) сөзіне сөздер тауып жазу

ә) «Бинго» тестік ойыны.

Тест сұрақтарына жауап беріп, сөз таптарын табу.

Әр сұрақтың астында белгілі ұтыс заттары болады. Дұрыс жауап берген оқушы ұтысын алады.

(қалам, қарындаш, өшіршіг, сызғыш, «5»деген баға,дәптер)

Зат есімді тап. Сын есімді тап.

1 сырғанайды 1 қыстыгүні

2 соғады 2 мұз айдыны

3 шаңғы 3 жауады

4 ұлпа 4 аппақ

Сан есімді тап. Етістікті тап.

1 он сегіз 1 борап

2 мезгілі 2 қырау

3 қырау 3 суық

4 желтоқсан 4 киінеді

Есімдікті тап. Жалқы есімді тап.

1 балалар 1 ауа-райы

2 біздің 2 тебеді

3 мұз айдыны 3 Семейде

4 коньки 4 ақпан

V. Бекіту: 1) Шығармашылық жұмыс.

Салған суреттерін қорғау.

2) Ауа-райы туралы сөйлету

Ертеңгі ауа-райы туралы картадан көрсетіп мәлімет беру.

VI. Қорытынды:

Қол ұстасын тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенге күн жақсы

Сау-саламат болайық!



VII.Бағалау. VIII.Үй тапсырмасы: Қыс туралы шағын шығарма жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет