Сабақтың тақырыбы: Кеңес Одағының Батыры
Мәншүк Маметова
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі,Мәншүк Мәметованың ерлік істерімен таныстыру.Өлеңнің мазмұнын ашу.
2.Оқушылардың қазақтың батыр қыздарының ерлігіне қызығушылығын тудыру,өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.
3.Оқушыларды,елді жаудан қорғаған,елі үшін ерлік көрсеткен азаматтардв құрмттеуге,туған жерін сүюге,Отан үшін отқа түсетін елжанды,ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі:көрнекілік,сұрақ-жауап,ой қозғау,Венн диаграммасы.
Көрнекілігі:Мәншүк Мәметованың,Әлия Молдағұлованың суреттері,интерактивті тақта.т.б.
Сабақтың барыс:
Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?
-«Құлын мінген бала» мәтінін түсініп оқып келу.
-Құлын мінген бала кім екен?
-Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы.
Оқушылар мәтіннен түсінгендерін айтады.
Батыр сөзінің мағынасын ашу.
Зор денелі Елін сүйеді Жерін сүйеді
БАТЫР
Қаруы бар Тұлпары бар Жаудан қорғайды
-Қазақтың қандай батырларын білеміз?
-Қабанбай ,Бөгенбай,Наурызбай,Бауыржан.т.б.
3.Жаңа сабақ.
-Балалар,бүгін біз Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы көбірек білетін боламыз.
-Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталғанын өткен сабақтардан білеміз.Енді осы соғыстың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмірі туралы айтқым келеді.
Мәншүк 1922 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келген.Ерте ата -анасынан айырылып ,Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленген.
Шын аты Мәнсия.Анасы еркелетіп Моншақ деп атаған екен.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк медецина иститутында оқып жүрген.1942 жылы небәрі 19 жасында өзі сұранып майданға аттанады.Ұрыста ол пулеметші болды.
А. «Гүл» өлеңінің авторы туралы түсінік беру.
Б.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
В.Сөздік жұмысы
Г.Өлеңді оқушыларға оқыту.
Атыс толасында-атыс тоқтаған кезде.
Таптатпауға –аяққа бастырмауға.
178-жаттығумен жұмыс.
4.Поэзия минуты.Оқушылар Мәншүк туралы тақпақтар оқиды.
5.Сергіту сәті
6.Сөз ойлап тап.Батыр аттары.
1.М,К,Ә,І,Л
2.Т,Л,Ғ,А,А,Т
3.Л,И,Ә,Я
4.Б,Г,Е,Н,Ө,А,ЙБ 5.Ә,М,Н,Ү,Ш,К
7.Батырлық,ерлік туралы мақал-мәтелдер.
8.Мәншүктің майданда анасына жазған хатын оқу.
«Қымбатты әпкетай ,сізді түсімде көрдім.Жалпы кәзіргі өміріміз көңілді.Фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз.
Жеңіспен оралған соң айтатын нәрселер көп-ақ.Қолыңызды қатты құшып сүйемін.
Қызыңыз Мәншүк.»
Бірақ,Мәншүк оралған жоқ.Мәншүк Мәметова 1943жылы16 қарашада орыстың көне қаласы Невель түбінде ерлікпен қаза тапты.
1944 жылы 1наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
«Ер есімі ,ел есінде» диафильмін көрсету
9.Сабақты қорытындылау.
-Сонымен ,балалар Мәншүк тірі болса қазір қандай болар еді,кім болар еді ,қалай ойлайсыңдар?
-Сендер өскенде кім боласыңдар,еліңізге,Отаныңызға қандай қызмет етер едіңдер?
Оқушылардың ойы тыңдалады.
. Отанына адал қызмет еткен, Отаны үшін, елі үшін өмірін қиған батырларымызды ешкім,ешқашан ұмытпайды.
Оның ісін ары қарай жалғастыру мына отырған сендерге жүктеледі.Ол-Отанды сүю, көркейту, қорғау
10.Үйге:өлеңді жаттап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |