Оқушылар шеңберге тұрып,айтады
Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды
Қолпаштау
Слайд
Сабақтың ортасы (6-32 минут)
Оқушылардың назарын оқулықтағы материалға аударады. Оқулықта осы бөлімде өткен тақырыптарға байланысты 8 сурет берілген. Мұғалім оқушылармен әр сурет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушыларға әр сурет бойынша берілген диалогтің толық нұсқасын аудиодиск арқылы тыңдатады, сұрақ жауапты әр сурет бойынша хормен, жеке-жеке қайталатады. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтқызады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады.
Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімдері арта түседі.
Суреттермен жұмысты «Қызықты суреттер» әдісібойынша топтық жұмыс ретінде түрлендіре алады. Ол үшін сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
Мұғалім оқушылардың сұрақжауаптарын тыңдап, қажет болса көмектеседі.
Аудиодиск бойынша сөйлесу үлгілерін тыңдайды.
Содан кейін оқулық бойынша өздері толықтырып айтуға тырысады.
1. Мынау қай қол?
(Мұғалім оқушының оң немесе сол қолын нұсқап көрсетеді.)
2. Оң қолыңда неше саусақ бар?
Сен не істейсің?
Сен қолыңды жудың ба?
Сен тісіңді тазаладың ба?
Сен қайда барасың?
Сен спортзалда не істейсің?
қайда баратынын (дүкенге, асханаға, спортзалға, мектепке) айта алу; - «жуамын, тазалаймын» сөздерін орынды қолдана алу;
спортзалда не істейтінін айта алу (жаттығу жасаймын, жүгіремін, доп ойнаймын);
жуу, тазалау етістіктерін өткен шақта қолдана алу (жудым, тазаладым) дағдыларының қалыптасады.
Келесі жұмыс түрі – жұптық жұмыс. Жұптық жұмысты мұғалім «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.