VІ. Түсінік тексеру:
Ертегілерде нелер баяндалады?
Ертегілер бізге қалай жеткен?
Ертегілердің қанша түрі бар?
Хайуанаттар туралы ертегілер деген не?
Қиял – ғажайып ертегілер деген не?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Топпен жұмыс.
І топ. Хайуанаттар туралы ертегілерден үзінді айту.
ІІ топ. Қиял – ғажайып ертегілерден үзінді айту
ІІІ топ. Шыншыл ертегілерден үзінді айту.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1.Ертегілер туралы түсінік.
2. Қалаған ертегі оқып келу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі оның тақырыбы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ер Төстік ертегісінің тақырыбын аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ертегілер туралы түсінік.
2. Қалаған ертегі оқып келу
ІІІ. Білім тексеру:
Ертегілерде нелер баяндалады?
Ертегілер бізге қалай жеткен?
Ертегілердің қанша түрі бар?
Хайуанаттар туралы ертегілер деген не?
Қиял – ғажайып ертегілер деген не?
Ер Төстік ертегісі қандай ертегіге жатады?
ІV. Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жоспар құру. Осы жоспар бойынша бөлімдерге бөлу.
1. Ер Төстіктің дүниеге келуі
2. Өрмек тоқып отырған кемпір
3.Ер Төстіктің ағаларын іздеуі
4.Ерназардың ұлдарының елге келуі
5. Ерназардың келін алуы
6. Бекторының тұсау құруы
7. Ерназардың жалмауыз кемпірдің құрсауына түсуі
8.Ер Төстіктің достары
9.Жер асты оқиғасы
10.Кенжекейдің ақылы
11.ЕрТөстіктің әкесін құтқаруы
* Ерназардың тоғыз ұлына келін іздеген жерін тауып оқу.
* Кенжекейдің Ер Төстік туралы жаман ойлап, зарлана бастаған жерін тауып оқу.
VІ. Түсінік тексеру:
Топтастыру стратегиясы:
жанашыр
адал
қайырымды мейірімді
Ер Төстік
айлалы кішіпейіл
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
1. Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама жасаңдар
2. Ертегіден халық тұмысына, сенім – нанымына байланысты әдет – ғұрып, салт – сана көріністерін тауып, әңгімелеңдер.
3. Ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.
4.Ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1.Ер Төстік ертегісі туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі, мазмұны
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісі туралы түсінік беру, мазмұны мен құрылымын талдату.
2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 «Ер Төстік» ертегісі туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
ІІІ. Білім тексеру:
1. «Ер Төстік» ертегісі бойынша қиял-ғажайып ауызша журнал толтыру.
2. «Ер Төстік» ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақтың шарты: Сабақ негізінен үш ойыншымен жүргізіледі. Қалған оқушылар сарапшылар болып табылады.
І бөлім: «Табалдырық» Ойыншылар өздері конверт таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.
Бірінші ойыншыға:
Уәзірлер не үшін Жаманды адамның жаманы деп шешті?
Хан уәзірлерімен келісіп, Жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды?
Екінші ойыншыға:
Уәзірлер не үшін құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?
Хан Жаманды қайда көшіріп жібереді?
Үшінші ойыншыға:
Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?
ІІ бөлім: Қозыкөш.
Бірінші ойыншыға:
Барсакелместегі «Інжілі қой» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білді?
Екінші ойыншыға:
Барсакелместегі «Інжілі үйрек» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
Жаман гаухар тастың ішінде құрт бар екенін қалай білді?
Үшінші ойыншыға:
Барсакелместегі «дәудің інжілі- қара арғымағы » ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
Жаман ханның наубайдың баласы екенін қалай білді?
ІІІ бөлім: Беласар.
«Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі?
Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда кеоген адам қалай бейнеленген?
Екінші ойыншыға:
Ханның әкесінің аты кім еді?
Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?
Үшінші ойыншыға:
Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені? (Мен үшін күнәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал,- дегені еді).
Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе?)
ІV бөлім: Мәре
Бірінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы
Хан шаңыраққа қарап, ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай жұмбақ жасырады? (жау шапты, ел бүлінді, апат соқты)
Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді? (Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын)
Екінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы
Жаманды шақыруға хан бір адамды жібереді. Жіберген жігіті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Ал, Жаманның әйелі не істеп отыр еді? (әйел төрдегі айнаға қарап, өз көркіне таңғалып отыр екн).
Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына нелерді шегелеп қойды? (жыртық тоны мен жаман тымағын)
Үшінші конверттегі ІҮ бөлімнің сұрағы
Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін басатын? («Ай,Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл)
« Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
VІ. Түсінік тексеру:
Топтастыру стратегиясы:
жанашыр
адал
қайырымды мейірімді
Жаман
айлалы кішіпейіл
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1 «Аяз би» ертегісі туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру. өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімін жетілдіре түсу.
2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, имандылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, пәнге деген қызығушылық
тарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сыни тұрғыдан ойлау, қарама-қайшылықты табу.
Сабақтың көрнекілігі: Ертегілер жинағы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 «Аяз би» ертегісі туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
ІІІ. Білім тексеру:
1. Ертегіден өзіңе ұнаған жерін не үшін ұнағаны туралы ауызша баянда.
2. Кендебай және оның достарының суретін салыңдар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Қайталау - оқу айнасы.
2. Кітап – досың, ақылшың.
3. Өнерлі өрге жүзер
4.Кейіпкер келбеті.
5. Білімдіден ақыл шығар.
1. Қайталау – оқу айнасы.
* Ертегі дегеніміз не?
* Ертегінің құрылысы қандай?
* «Керқұла атты Кендебай ертегісі қандай ертегіге жатады?
2. Кітап – досың, ақылшың.
а) Түсінгенін жоспар бойынша қысқаша айту.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
2. Мергенбай батырдың баласымен кездесуі.
3. Кендебайдың малшы болуы.
4. Алтын құйрықты құлын.
5. Ханның шарты.
ә) Мәтінмен жұмыс
- Қазанқап кедейдің іс – әрекеті, кәсібі туралы айтылған жерді тауып оқу.
- Сиыр айдап өткізер жерін табу.
3. Өнерлі өрге жүзер.
Кендебай мен жетім бала кездескен сәтінен көрініс көрсету.
Мақал – мәтелмен түйіндеу.
1. Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.
2. Мейірімділік – жүректен,
Мейірімсіздік – білектен.
4.Кейіпкер келбеті (теориялық жұмыс).
а) Сыртқы түрін, қимыл – әрекетін, мінез – құлқын, басқалармен қарым – қатынасын ойша біліп, көз алдымызға елестетеміз. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер деп атаймыз.
ә) Ертегідегі қарама – қарсы кейіпкерлерді тауып, қарама-қайшылықты табу кестесін толтырайық.
Кендебай
|
бай балалары
|
еңбекқор
|
еріншек
|
мейірбан
|
жалқау
|
батыр
|
өтірікші
|
жігерлі
|
шыдамсыз
|
VІ. Түсінік тексеру:
Топтастыру стратегиясы:
адал
жанашыр
қайырымды мейірімді
Кендебай
айлалы кішіпейіл
5.Білімдіден ақыл шығар (әр қатарға деңгейлік тапсырма)
1-қатар: Кендебайға ұқсағың келе ме, саған қай қасиеті көбірек ұнады?
Қазіргі жастар бойынан осындай қасиеттер кездесе ме?
2-қатар: Сен осы ертегіге қандай өзгеріс енгізер дедің?
3-қатар: Суреттер сөйлейді. Тест сұрақтарын беру.
Өзіміз оқыған осы ертегіні салыстырып, ұқсастығын табыңдар.
Мысалы, «Ер Төстік», т.б. Жылқы малымен дос болу, сөйлеуі
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1 Ертегіні ары қарай өз қиялымен жалғастырып жазу.
2. «Бүгінгі күннің Кендебайлары» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: «Сырттандар» ертегісі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға ертегінің мазмұнын ұғындыру, кейіпкерлерге мінездеме беруді үйрету.
2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, оқу-өнерді насихаттау.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, өзіндік пайымдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ертегілер жинағы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 «Керқұла атты Кендебай» ертегісін мазмұндау.
2. «Бүгінгі күннің Кендебайлары» тақырыбына шағын шығармаларын оқу.
3.Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
ІІІ. Білім тексеру:
Ертегілердегі таң қалдырған оқиғалар?
Ертегілер бізге қалай жеткен?
Ертегілердің қанша түрі бар?
Хайуанаттар туралы ертегілер деген не?
Қиял – ғажайып ертегілер деген не?
«Ер Төстік» ертегісі қандай ертегіге жатады?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Сырттан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Жоспар құру:
Бай баласының түс көруі.
Әке – шешесінің қобалжуы
Сәуегейдің түс жоруы
Баланың қашуы
Кербестінің шабысы
Қара қасқыр
Ми даладағы жалғыз үй
Бай баласының басынан өткенін баяндауы
Қара ауыз
Жігіттің өкініші
Ит атаулының қасқырға қожа болуы.
Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр қатарға тапсырмалар беріледі.
VІ. Түсінік тексеру:
Бай баласы қандай түс көрді?
Әке – шешесі не істеді?
Түсті кім және қалай жорыды?
Бала қасқырдан қалай қашып құтылды?
Баланың қасқырдан қашып құтылуына кім көмектесті?
Қара ауыз ит қара қасқырды қалай жеңді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
Кербестіге, қара қасқырға, қара ауыз итке мінездеме беру
Қара ауыз иттің өлуі нені байқатады?
Ертегіні басқа ертегілермен салыстыр, ерекшелігін айт.
Өз ойларыңнан ертегі жазып көріңдер
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. «Сырттандар» ертегісі туралы түсінік.
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды ертегі мазмұнымен таныстыру, кейіпкерлерге мінездеме беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тіл, тарих, география
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Сырттандар» ертегісі туралы түсінік.
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
ІІІ. Білім тексеру:
«Сырттандар» ертегісі бойынша
Бай баласы қандай түс көрді?
Әке – шешесі не істеді?
Түсті кім және қалай жорыды?
Бала қасқырдан қалай қашып құтылды?
Баланың қасқырдан қашып құтылуына кім көмектесті?
Қара ауыз ит қара қасқырды қалай жеңді?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жоспар:
Ханның халқына шығарған жарлығы.
Тазша баланың хан алдына келуі.
Ханның Тазша баланы мысқылдауы.
Тазша баланың өтірік әңгімесі.
Тазша баланың өтірік әңгімесінің аяқталуы.
Ханның Тазша балаға таң қалуы.
Тазша баланың өтірік өлеңі.
Ханның жеңілуі.
Жоспар бойынша мәтін бөлімдерге бөлініп, әр қатарға топтастырылған тапсырмалар беріледі.
VІ. Түсінік тексеру:
Өтірік әңгімені толық оқып шығып, мазмұнын естеріңе сақтаңдар.
Өтірік әңгіменің оқиғасының қызық та күлкілі болып шығуына, мән мағынасына зер салыңдар.
Өтірік әңгіменің оқиға тұтастығын аңғар.
«Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баяндап, мәтінен тауйп оқыңдар.
Тазша баланың қырық өтірік әңгімесін өз алдына оқып, бөлімдерге бөліп қараңдар:
а) жоғалған құлын хикаясы;
ә)қоянның оқиғасы;
б)етіктің шатағы.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
Әр бөлімнің мазмұны мен оның ішіндегі әңгімені бөлек айтыңдар, оның неге өтірік екенін дәлелдеңдер.
Өтірік өлеңнің әр шумағын жеке – жеке оқып, оның мәнін, мағынасын түсіндіріңдер.
Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады?
Ертегінің басталуы мен аяқталуында өздерің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастық бар ма?
«Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады?
Ертегіге берілген суреттерге қарап әңгімелеңдер.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. «Өтірік өлең» туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды аңыз – әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Әдебиет теориясынан түсінік беру.
Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс- әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз – әңгімеде шындық оқиға мен қиял- ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл – парасатымен ел құрметіне бөленген бедел
ді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс– әре
кеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосып , сол істепті – міс, сол айтыпты – мыс деген әртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден – біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған, ел басқарған дамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері біреуден – біреуге ауызша айтылып аңыз болып кеткен.Мысалы:
Асан Қайғының Жернұйықты іздегені
Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмытрқалайтын қоныс іздейді.
Асан қайғы Маңғыстауға үш барып үш қайтыпты. Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |