Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты



бет8/11
Дата20.11.2016
өлшемі2,2 Mb.
#2194
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

VІ. Түсінік тексеру:
Оқулықпен жұмыс: үзіндімен танысып, жай жоспар жасау.

  1. Абайдың бейнесі

  2. Екі досы

  3. Абайдың қызығы

  4. Екі қонақ

Осы жоспар арқылы үш деңгейлі тапсырма беріледі.

Тапсырмалар

І


  1. Әдебиет сөздігінен портретке анықтама беру. Жас Абайдың кескін – келбетін жазушы қалай суреттеген? Мұқият қараңдар, оның портретінде қандай өзгеріс болған, ол ненің әсері?

  2. Әңгімеден Абайдың кескін – келбетін тауып, өз бетіңше оқып, түсіну керек.

  3. Мәтінді оқы. Сұраққа жауап бер:

  1. Биыл Абай неше жасқа толды?

  2. Денесі бойы қандай?

  3. Беті, шашы қандай еді?



ІІ

  1. Абайдың ендігі ермегі нелер, досы кімдер?Абайдың қарт әжесі Зере, өз анасы Ұлжанқандай абзал қасиеттерімен көрінеді? Суретке қарап, суретші қарт әже Зеренің мейірімділігін, жас Абайдың ынта – ықыласын, көрсете білді ме?

  2. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Әңгіме? Әңгімеші деген кім?

  3. Сұраққа жауап беру:

  1. «Басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты...» Олар кімдер?

  2. Абай биыл нені бағалады?

  3. Әжесі қандай әңгімеші еді?

  4. Абай ауырғанда, әжесінен не сұраған?

ІІІ

  1. Шеше – ана туралы мақалдарды еске алыңдар? Қазақ ертегілерін, әңгімелерін, жырларын қисса – дастандарын Абайға кім айтқан?

  2. Мәтін бойынша жұмыс : Абай әжесінен ертегі айтып беруді қалай өтінді?(оқы). Ертегілердің атын дәптерге жазып ал.

  3. Сұраққа жауап бер:

  1. Абай әжесінен қандай ертегілерді тыңдады?

ІҮ

  1. Барлас ақынның портретін тауып оқу. Барлас ақынның алғаш жырлаған жыры қай жыр, оны Абай қандай сезіммен қабылдады?

  2. «Жыр» , «Жыршы» деген сөздерді түсіндір.

  3. Сұраққа жауап беру:

  • Абай ауылына кімдер келді?

  • Қонақтарды Ұлжан қалай қарсы алды?

  • Ақын деген кім?

Ү


  1. Ертеде ақындарды қалай қарсы алған?

  2. Абайдың қарт әжесі Зере, анасы ұлжан қандай рухани азық берді және нелерді білуіне жәрдем етті?

  3. Әңгіменің тақырыбы, идеясы неде?

  4. Ұлжан қонақтарды неге жібергісі келмеді?

  5. Абай шешесіне ризашылығын қалай көрсетті?

Қорытынды жасалады.

Төмендегі тірек схема толтырылады.
Абайдың портреті


Бала Абайдың кескін – келбетін жазу

Бала Абайдың рухани байлығы















VІІІ.Жаңа сабақты қорыту.


  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2 « Ақын қонақтар»туралы түсінік.

«БЕКІТЕМІН»


Күні: 12.02.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Лашын» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға С.Мұқановтың өмірі жайлы түсінік беру, «Өмір мектебі» романынан үзінді туралы түсінік беру

2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзндік ой толғауларын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, журнал-газеттер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


  1. «Еңбек түбі - береке» тақырыбында ойтолғау жазу


ІІІ .Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.



  • 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.

  • Молдадан оқып, сауатын ашады.

  • Абайдың, Ғабдолла Тоқайдың кітаптарын оқып, өседі.

  • Омбы қаласында мұғалімдік оқу оқиды.

  • Шығармалары: «Сұлушаш» поэмасы, «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыздар», «Балуан Шолақ», «Ботагөз» романдар, повестер жазған.

2. Шығарманы мәтін бойынша бөлімдерге бөлу.

  • Балтабай ауылында

  • Балтабайдың Ақметі, оның портреті, атбегілікпен, құсбегілікпен айналысатыны

  • Ақмет лашынының сипаты

  • Ақметтің лашынды құс алуға шығаратын мезгілдері.

  • Лашынның үйрек алу тәсілдері.

  • Дабыл қағудың мәнісі.

  • Лашынның қазды алған кездегі амалы.

  • Лашынға қарсы дуадақтың көрсеткен қайраты.

  • Құс салудың ең дұрыс мезгілі.

  • Құстардың таң ата жайылуға шығуы.

  • Құстардың қойған қаруылына көрінбей, етіртпей баруы.

  • Дабылдау, құстардың айналып ұшуы.

  • Лашынды жіберу.

  • Саятшылық – өмірдің бір қызығы.


V. Жаңа сабақты бекіту

  1. Әр бөлімді әңгімелеп меңгерген соң оны мынадай шығармашылық жоспарға жинақтау

І Кіріспе:

а)Балтабай ауылында.

ІІ Негізгі бөлім: Саятшылық.

а) құсбегі – Ақмет

б) Ақмет лашынының мүсіні.

в)Ақмет пен лашынның өнері.

г) Шілдеде құс алу.

2. әңгімеден теңеу, эпитетті тауып, дәптерге жазу.


VІ. Сабақты қорыту

    1. Бағалау

2. Үй тапсырмасын беру

  1. С. Мұқанов «Лашын» әңгімесін мазмұндау.

1.«Талдау»әдісі. «Лашын» үлгіге қарап, оқушылар өздері талдайды

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау


  • Шығарманың тақырыбы-

  • Оқиғаның басталуы –

  • Оқиғаның шиеленісуі –

  • Оқиғаның шарықтау шегі –

  • Оқиғаның аяқталуы –

  • Шығарманың идеясы –


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Қазақ солдаты» романының үзіндісінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

* Электронды оқулықпен жұмыс.



  • Электронды оқулықтан Ғ.Мүсіреповтың өмірі жайлы мағламаттар алу.

  • Оқулық бойынша Ғ.Мүсіреповтың өмірі жайлы әңгімелеу.

  1. 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған.

  2. Ғабит ауыл ақсақалдарына «Қыз Жібек», «Қобланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын оқып беріп, жаттап алған.

  3. Әңгіме жазудың шебері.

  4. Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» .

  5. Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты», «Ұлпан».



VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап



  1. Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?

  2. Роман қай кездегі өмірді суреттеп отыр?

  3. Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді?

  4. Жайық өзені, Каспи теңізі көріністері мен Қайроштың көніл күйінде қандай ұқсастық бар?

  5. Шеген мен Бораштың сыртқы кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын суреттейтін көріністерді мәтіннен табыңдар. Шегеннің портретін ашу үшін жазушы қандай теңеулерді қолданған?

  6. Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарайды, оған қандай қамқорлық жасалы, қандай шарт қойды? Балалар күнкөріс жолында не істеді?

  7. Қайрош балалар үйіне қалай әікелінді?

  8. Қайрош ана құшағында қандай шаттық сезімге бөленді?

  9. Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетпей, неге балалар үйінде қалды? Ол нені арман етеді? Апасы оған қандай аманаттар тапсырды?

  10. Шығарманы ең басты – басты мәселелер бойынша бөлімге бөліп, әр бөлімге лайық ат қойыңдар.

  11. Шығармада жазушы қолданған мақал – мәтелдерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Осы нақыл сөздердің оқиғаға қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.

  12. Жазушының табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас аударыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік? Түртіп алу әдіс.і


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» мазмұндау.

2. Ойтолғау жазу.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Шоқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география, мүсін өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.

2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалықсезімін дамыту.

Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


  1. Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар» туралы түсінік.


ІІІ. Білім тексеру:

Топтастыру әдісі:

Шоқанның өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылар өздер жазады.







Шоқан












ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Графопроектор көмегімен, жоспар бойынша салынған слайдтағы суреттерді көре отырып, Шоқан мен Жақыптың қарым – қатынасы арқылы Бала Шоқанның мінездемелік тұлғасын қалыптастырамыз.

Суреттер

Оқиғалар

Мінездеме

1-сурет


2-сурет
3-сурет
4-сурет


5- сурет

Мысық Шоқанды неге асыға күтті?

Осы оқиға үстіне Шоқанға қандай мінез сай келеді?

Мысық Шоқан аулына баруға неге қорқады?

Жақып Мысықты неге соға алмады?

Шоқан тағы қай қырынан көрінді?

187-беттегі диалогты рөлге бөліп оқу.

Мына суретте кімдер бейнеленген? Олар қайда бар жатыр?шоқан әкесінен неге бөлініп кетті?

Әңгіме қалай аяқталып еді? Шоқан күзектен көшерде Мысықты үйіне неге әкелді?

Өнертанығыш, аңғарғыш.


Әлсізді қорғаушы.

Мейірімді, бауырмал.

Уәдеге берік.


Қайырымды.


VІ. Түсінік тексеру:


  1. Топтық жұмыс:

І топ

  • Әңгіме бойынша семантикалық карта толтыру.

ІІ топ

  • Диалог деген не? сахналап көр.

ІІІ топ

  • Әңгіменің әр бөліміне ат қойыңдар. Портреттерді табыңдар.

  1. «Бес жолды өлең» әдісі

«Шоқан» (синтез).

  1. Зат есім. Шоқан.

  2. Екі сын есім. Мейірімді, өнертанығыш.

  3. Үш етістік. Кездесті, қорғады, уәде берд.

  4. Сөйлем құрау. Шоқан – қазақтың жарық жұлдызы.

  5. Тақырып синонимі. Ғалым

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Блиц – турнир.(сұрақ – жауап).

  1. Бала Шоқанның өнерге қызығушылығы болашақ өміріне қалай әсер етті?

  2. Шоқан бабамыздың өмірінен үлгі алуға бола ма?

Жақып пен Мысыққа салыстырмалы сипаттау «Венн диаграммасы


Шоқан

Мысық


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

«Шоқандай болғым келеді». Шығарма жазу.

«БЕКІТЕМІН»
Күні: Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Бала Шоқан»

Сабақтың мақсаты:

- Әңгімені жан-жақты меңгерту, талдауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету.

- Оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық ізденісін,тапқырлық, байқағыштық қабілетін, тіл байлығын дамыту.

- Оқушыларды адалдық,қайырымдылық,достыққа тәрбиелеу, өнерге деген құрметін ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, әдебиет лотосы, түсініктеме күнделік, сөздер,

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, бейнелеу өнері.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Шоқандай болғым келеді» ойтолғау жазу.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ой қозғау

1 Сапарғали Бегалин деген кім?

2. Шоқан кім, ол туралы не білесің?

3. «Бала Шоқан» әңгімесі кім, не туралы?

4. Мысықтың негізгі ермегі не?

5. Шоқан Мысықпен қай жерде кездеседі?

Парақшалармен жұмыс.



  1. Шоқан мен Мысықтың арасындағы достықты қалай түсінесің, бағалайсың?

  2. Мысық Шоқан айтқан түйені емес,ненің бейнесін салды?

  3. Бай баласы мен кедей баласы арасындағы достықтың туындауына не себеп болды?

ІІІ. Кубизм

  1. Зерттеу. Әңгімедегі теңеулерді тауып жаз. Теңеудің ережесін айт.

  1. Салыстыру

Шоқан

Ортақ

Жақып

 

 


 

 

3.Талқылау.

Шоқанның қайырымдылығын ,уәдеге беріктігін қандай істерінен көруге

болады?

ІҮ.Бекіту

Топтастыру.

І топ. Әдебиет лотосы.

Шығарманың аты

Ұнаған

кейіпкер


Іс-әрекеті

Мінез-құлқы

Түйінді ой














ІІтоп. Түсініктеме күнделік.



Кейіпкер

портреті

мінездеме

Іс-әрекеті

Кейіпкердің ұстанымы















ІІІ топ.Түсініктеме күнделік.

Шығарманың аты

Әсер еткен тұсы

Өз пікірің

 

 

 

 


 
ҮІ.Қорыту

Түйінді сөздер.

Достық , адамгершілік туралы мақал-мәтел айту.

ҮІІ. Еркін жазу.

Достық- .................................

Достық- ................................

Достық- ..................................

Үйге тапсырмасын беру: «Өнерлінің өрісі кең» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау.

 

«БЕКІТЕМІН»


Күні: 27.02.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Қажымұқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.

2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.

Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблемалық, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, кітаптар, автор мен кейіпкер портреті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

И.Байзақов «Жазғы кеш» өлеңін оқып, жаттау.


ІІІ. Білім тексеру

Топтастыру әдісі

Қажымұқан туралы оқушылар өздерінің білгендерін жазады.




Қажымұқан

ҚҚажымұқан


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жазушының өмірі туралы мәлімет.


  • Қалмақан 1903 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде туған.

  • Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде мектеп үйі бар.

  • Балаларға арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.

  • «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б. әңгімелері бар.

  • «Мың бір түнді» ең алғаш аударған.

  • «Қажымұқан» хикаяты француз күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арнаған.



Мәтінмен жұмыс:

  1. Мәтінді бөлінген бөлімдер бойынша топтарға бөлу және оқу.

І топ

  • Қар күреген бала,

  • Жаяу сүйреген шана.

ІІ топ


  • Ұлы Петрдің қаласы.

ІІІ топ

  • Парижде.



VІ. Түсінік тексеру

Сұрақ - жауап.

Мұқанның балалық шағы қайда және қандай жағдайда өтті.

Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?

Мұқан бір шан шөпті бай үйіне қалай жеткізді?

Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?

Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?

Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті?

Қазақтың ата – анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген?


VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Мұқанның мінез – құлқын, сыртқы түрін шығармадан іріктеп алып, балуанның өсу жолына жоспар жасап, жазба түрде мінездеме беріңдер.

2. « Шана сүйреген Мұқан» деген көріністі жазып, әңгімелеп беріңдер.

VІІІ.Сабақты қорыту

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

« Шана сүйреген Мұқан» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.

«БЕКІТЕМІН»
Күні: 01.03.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: "Қажымұқан" хикаяты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қажымұқан бейнесін талдау, өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.

Тәрбиелік: өнерді құрметтеуге болуға, қамқорлыққа, уәдеге беріктікке, отанды сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушының ойлауын, қиялын, эстетикалық сезімін дамыту.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі

Әдістері: болжау, талдау, жинақтау, сұрақ – жауап

Көрнекіліктері: суреттер топтамасы, окулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

« Шана сүйреген Мұқан» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.



ІІІ. Өткен сабақпен байланыстыру

Туған жерлеріңнің табиғатын суреттеу, әңгімелеу.

-Балалар, сіздердің туындыларыңыздан туған жерлеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіздің шексіз екенін аңғардым.

-Туған жерлеріңізге болашақта қалай еңбек сіңіремін, мәртебесін асырамын деп ойлайсыздар?



-Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де туған халқына адал еңбегімен қызмет атқарып, даңқын асқақтатты, әлемге танытты. Ол туралы таныспас бұрын тақтадағы суреттер арқылы әңгіме құрайық.

«Тірек символдар» стратегиясы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет