VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап:
Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.
Ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, сырнай тартып жүрген бала кім?
Мөңкеге Ақан неге «Байқа бала Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отыр» деді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Мәтінмен жұмыс.
Үзіндіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құрыңдар.
Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері сияқты қазақтың ұлттық өнерінің әрбірін жекелей сипаттап жазыңдар.
Шығарманың тіліне көңіл аударыңдар. Жазушы қолданған үздік эпитет, теңеу, метафораларды дәптерге жазу.
Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жан – күйін жазушы қалай суреттеген? Тауып оқу және жаттап алу.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. С.Жүнісов« Ақырғы бәйге» туралы шағын шығарма жазу.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев « Бауырлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Т. Молдағалиев өмірімен танысу, «Бауырлар» өлеңін меңгере отырып, өлең идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың типі: жаңа сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы..
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тұманбай Молдағалиев өмірі жайлы мәлімет.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысындағы Жарсу деп аталатын ауылда дүниеге келген.
Студент кезінде «Студент дәптері» деп аталатын жыр жинағын шығарған.
«Махаббат оты сөнбейді» деген жыр жинағы бар.
«Бауырлар» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңді өлең құрылысына талдау.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ - жауап:
Тұманбай Молдағалиевтің бұл өлеңі кімдерге арналады?
Т. Молдағалиев әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларымызға нендей өтініш, тілек білдіріп отыр?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Мәтінмен жұмыс.
Өлеңдегі патриоттық идеяны, ақынның үлкен адамзаттық сезімін, ордалы ойын танытатын өлең жолдарын анықтау және жазып алу.
Қазақ елінен жырақта жүрген қазақтардың бәрі дерлік ана тілін, дінін, салтын ұмытпаған. Мұның себебі неде деп ойлайсыңдар?
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Т. Молдағалиев « Бауырлар» өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі
Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы мәлімет
«Бауырлар» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ - жауап:
Тұманбай Молдағалиевтің бұл өлеңі кімдерге арналады?
Т. Молдағалиев әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларымызға нендей өтініш, тілек білдіріп отыр?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.
Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат ел
де жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылық
тарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.
«...Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген – «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығыл
ған Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе жатқанын шамалағанбыз. Көп ұзамай бұл болжам расқа шықты. Айналасы он шақты жылдың ішінде «Соңғы көш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы дүниеге келді.
Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқыры бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы» Әкім Тарази
2.Әңгімені байыптап оқып шығу.
3.Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою, жоспар құрау.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді?
Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?
Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?
Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?
Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін, жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?
«Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге болады?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Ержанның қырғыз, қазақ халықтарына туыстығы туралы ойларын мәтінен тауып оқу.
Қозыкүреңге байланысты Төреқұл әңгімесін мазмұндау.
Әңгімедегі Қозыкүреңнің өзін – өзі жаратып, дайындалуын тауып оқу.
Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін мазмұндау.
Әңгімеде портреттік суреттемелер бар ма? Мысал келтір.
Әңгімеден теңеу сөздерді табу.
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы
2. «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта шығарма жазу.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, «Оюлар» өлеңінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың портреті, шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы
2. «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта шығарма жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақтың қандай ою түрлері бар екенін білесіңдер?
1. Ақынның өмірі жайлы мәлімет.
1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында туған.
Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан адуынды көңіл – күй сезіледі.
Оның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды.
Ақынның 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көрді.
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3.Өлең құрылысына талдау.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Халықтың асыл қасиеттерін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнері бұйымдарын, халықтық дәстүрді, өнерді ақынның мейлінше бағалап, қастерлеуінің сыры неде деп ойлайсыңдар?
Түрін – ай текеметтің асыл қандай!..
«Келе ғой, қошақаным, өзіме» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай,-
Деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
Желбауға, басқұрға, текеметке салынған қазақтың қошқармүйіз өрнектері ғасырдан асып жеткенін, енді одан айырылып қаламыз ба деген қаупін ақын қалай берген?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Қошқармүйіз өрнектерді көркемдеп, бояумен салып көріңдер, оған өлең тілімен жан бітіріп жазыңдар.
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы
2. «Оюлар» өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар» дастаны
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып Мұхтар Шаханов «Отырар» өлеңінен тарихы мол Отырар қаласы туралы түсінік беру және өлең мазмұнына, оқиғасына, тіліне талдау жасау.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті,
Мұхтар Шахановтың «Танакөз» жыр жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы
2. Оюлар» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Қошқармүйіз өрнектерді көркемдеп, бояумен салып көріңдер, оған өлең тілімен жан бітіріп жазыңдар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
М. Шаханов өміріне қысқаша шолу.
Ежелгі Отырар тарихына саяхат.
ХІІ ғасырдың соңында қазіргі Манғолия жерінде үлкен мемлекет құрылды. Оны Шыңғыс хан басқарды. Оның әскері көп жер, дүние, мал үшін басқыншылық саясат жүргізді. Шыңғыс ханның 200 мыңға дейін әскері болды, ол өте қатал тәртіпті талап етті. Егер шайқастан бір жауынгер қашса, оның қасындағы он жауынгер өлім жазасына кесілді.
Отырар қаласын ерлікпен қорғау. Шапқыншылар Сырдария өзені бойындағы қалаларға келіп жетті. Ол қалалардың ішіндегі атағы көбірек шыққаны да, мықты қорғаны және көп әскері бары да Отырар еді. Қала басшысы Қадыр хан (Қайыр хан) болатын. Қаланы басып алуға 1219 жылы күзге қарай моңғолдың 150 мың қолы аттанды. Қадыр ханның басшылығымен отырарлықтар туған қаласын қорғауға барынша әзірленді . Жиырма мың әскерді жақсы қаруландырды. Қорған дуалының үстіне құм салынған қаптар үйілді. Ыстық су құятын бөшкелер әзірленді, қорған қазылған ор сумен толтырылды. ...Амалы таусылғандықтан, моңғол әскері енді Отырарды түгел қоршады. Бірақ бес ай өтсе де, ештеңе істей алмайды. Не пайда, осы күндері адам ойламаған бір қайғылы оқиға болды. Отырарға Хорезм шаһы көмекке жіберген Қараша (Қарашоқы)қолбасы опасыздық жасады. Қорғанның бір дарбазасынан моңғолдар лап қояды. Ендігі шайқас қала ішінде болады. Әскердің көбі қырылғаннан кейін Қадырхан қаланың ортасындағы бекініс – сарайға кіріп қорғанады. Қалаға кірген моңғол әскерлері отырарлықтарды қойдай бауыздайды. Бекініс – сарайдағы ер жүрек Қадырхан мен оның батыр жауынгерлері бір айдан астам жаумен тапжылмай шайқасады. Күші басым жау ақыры жеңеді...
Поэма кейіпкерлері
Шыңғыс хан – Моңғол ханы
Шағатай – Шыңғыс ханның ұлы
Қадыр хан – Отырардың ханы
Қараша – сатқын
Қария – сатқынның әкесі.
Поэма мазмұнын талдау.
Пролог. Алты ай бойы Отырар қаласы жаудан жеңілмеді. Отырарды ала алмағанына ашуланған Шыңғыс хан ұлы Шағатайды шақырып алады. Әкесінің ұлына айтқан « аңыз – ертегінің» мазмұны. Шағатайдың «қулық» әрекеті.
Оқиға. Алты ай бойы жеңілмеген Отырар қаласы күреді. Жау қаланы бүлдіріп жатыр, безбүйрек жау сәбилерді, шал-кемпірлерді, жүкті әйелдерді де қойша бауыздады.
Байланыс. Үш күнен кейін екі адамды Шыңғыс ханың алдына алып келеді. Шыңғыс хан үнсіз әрі ұзақ ойға шомады. Қайырханға қызыға қарайды.
Поэманың дамуы. Шыңғыс хан мен Қайырхан екеуі арасындағы арбасу –диалогі. Шыңғыс ханның Қайырханға берген «сыйы». Қарашоқының әрекеті.
Оқиғаның шарықтау шегі. Қайырханның тегі. Қайырхан мен Қарияның арасындағы диалог.
Оқиғаның шешімі. Қарияның шеткі елші қақпадан бір баланы құтқарып жіберуі.
Эпилог. Соңғы бөлімдегі ҚАйырхан бабасына арналған ақын сөзі.
Ойтүрткі. Қайырхан бабасын оятпақ болып тіл қатқан ақын кім деп ойлайсыңдар?
Сөздікпен жұмыс
Даңқ – атақ, абырой
Рух – жан, философиялық ұғым.
Тән – адамның денесі, тұла бойы.
Ызбар – ашу, сес, айбат.
Безбүйрек – қайырымы жоқ, қатігез.
Намыс – жоғары адамгершілік қасиет, ар – абырой.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не ұқтыңдар?
Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп жауап қатты?
Отырарды алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретті?
Шыңғысхан алдына келген екі адам кімдер?
Қайырханға Шыңғысхан қандай баға берді?
Сатқынның әкесін алдырып Қайырхан не туралы сұрады?
Қайырхан өлім сағатын күткен кезде не деді?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
Шыңғыс хан Қайырхан
Басқыншы,
қатыгез,
мейірімсіз,
жауыздық иесі.
Туған елін, жерін қорғаушы,Отансүйгіш, туған ел тарихын құрметтеуші, Фараби, Отырар жырларын айтушы.
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
«Отырар»дастанының мазмұнын айту.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға поэзиялық туындының сюжетін меңгерту, әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға дағдыландыру .
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: пікір алмасу
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті,
Мұхтар Шахановтың «Танакөз» жыр жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
«Отырар»дастанының мазмұнын айту.
ІІІ. Білім тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не ұқтыңдар?
Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп жауап қатты?
Отырарды алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретті?
Шыңғысхан алдына келген екі адам кімдер?
Қайырханға Шыңғысхан қандай баға берді?
Сатқынның әкесін алдырып Қайырхан не туралы сұрады?
Қайырхан өлім сағатын күткен кезде не деді?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Отырар өлеңінің ең түйінді, басты уақиғаларына тоқталу.
Отырар поэмасынан алынған үзіндіні кейіпкерлер атынан диалог әдісімен мәнерлеп оқу.
Автор 2) Шыңғыс хан 3) Шағатай 4) Қайыр хан 5) Қарашоқы 6)Қарашоқының әкесі
Шығармадағы басты ойды, негізгі пікірді анықтау: а) өлең сюжеті бойынша оқушылардың ойын, пікірлерін тыңдау; ә) «Отырар» поэмасындағы оқиғалар ретін көрсететін өлең шумақтарын анықтау.
Дәптерге әдебиет теориясы бойынша баллада терминіне түсінік жазу.
Баллада – лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл күйін, толғанысын жырлап қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.
VІ. Түсінік тексеру:
Тарих және география пәндері бойынша Отырар қаласына тарихи, аймақтық сипаттама беру.
Өлең құрылысындағы өзгешеліктерді анықтау, дәптерге жазу.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Сабақты дүниетанымдық сұрақтар бойынша қорытындылау.
Шығарманың бас қаһарманы кім?
Қайыр хан мен Қарашоқының Отырар трагедиясындағы орны.
Қайыр ханның соңғы арманы орындалды ма?
Баллададағы ұлт трагедиясының мәні неде? Оны қалай түсіндіңдер?
Қазіргі ұрпақтың міндеті мен парызы қандай болмақ?
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1.Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
2.«Отырар»дастаны бойынша шағын ойтолғау жазу.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жыл
Сабақтың тақырыбы: Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ж.Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың портреті, шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы
2. « Отырар» поэмасы бойынша шағын шығарма жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Ақынның өмірі жайлы мәлімет.
1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданының «Қошалақ» ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетінде оқыған.
Мәскеудегі М. Горкий атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары курсты бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды көмір шахтасында қара жұмыс істеуден бастаған
Оның «Менің Қазақстаным» өлеңін күллі қазақ даласы әнге қосыла айтады.
«Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары бар.
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3.Өлең құрылысына талдау.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Өлеңге өздерің тақырып қойыңдар.
«Жақсы жанның ұнатқаны – тілегім», «Қауіптенем жамандарға ұнаудан» деген өлең жолдарын түсіндіріп ой бөлісіп көріңдер.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
1. Салыстыру арқылы дәлелдеу.
Жақсы
Жаман
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1. Жұмекен Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы
2. « Сен ақылды болсаң екен ... » өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау» әәңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, жазушының «Аңсау» шығармасы туралы түсінік беру және мазмұнына, оқиғасына, тіліне талдау жасау.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Нәсіреддин Серәлиев портреті
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жұмекен Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы
2. «Сен ақылды болсаң екен ... » өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Портрет деген не?
Кейіптеу деген не?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Жазушының өмірі жайлы мәлімет:
1930 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қашқансу деген жерде дүниеге келген.
Журналист қызметін атқарған.
Әңгімелері мен повестері: «Ақ лақ пен қара лақ», «Әңгелек», «Ақбөпе», «Ақ қайың», «Ыстық күлше», т.б.
2.«Аңсау» әңгімесін бөлімдерге бөліп, ат қою, жоспарлау.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Қария қалаға неге келді?
Ол кілге жолықты?
Бала кімді аңсап жүр еді?
Тақырып неге «Аңсау» деп қойылған?
Баланың шешесі не себептен ұлына бөтен адамның қасына жатуға рұқсат бермеді?
Қалымбет қария қайтып бара жатқанда не себептен баланың түсіне сап – сары бауырсақтар кірді деп ойлайсыңдар?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Қарт пе баланың арасындағы әңгімені тауып оқу және жазу.
Кішкен баланың ақсақалмен ойнағанын тауып оқу.
Мәтінен портрет пен кейіптеуді табу.
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1. Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы
2. «Аңсау» әңгімесін мазмұндау.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Әлем әдебиеті. А.Пушкин «Балықшы мен балық»
ертегісі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Александр Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, әлем әдебиетінің нұсқасы болған «Балықшы мен балық» ертегісі туралы әдеби білім беру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: А.Пушкиннің портреті, шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы
2. «Аңсау» әңгімесін мазмұндау.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Ақынның өмірі жайлы мәлімет.
1799 жылы 26 мамырда Мәскеу қаласында дүниеге келген.
Сол кездегі жақсы ақындар: В.А.Жуковский, К.Н.Батюшков, т.б. жақсы аралсқан.
Бала кезінен тіл мен өнер табиғатының ортасында өскен.
Пушкиннің өлеңдері дүние жүзін шарлады.
Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін қазақтың ғұлама ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы аударған.
2.Ертегіні мәнерлеп оқу.
3.Өлең құрылысына талдау.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин және оның шығармашылығы туралы не білесің?
Осы ертегіден қандай әсер алдың?
Бағы өскен сайын есірген балықшы кемпірдің ой – пиғалы, іс – әрекетіертегіде қалай суреттелген?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Ертегінің ой түйіні, берер ғибраты туралы түсініктеріңді айтып беріңдер.
Ертегідегі диалогтерді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.
Ертегі бойынша сценарий құрып, балықшы, балық және кемпір төлдерін ойнап көріңдер.
1. Салыстыру арқылы дәлелдеу.
Балықшы
Кемпір
2.Бүгінгі «Балықшы мен балық»туралы ертегі құрастыру.
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1. А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.
2. «Балықшы мен балық» ертегі мазмұнын айту.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Д.Дефо «Робинзон Крузо» әңгімесі, аралдағы өмірі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға жазушының «Робинзон Крузо» шығармасы туралы түсінік беру және мазмұнына, оқиғасына, тіліне талдау жасау.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, ъ
Сабақтың көрнекілігі: Даниэл Дефо портреті,
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.
2. «Балықшы мен балық » ертегі мазмұнын айту.
ІІІ. Білім тексеру:
Портрет деген не?
Кейіптеу деген не?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ағылшын жазушысы Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» аталатын жалғыз романымен – ақ әлемге әйгілі болды. Өйткені ұлы мұхиттың бір түкпіріндегі бұрын – соңды адам баласы аяқ басып көрмеген аралдағы жалғыз жанның жанкешті тірлігі кімді болсын қайран қалдырады. Робинзон Крузоның өмір сүру үшін жасаған айла – шарғы
сы оқушы жігерін жанып, қайратын қайрай түседі.
Кеме теңізде апатқа ұшырап, жалғыз өзі белгісіз аралға шығып қалған Робинзонның 28 жыл бойы жалғыздықтың жапасын шеккен өмірі шытырман оқиғалы. Сондықтан Даниэл Дефоның «Робинзон Крузо» романы әлем әдебиетінің ең озық үлгілерінің біріне айналды.
Бұл кітап – «Мәңгілік кітаптар» қорына енген, дүние жүзіне мәлім шығарма. Сендерге оқуға ұсынылып отырған үзіндіде тек қана бір жылға жуық өміріндегі кездескен қиындықтарын көрсету арқылы адам адам рухының мықтылығын, сол жалғыздықтың қасіретін қандай жолмен жеңе білгенін, қажырлы еңбек ету жайларынан хабар беру мақсат етілді. Балалар, бұл кітап кітапханалардың бәрінде бар. Әрине қызыға оқитындарың сөзсіз.
2.«Робинзон Крузо» романын бөлімдерге бөліп, ат қою, жоспарлау.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Елсіз аралға Робинзон қалай тап болды?
Ол өзіне баспана жасап алу жолында не істеді?
Еңбек құралдарын қайтіп жасады?
Жұмыс істеу, аң аулау, демалу, тамақ ішу уақыттарын қалай реттеді?
Күнделікті өміріне қажетті тамақты қалай және қайдан тапты?
Егіншілік және мал өсірумен айналысты ма?
Дәнді қайдан алды?
Робинзон бірнеше күндерге созылған жауынды күндерде жұмыстың қандай түрімен айналысты?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Робинзон өмір сүрген аралдың ауа райы туралы мәліметті мәтінен тауып оқу.
Елсіз аралда жалғыз қалып, бірнеше жыл өмір сүру оңай ма?
Адам өзінің қорқыныш сезімдерін қалай жеңеді деп ойлайсыңдар?
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1. «Робинзон Крузо» романнан үзіндіні мазмұндау.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» хикаяты Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу..
Сабақтың көрнекілігі: Шыңғыс Айтматовтың портреті, шығармалары.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Робинзон Крузо» романнан үзіндіні мазмұндау.
V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық өнер: ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмиля» хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, ілі-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.
Қазақ, қырғыз - ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынғы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов – «Манастың» еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. «Манастың» зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген – осы.
Бұл күнде Ш. Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс – ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.
Жазушының «Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасы, қазіргі әскери полигондағы Найман – ана бейітінің тарихын айтатын – психологиялық роман.
2.Шығарма мәтінімен жұмыс жасай отырып, оның мазмұнын талдап түсіндіру.
3.Мәтінді тұтас оқып шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |