ІІІ. Жаңа сабақ
Повесть (хикаят) – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі.Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады.
Әңгімеде көбіне өмірдің бір мезеті, қысқа оқиғалар суреттелсе, романда аса күрделі әрі көлемді, бүкіл бір кезеңнің оқиғалары тұтастырыла суреттеледі.Ал повестегі оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.
-Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы, жетістіктері туралы әңгімелеу.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.http://kk.wikipedia.org/wiki/1910 1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.http://kk.wikipedia.org/wiki/1911 1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды. Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.
«Болжау кестесі»
Не болады деп ойлайсыз?
|
Оған қандай дәлеліңіз бар?
|
Шын мінінде не болды?
|
|
|
|
Әңгімені оқулықтан тыңдату.
Мәтінді бөліктерге бөліп, сұрақтар арқылы жұмыс жүргізу.
мәтін. Жас бала сарайға не себепті қайта-қайта қарай берді деп ойлайсыз? Бұл кім болуы мүмкін?
мәтін.Шын мінінде не болды?
мәтін. Бала Орлий Масликовқа жұмысқа жалданады деп ойлайсыз ба?
мәтін. Мұқан қандай ірекет жасайды деп ойлайсыз?
мәтін. Әңгіме әрі қарай қалай өрбейді деп ойлайсыздар?
мәтін. Мұқан шанаға жеккен ат өліп қалып, оны шананың үстіне салып жаяу сүйретіп әкелуіне тура келді.Бұл жағдайға бай қандай көзқарас танытады деп ойлайсыз?http://kk.wikipedia.org/wiki/1909
ІІІ. Бекіту кезеңі
«Жуан және жіңішке сұрақтар» .
- Балалар, Қазақстанда 2011 жылы Азиялық қысқы олимпиада өтетінін білеміз. Сол олимпиадаға біздер де үлес қосайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп олимпиаданың символын жасайық.
(Мына сақиналардың артында сұрақтар жасырылады)
1.Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті? (көк)
2.Отыз пұт май қатырған кеспекті, бала шанаға қалай салды? (қара)
3.Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? (қызыл)
4. Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? (сары)
5.Қажымұқан жайында не білеміз? (жасыл)
Қорытынды:
- Бүгінгі сабақтан әлемдік аренаға шығып халық міртебесін асырған Қажымұқанның қиын тағдырына ортақтастық. «Көп бейнеттің зейнеті болады» деуші еді ғой халық. Мұқан да қиындықтардан шыңдалып, жақсылыққа жеткен екен.
Үйге тапсырма:
- Кейіпкерге хат жазу.
- Бөлімдерге жоспар құру
Бағалау.
«БЕКІТЕМІН»
Күні: 05.03.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қ. Аманжолов «Дауыл»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек - сызба, суреттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ . Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ эпиграфы: Дейсіңдер – ау, Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
(М.Мұқағали)
Тірек сызба арқылы ақын өміріне, шығармашылығына шолу.
Қасым Аманжолов
(1911-1955)
Өмір жолы Шығармашылығы
Қарқаралыдағы Балалар Өлеңдері: Поэмалары:
қызыл деген жер. үйінде «Сарыарқа», «Ақын өлімі
тәрбиеленген «Ертіс» туралы аңыз»
«Жайық» «Қытай қызы»
Соғысқа қатысқан «Орал» «Құпия қыз»
«Мен «Бикеш»
Табиғат «Естай –
бөбегі». Қорлығайын».
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. ұжымдық жұмыс
Лирика түрі –
Тақырыбы –
Идеясы –
Лирикалық кейіпкерге мінездеме беру
VІ. Түсінік тексеру
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
ІІ деңгей
ІІІ деңгей
Ақынның поэтикалық тіліне талдау.
ІV деңгей
«VІІ. Жаңа сабақты бекіту: Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы»... атты эссе жазу.
V.Сабақты қорыту
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді жаттау.
2. «Табиғатым – тағдырым» ойтолғау жазу.
«БЕКІТЕМІН»
Күні: 06.03.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбие
леу.
3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблемалық, талдау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, ақынның шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді жаттау.
2. «Табиғатым – тағдырым» ойтолғау жазу.
ІІІ. Білім тексеру:
Топтастыру әдісі:
Ар – ұят туралы оқушылар өздерінің білгендерін жазады.
Ар - ұят
ҚҚажымұқан
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жазушының өмірі туралы мәлімет.
Жұбан Молағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы Сайқұдық деген жерде туған.
Орал ауыл шаруашылық техникумында оқыған.
1940 – 1947 дейін әскер қатарында болған.
«Мен қазақпын деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған.
Мәтінмен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңді компазициясына орай:
А) Шал мен жігіт шатағы
Ә) Ар – ұят туралы.
Б) қорытынды деп жоспар жасау.
VІ. Түсінік тексеру:
Өлеңді тұтас оқып , өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
Ақын осы өлең арқылы не айтқысы келді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Салыстыру арқылы дәлелдеу.
Ар мен ұят
Арсыздық пен ұятсыздық
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
--- Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» өлеңді жаттау
«БЕКІТЕМІН»
Күні: 13.03.13 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қуандық Шаңғытбаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу;
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Абылай, Төле би, Бөгенбай суреті, «Алтын қақпа» жәшігі, сатылай кешенді талдау сызбасы.
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ж. Молдағалиев «Ар – ұят туралы»
ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев (21.03.1925 - 19.02.2001) — Қазақстанның халық жазушысы, ақын. Қазіргі Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында туған. 1937 жылы Қуандықтың 12 жасында әкесі Төлеген "халық жауы" ретінде он жылға айдалып кетеді]. Төлегеннің ағасы Жоныс пен Қуандықтың нағашы ағасы Сауда[3] атылады. Бала Қуандықты пионер қатарынан шығарады. Он алты жасында үздік оқыған Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол 1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандық Шаңғытбаевтың тұңғыш кітабы шығады. Ол кітап ұстазы Мәулен Балақаевпен (кейіннен профессор, ҚҒА корреспондент-мүшесі) бірге жазылған қазақ тілінің оқулығы болған. Алғашқы қаламақысын 16-дағы Қуандық итжеккенде жүрген әкесіне жасырын (қазыға тығып) жібереді. 1942 жылы 2-ші курстың студенті Қуандық Қазақтың мемлекеттік баспасына жұмысқа алынады (ол кезде Қазақстандағы жалғыз баспасы). Тұңғыш өлеңдерін жаза бастаған болашақ ақын Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев, Әбу Сәрсенбаев секілді тұлғалармен танысады. 1942 жылы Қуандық "Қазақ жүрегі" атты (кейіннен "Ар") бірінші өлең жинағын баспаға тапсырады. Сол жылы редактор Қуандыққа бастығы Бейсембай ағасы Мұхтар Әуезовтың "Абай" романының қолжазбасын редакциялауға жасырын береді. Партия орталық комитетінің адамдары кітаптың шығуына қарсы болғасын, Кенжебаев пен Шаңғытбаев "Абайды" ешкімге білдірмей жарыққа шығарады, және 1942 жылдың 26 шілдесінде "Соц. Қазақстан" газетінде бірігіп рецензия жазады. Одан кейін Бейсембай Кенжебаев бас редакторлық қызметінен "өз еркімен" кетуге мәжбүр болады, ал 3-ші курстың үздік студенті Қуандық, Нұрпейіс Байғанинге қатысты партия қауылысы шыққаннан кейін, Ақтөбеге, Байғаниннің әдеби хатшысы ретінде, кетеді. "Ар" баспадан шығалмай қалады. Және тәкәппар жас ақын (итжеккенде жүрген "халық жауының" баласы!) сол тұңғыш жинағына "Мен — қазақ!" деген өлеңін кіргізеді. Сталиннің кезінде олай жазу — ерлік болды. "Ар" өлеңінде Шаңғытбаев: "Тәңірім — ар, соған ғана бағынам, / Жалбарынам, жалғыз соған жалынам; / Патша тәжі жолда жатса, қайырылмай, / Теуіп өтіп, алдыңа кеп табынам", — деп, жазады.
«Сабалақ» өлеңінің әр шумағын мәнерлеп, әр шумақтың мазмұнын түсіне оқыту. Деңгейлік тапсырмалар сұрақтары жазылған плактты басшылыққа алып, оқушылардың өлең мазмұнын қаншалықты меңгеріп, өз ойларын жаткізе білулері қадағаланады.
Оқушы деңгейі
Өлеңнің тақырыбын ажырат.
(Ақын сонау тарихта болған ертедегі қазақ – қалмақ арасындағы соғысты өзінің өлеңіне арқау еткен).
Соғыс болып жатқан жерді ата. (аңырақай даласы)
Ақын соғысты қай шумақта, қалай сипаттаған?
Алгоритмдік деңгей
Әбілмәмбет қандай күй кешті? Қандай шешімге келді?
Көмекке келген жас жігітке сипаттама бер.
Оқушылар өлең шумақтарынан тауып, сатылай кешенді талдау сызбаны толтырады.
Жеңіл шидем шапан киген.
Қабағы түйілген.
Қолында қаруы бар.
Астында құстай ұшқан тұлпар.
Қара мұртты.
Соңында ерген қол.
Аққан жұлдыз сияқты.
«Абылайлап!»ұрандаған.
«Алтын қақпа ойыны»
Оқушылар І топ «қалмақтар», ІІ топ «қазақтар» болып екіге бөлінеді.
Тас қақпа
Сүңгі – қару түрі 2.Байрақ – ту
Күміс қақпа
Құзғын – өлікті аңдыған құстар
Ойрат – қалмақтар
Ата нәкес – ата жау.
Іздеушілік деңгей
Өлеңді бөлімдерге бөліп, ат қою, дәлелдеу.
«Қанды соғыс»
«Келген күш»
«Алғашқы танысу»
«Арман»
IV. Жаңа сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұндау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Фантазия» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: М. Мақатаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу;
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы..
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұндау
ІІІ. Білім тексеру:
Сөз өнері дегеніміз не?
Әдебиеттегі тип пен түр деп нені айтамыз?
Лирика, лирикалық өлең туралы не білеміз?
Осы уақытқа дейінгі шығармалардан кейіптеу туралы не айтуға болады?
Пейзаж дегеніміз не?
Мұқағалидің табиғат туралы өлеңдерін кім атай алады?
Қандай жыр – жинақтарын білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Фантазия» сөзіен қалай түсінетіндіктерін анықтау, түсіндіру.
1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру. (1931-1976)
ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.
Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.
Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:
Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж».
Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.
2. Топтастыру әдісі бойынша ақын өмірі жайлы әңгімелесу.
Ақын 1931-1976
Поэма, жинақ
Мұқағали
«Барлығы да Сүлеймен,
сендердікі» Нағиман.
«Мен таулықпын» Мақатай, Тиін.
«Қайырлы түн»
«Фантазия» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс:
Галилей, Коперник – жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғалымы.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап.
Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
Өздерің бұрын оқыған қиял – ғажайып ертегілерді естеріңе түсіріңдер.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Салыстыру арқылы дәлелдеу.
Фантазия
Қиял – ғажайып ертегілер
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. М. Мақатаев « Фантазия » өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев « Барлығы да сендердікі»,
«Мен таулықпын» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ақынның өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып,өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға көңіл бөлу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау, шешен көркем сөйлеуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» жинағы, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұндау
ІІІ. Білім тексеру:
Сөз өнері дегеніміз не?
Әдебиеттегі тип пен түр деп нені айтамыз?
Лирика, лирикалық өлең туралы не білеміз?
Осы уақытқа дейінгі шығармалардан кейіптеу туралы не айтуға болады?
Пейзаж дегеніміз не?
Мұқағалидің табиғат туралы өлеңдерін кім атай алады?
Қандай жыр – жинақтарын білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. «Барлығы да сендердікі»-Үлестірмені тарату.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мәтінен түсініксіз қиын сөздерді тауып, талдау жасау.
2.«Мен таулықпын»,«Хантәңірі» өлеңін үнтаспадан тыңдату
Өлең мәтінінен не түсіндік?
Хантәңірі қалай суреттеледі?
«Мен таулықпын» өлеңі туралы мәлімет.
Мұқағалидің керемет суретті, сыршыл, әсерлі, ойлы өлеңдерінің бірі – «Мен таулықпын» өлеңі. Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып,сол табиғатқа деген өзінің қатынасын білдіреді.
Тау дейтін алып жүрек Ана туған.
Мен –таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,
Қуат алаып қыранның қанатынан.
Өлең мәтінін мәнерлеп оқып беру.
Бір – екі оқушыға мәтінді оқыту.
Түсініксіз сөздерге талдау жасау.
Өлеңдегі бейнелі сөздерді дәптерге жазу.
VІ. Түсінік тексеру:
Бірінші өлеңнен не ұқтық? (таратылған үлестірмелер арқылы жауап беру.
«Ата ұрпақтар тағдыры», «Барлығын табыстаймыз», «Болашақты жалғайтын – болашағымыз. Сөздерінің мағынасын сұрау.
Екінші өлеңде тау ұлында болуға тиісті қандай қасиеттерді аңғаруға болады?
Ақын осы өлең арқылы не айтқысы келді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
«Тау баласы» деген тақырыпқа суретті пайдалана отырып, шағын шығарма жазу.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. М.Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: С.Жүнісов« Ақырғы бәйге»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу;
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы..
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. М.Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Ақан сері өмірі туралы не білеміз?
Неге Ақанды сері деп атған?
Сал, сері деген не?
Ақан серіден басқа қандай серілік құрған ақын -жырауларды білесіңдер? ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Сәкен Жүнісовтың өмірі жайлы мәлімет.
1934 жылы Көкшетауда дүниеге келген.
Көрнекті жазушы, белгілі драматург.
Романдары: «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері»
Хикаяты: «Заманай мен Аманай»
2.Топтастыру әдісі бойынша Ақан сері өмірі туралы мәлімет беру.
Атақты сері әнші
Ақан сері
саяткер құсбегі
сазгер ақын
3. Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан алынып отырған бұл үзіндіден атақты әнші, ақын, сазгер, саяткер, құсбегі Ақан сері мен Құлагер тағдырының ең бір күрделі де қайжылы кезімен танысасыңдар. Оқиға Ереймен өңіріндегі атақты паң Нұрмағанбет болыстың тоқсанға келіп өлген әкесі Сағанайға берген асында болғандықтан әңгіменің өзегі нақты тарихи оқиғаға құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |