Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты



бет2/11
Дата20.11.2016
өлшемі2,2 Mb.
#2194
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ. «Жиреншенің хан сынағына түскені»

Жоспары :

І.Ханның бұйрығы

ІІ.Жиренше мен қырық сиыр

ІІІ.Қарашаштың тапқырлығы

ІҮ.Ит пен ешкі

Ү.Ханның Жиреншеге сексен еркек қой беруі

ҮІ.Ханның Қарашаштан жеңілуі
ІҮ.Сабақты бекіту

Сұрақтар:

1.Жиренше Қарашаштың ақылымен құтылып отыруында қандай мән бар?


2.Аңыздан қандай тәлімдік, танымдық өнеге алуға болады?
3.Өздерің өз кемшіліктеріңді немесе теріс істеріңді мойындап, ұялып, кешірім сұраған кездерің болды ма?
Ү.Үйге тапсырма.

Әңгімені оқу


ҮІ.Бағалау.

Бекітемін: Сыныбы : 5 «Б»

Күні : 15.11.2012 ж. Пәні : әдебиет
Сабақтың тақырыбы : «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік – ауызекі сөйлеуге, мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға жұмыс жасау;

ә) тәрбиелік – адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылығы мен тапқырлықты насихаттау;

б) дамытушылық – сұрақ қойып жауап беруге дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас

Сабақтың типі : жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері : ой қозғау, баяндау

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жиренше ханның сынақтарынан қалай өтті?

2.Қарашаштың бойынан қандай мінездерді байқауға болады?

3.Аңыз әңгімедегі Жиренше мен Қарашаштың тапқырлығына баға бер.



ІІІ.Жаңа сабақ. «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»

Мазмұны. Ертеде Жиренше деген шешен өте кедей болыпты.Алайда, ол ақылды, тапқыр, шешен болыпты. Тапқырлығына қызыққан хан оны өзімен бірге ертіп жүріпті. Жиренше ханның алтындаған сарайына жатқысы келмей, өзінің қырық жамау киіз үйіне барып, керіліп – созылып жатқанда оның аяғы тізесіне дейін сыртқа шығы жатады екен.

Бір күні Жиреншені ертіп хан нөкерлерімен серуенге шығыпты. Жолда хан ұшып бара жатқан бір түп қаңбақты көреді. Жиреншеге әлгі қаңбақтың қайдан келе жатқанын , қайда бара жатқанын сұрап кел, - деп бұйырады. Содан Жиренше жүгіріп кетіп, қамшысымен әлгі қаңбақты тоқтатып, біраздан кейін, ханға қайта оралады. Хан тұрып : - Уа, Жиренше, қаңбақ не деді? – дейді. Жиренше тұрып : - Сұрамаңыз.Өзімді сөгіп салды. Менің ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Соны сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? – деген екен.

Хан ұялғанынан ештеңе дей алмапты.

ІҮ.Сабақты бекіту

Сұрақтар:

1.Ханның Жиреншені бағалайтыны қандай оқиғалардан аңғарылады?

2.Жиреншенің өз үйі, күйі әңгімеде қалай берілген?

3.Жиреншенің қаңбақпен сөйлесуін ауыз әдебиетінің қандай жанрына жатқызуға болады?



Ү.Үйге тапсырма.

Әңгімені оқу



ҮІ.Бағалау.

Бекітемін: Сыныбы : 5 «Б»

Күні : 16.11.2012 ж. Пәні : әдебиет
Сабақтың тақырыбы : Шешендік сөздер туралы түсінік.

«Тайкелтірдің төрелігі»

«Байдалы бидің көңіл айтуы»

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік – шешендік өнердің алуан сипаттарын, шешендік сөздердің түрлерін, шешендіктің шалқар шабыт, шалқыған сыр мен сезімнен тұратынын, даналық ой, көркем сөз өрімін талдай оқу;

ә) тәрбиелік – шешендердің ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру,адамдық қасиеттерін үйрену. Билер істерін өнеге ету, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;

б) дамытушылық – шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін дамыту;
Сабақтың түрі : аралас

Сабақтың типі : жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері : баяндау

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Ханның жеңілгендігін мойындауынан қазақ халқының қандай мінезін көруге болады?

Сенің ойыңша, сұратқан хан ақымақ па, сұраған Жиренше ақымақ па?

ІІІ.Жаңа сабақ. Шешендік сөздер туралы түсінік

Шешендік сөздер – ауыз әдебиетінің бір саласы. Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл – ойы, арман – тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы, оралымдылығы байқалады.

Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, үлкен – кішіні сыйлауға шақырады. Шешендік сөздер ауызба - ауыз елден – елге тарап отырғандықтан, кей кезде сөздердің авторлары да ұмытылып кеткен. Шешендік сөздер көбінесе дауларға байланысты туған десек, шешендер екі кісі, екі ру арасындағы мал – мүлік, ар мен жер, ер мен жесір құны сияқты даулардан бастап, екі ел арасындағы мемлекеттік келісім сөздерге дейін аталы сөзбен тындырып, бітімге келтіріп отырған.



«Тайкелтірдің төрелігі»

Мазмұны.Төле би Тайкелтірдің болашағын болжайды. Ел намысын жібермейтін, қысылғанда халқына пана бола алатын алғыр, ұтымды адам болып өсіп келе жатқанын, Айдаболдың ұлы емес, халқының ұлы болатынына сенеді. Сол себепті жиылған қауымға баланың шешендігін, тапқырлығын паш етейін деп, Төле би өзінің атқосшысына екі кісіні таласып жүрген ер – тұрманымен шақырып келуін бұйырады.

Ер – тұрманға таласқан екі кісіге әділ төрелік айтқан Тайкелтір өзінің тапқырлығын, шешендігін көрсете біледі.


«Байдалы бидің көңіл айтуы»

Мазмұны.Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс болғанда Байдалы шешен астында жарау аты, үстінде иығын жабар тоны болмағандықтан жаназадан да, қырқынан да қалып қояды.

Уәлиханның бәйбішесі Айғаным ханым іштей өкпелеп, Байдалы би көңіл айтуға келгенде аттан түсіріп алуға шыға қоймайды. Өзінің не себепті келе алмағанын шешендік сөзімен жеткізген Байдалы биге Айғаным ханым өзінің ас - суын беріп, өзінің өкпелеп жүргенін, мен сізді келер, келер де жұбатар, жұбатар да жылатар, содан кейін ханға арнап бір құран шығартар деп едім.Бірақ, мұның бірін де істемедіңіз.Сонда да мен бір түрлі көтеріліп, сергіп қалдым. Мұның мәнісі қалай?- деп сұрайды.

Сонда Байдалы би былай деп жауап берген екен.: - Келген жерден білместігіңді бетіңе айттым.Ол жылатқаным емес пе? Қайғырып жатқан жеріңнен тұрғызып, ас –суыңды өзіңе басқарттым.Бұл жұбатқаным емес пе? Ханымның қайғысы жылаумен жеңілденбейді, ханның күнәсі құранмен жуылмайды. Менің сөзім сенің қайғыңды емес, қайратыңды қолдаған болар, - депті.

ІҮ.Сабақты бекіту

Мағынаны тану бөлімі. Әңгімедегі Төле , Тайкелтір , Байдалы билердің өмірімен танысу.

Төле би Әлібекұлы – (1663-1756 ж.ж.) – араб, парсы тілерін жақсы меңгерген. Алғыр, тапқыр, әділ болған.Сол себепті оған «Қарлығаш әулие», «Бала би» деп халық ат қойған.

Тайкелтір Айдаболұлы – би, шешен, ақын. Төле биден бата алған.Әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен аты аңызға айналған.

Байдалы Бекшеұлы – Абылай ханның сегіз бидің ең беделді бас биі болған. Абылай хан «сегіз биім, сегіз бидің ішінде семіз биім» деп атағанда оның дене бітіміне емес, ақыл, парасатына қарап айтса керек.

Ү.Үйге тапсырма.

Тайкелтір бидің тапқырлығын табу.



ҮІ.Бағалау.

Бекітемін: Сыныбы : 5 «Б»

Күні : 17.11.2012 ж. Пәні : әдебиет
Сабақтың тақырыбы : «Қазыбек би мен Бұқар жырау»

Сабақтың мақсаты :

а)білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу,Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту;

ә) тәрбиелік – ой – саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету;

б)дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі : аралас

Сабақтың типі : жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері : мазмұндау, ой - қозғау

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Төле би Тайкелтірді қалай сынайды?

2.Тайкелтір сыннан қалай сүрінбей өтеді?

3.Айғаным ханым Байдалы биге өкпе – назын қандай сөзбен білдіреді?

4.Би қалай жауап береді?

ІІІ.Жаңа сабақ. «Қазыбек би мен Бұқар жырау»

Мазмұны . Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келіпті.Төсекте жатқан Бұқар жырау бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмап еді, Қазыбек сен айтып берші , - деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы :

- Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман

Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман

Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман

Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған хан жаман.

Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман

Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз

Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз, - деген екен.

ІҮ. Сабақты бекіту.

Тапсырмалар:

а) қызығушылықты ояту бөлімі:

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап береді.

1.Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма? (иә)

2.Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма? (иә)

3.Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба? (жоқ)

4.Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба? (жоқ)

5.Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма? (иә)

6.Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме? (иә)

7.Қазыбек би Бұқар жырауға он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз деді ме? (иә)

8.Қазыбек биді «Бала би» деп атай ма? (жоқ)

9.Қазыбек би жас бала күнінде қалмақ ханы Қоңтажыны шешендік өнерімен келісімге келтірген бе? (иә)

10. Қазақ тұрмысында дауларды соттар шешіп отырған ба? (жоқ)


ә) мағынаны тану бөлімі:

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы - (1667 – 1764 ж.ж) - қазақ халқының ХҮІІ – ХҮІІІ ғ. үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы – (1693 – 1787 ж.ж.) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы – биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек – түйдек жырмен сөйлейтін болған. Әкесі Қалмақан батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған.
б) сөздікпен жұмыс :

Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау – көне дәуір жырауларына тән қасиет.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға.
Мұғалім: - Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма?

Балалар : -Бар.Санамаққа ұқсас
Мұғалім : - Дұрыс-ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?
в) қосымша жадығат:

Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.Мысалы:

«Он бір - қара жұмбақ»
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Сөздікпен жұмыс:
Білеу – қамшы.
Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал.
Торқа – бағалы жібек мата.
Ү.Үйге тапсырма.

Шешендік сөзді жаттау.


ҮІ.Бағалау.
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы: 13 қыркүйек

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Білім тексеру:

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мақал – мәтелдер ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал – мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал – мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан; еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақарлад жасап отырған. Мақал – мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлем

дерді өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмас

тыруға келмейтін тұрақты кедеді. Мәселен, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер мағынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де, мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.

Ақын – жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы « Күн жауғанда қойның

да, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанат

ты» деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.

Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің ойтұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
VІ. Түсінік тексеру:


  1. Мақал деген не?

  2. Мәтел деген не?

  3. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?

  4. Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшелік

терін ата?

  1. Мақал мен мәтелдің құрылымы жағынан айырмашылықтарын ата.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Топтастыру әдісі:

Аяқталға
Мақал

ой тиянақты

дәлелді

сөйлем



салыстыру екі

бөлімді


топшылау сөйлем

немесе сөз


Мәтел

тіркесі


қортынды мағына тұспалды

пікір


дәлелдеу

жоқ


VІІІ.Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. 17-22- беттегі мақал – мәтелдерді жаттау

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

Сабақ жоспары


  1. Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы:

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жұмбақтар туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 17-22- беттегі мақал – мәтелдерді жаттау

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

ІІІ. Білім тексеру:

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.






Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. Жұмбақ

тар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам, оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені жұмбақтап, ұйқасын келтіріп құрастыру

ларыңа да болады.


VІ. Түсінік тексеру:

    1. Жұмбақ дегеніміз не?

    2. Жұмбақтар қалай пайда болған?

    3. Жұмбақ болатын заттар нелер?

    4. Жұмбақтардың тақырыбы қандай болады?

    5. Жұмбақтарды қалай құрастыруға болады?


VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

Жұмбақтарды оқып, олардың тақырыбын, нені танытатындығын айтыңдар.

Жұмбақтың қысқа да, ұзын да болатынын, оны біреу айтып, енді біреу шешу керектігін ескеріңдер.

Жұмбақ болған нәрселерді екінші бір затқа теңеп ұқсатып, қарама – қарсы

қойып айтқан сөздерге мысал келтіріңдер.

Өздерің жұмбақ құрастырыңдар.



VІІІ.Сабақты қорыту:

      1. Бағалау

  1. Үй тапсырмасын беру.

1. Жұмбақ туралы түсінік

2.23-24 – беттегі жұмбақтарды жаттау.



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ертегілер туралы мәлімет беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жұмбақ туралы түсінік

2.23-24 – беттегі жұмбақтарды жаттау.

ІІІ. Білім тексеру:


    1. Жұмбақ дегеніміз не?

    2. Жұмбақтар қалай пайда болған?

    3. Жұмбақ болатын заттар нелер?

    4. Жұмбақтардың тақырыбы қандай болады?

    5. Жұмбақтарды қалай құрастыруға болады?


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиға

лар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушы

лар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғат

тың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер аса

тына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегі

лерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар. Ертегілердің үш түрі бар. Олар:

1. Хайуанаттар туралы ертегілер

2. Қиял – ғажайып ертегілер

3. Шыншыл ертегілер

Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіш

тікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.

Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жал

мауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көріне

ді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып, жеңіп отырады. Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат, алып құстар жәрдемдеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет