2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Ертегілер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.
2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Мысалдар туралы түсінік.
Мысалда аңдар, құстар хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлең
мен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділ
дік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.
Аллегория деп мысалдарда жануарлар мен жәндіктерге адам істейтін әрекеттерді жасап, көрсетуді атаймыз.
Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұр
сынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И.А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдарды аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.
VІ. Түсінік тексеру:
«Егіннің бастары» мысал өлеңін композициялық құрылымы бойынша талдау, мәнерлеп оқу, автордың түйінді сөздерін жаттап, өзіне сай қорытын
ды шығару.
«Өгіз бен бақа»- «Әлін білмеген әлек».
«Егіннің бастары» - «Тәкәппарлық – жаман қасиет».
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.
Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.
Әке мен баланың диалогын екі оқушы кезектесіп оқиды.
Мысалдың қорытындысын түсіндіріп айту.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.
2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» мысал өлеңі туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, ақын портреті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.
2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ - жауап
1.Мысал өлеңдер деген не?
2. Мысал өлеңдердің басқа өлеңдерден қандай айырмашылығы бар?
3.Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Суретпен жұмыс:
Өгіз бен бақаның суретін көрсету.
Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.
Мысалды мәнерлеп оқу.
Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.
Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.
Көрсеқызар бақа.
Бақаның қарнын керуі.
Бақаның жарылып өлуі.
Әлін білмеген әлек.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ- жауап
Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?
Мысалдағы негізгі ойды беру үшін ақын қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланған? Мысалдан үзінді ала отырып дәлелдеу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.
Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» мысал өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Соғыс» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру, өлеңде кездесетін тұрақты тіркестер, теңеу сөздерді талдау.
2. Тәрбиелік:. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, Исатай мен Махамбеттің суреті, Жәңгір ханның суреті.
Пәнаралық байланыс: тарих,география, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Ахмет Байтұрсынұлы кім?
Крылов мысалдарын қай кезеңдерде аударды?
Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері жинақ болып қай қалада басылып шықты?
Мысал жанрының басқа жанырлардан өзгешелігі.
Аллегория деген не?
Қазақ әдебиетінде мысал жанры қай ақыннан басталады?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. М. Өтемісұлының өмірі туралы мәлімет.
Махамбеттің 80 –ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.
Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғамырқазы уғылына айтқаны» деген жинақта жарық көрген. Сонымен қатар күйші, сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз - Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран, Нарын» «Исатайдың Ақтабаны – ай», «Кішкентай», «Жұмыр қылыш», « Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны»т.б. күйлері бар.
Электронды оқулықтан Махамбеттің өскен ортасы, өмірінен мәліметтер беріледі.
Махамбеттің « Соғыс» өлеңін оқу.
Хронологиялық кестені пайдаланып, көтерілістің шығу себебі мен оқиғаның болған уақыты жайлы айтылады.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ -жауап
Өлеңде қандай оқиға суреттеледі?
Өлеңнен Исатайдың сырт бейнесін суреттейтін жерін тауып оқу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңнен Исатайдың ерлік бейнесін суреттейтін жерді тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Өлеңнен тұрақты тіркестерді тауып, білдіретін мағынасын ашу.
Өлеңдегі эпитет, метафора, теңеу сөздерді тауып талдау.
Өлең шумақтарынан омоним болатын сөздерді табу.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1.М.Өтемісұлы өмірі туралы түсінік. 2. «Соғыс» өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4.
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңінің тілі туралы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Қызғыш құс» өлеңнің айтайын деген ойын, өлеңнің туу себебін түсіндіру.
2. Тәрбиелік:. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, Исатай мен Махамбеттің суреті,
Пәнаралық байланыс: тарих,география, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.М.Өтемісұлы өмірі туралы түсінік.
2. «Соғыс» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Өздерің бұдан бұрын Махамбеттің қандай өлеңін жаттадыңдар?
Сен білетін Махамбет кім?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Топтастыру:
Ел ағасы ержүрек,батыл
Махамбет
Көтеріліс
Шыншыл ақын басшысы
үлкен парасат иесі адал дос
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ақын «Қызғыш құс» өлеңін Исатай өлген соң жазды. Көлінен айырылған құс пен өзін салыстыра отырып, екеуінің басындағы жайға кінәліні іздейді. Ақынның артықшылығы сол – сарыуайымға салынбай, алдағы күнге сенеді.оптемизм басым.
VІ. Түсінік тексеру:
Кубизм әдісі:
Суретте:Ақынның көңіл – күйі өлеңде қалай суреттелген?
Салыстыр: Махамбет пен қызғыш құсты салыстыр.
Зертте: Махамбет ақын туралы тағы не білесің?
Қолдан: өлеңде лашын құс пен Махамбеттің бейнесі қалай суреттелген? Бұл туралы ойтолғау жаз.
Талда, қолдан, қарсы шық: Махамбетті көтеріліске алып шыққан қандай күш? Өзінің көтерілісі жеңілгеннен кейінгі көңіл – күйін қалай суреттейді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Екі жақты түсініктеме күнделік жазу.
Өлеңнен үзінді, жаңа сөз немесе сөһз тіркесі
|
Оқушы тұжырымы, үзінді жайлы пікірі
|
|
|
|
|
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1.М.Өтемісұлы « Қызғыш құс» өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы түсінік беру, «Өзен» өлеңіне талдау жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің жинақтар топтамасы, портреті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.
1841 жылы Қостанай облысында, Затобол ауданында дүниеге келген.
4 жасында әкесі қайтыс болады.
Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі
1850 жылы Ыбырай орыс – қазақ мектебіне оқуға түседі. Оны жеті жылда жақсы бағалармен бітіреді.
1864 жылы Ыбырай қазақ балаларына арнап мектеп ашады.
Ыбырайдың «Өзен», «Дүние қалай етсең табылады?» т.б. өлеңдері бар.
2.«Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу.
VІ. Түсінік тексеру:
*Сұрақ - жауап
Өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?
Өлеңде қандай көркемдегіш сөз және сөз тіркестерін қолданған?
Өлеңнің буын өлшемін және ұйқас түрін анықтаңдар
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Өздік жұмыс:
Өздерің көрген, шомылған өзенді туралы әңгімелеу және олардың адамның қандай игілігіне жарап жатқанын жазу.
Өлең жолдарынан бейнелі сөздер мен теңеулерді тауып жазу.
*Сөздік жұмысын жүргізу:
Өксіген – шөлдеген мағынасында.
Қынарда – жағасында, маңында.
Жай – орын, қоныс.
Жанабында – жанында, маңында.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.
2. «Өзен» өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады » өлеңі туралы түсінік беру, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың білімдік танымын , шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармалар топтамасы, портреті, еңбек туралы нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: тіл, экология, еңбек..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.
2. «Өзен» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
«Топтастыру» стратегиясы.
Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
* «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мәнерлеп оқу.
Магнитофоннан әңгіменің қысқаша мазмұнын тыңдату.
Сөздікпен жұмыс
Франк –француз ақшасының атауы.
Мәтіннен көнерген сөздерді табу: купец, реуішті.
VІ. Түсінік тексеру:
*Сұрақ - жауап
1.Әңгіменің мазмұнына зер салып оқыңдар.
2.Еңбек етуден ерінген адам қандай болатынын аңғарту.
3.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
4.Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Венн диаграммасы:
Еңбекқор
Жалқау
Кітаппен жұмыс: рөлдерге бөліп оқу.
Автор сөзі:
Француз жұртының білімді адамының сөзі:
Бейтаныс адамның сөзі:
Антонның сөзі:
Қорытынды: «Екі бетті күнделік» стратегиясы.
Әңгімеден алған әсерім
|
Пікірім
|
|
|
|
|
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру
1.«Байлықтың көзі еңбекте» тақырыбында шағын шығарма жазу.
2. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мазмұндау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы « Қыс» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, ақын портреті, қысты бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, бейнелеу өнері, саз өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Оқушылардың назарын тақтадағы тірек – сызбаға аудару.
А.Құнанбайұлы
поэзиясы
прозасы
өлеңдер
поэмалар
қарасөздер
2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үсті
не салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақышты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықты
ғын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрын
ғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдыр
ған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы еді» атты өлеңін
дегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.
Арғы атасы қажы еді,
Бейістен татқай шәрбәтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті.
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермепті.
Мал түгіл, жанға мырза еді
Әр қиынға сермепті.
Мұңды, шерлі, жоқ-жітік
Аңсап алдын кернепті
Бәрінің көңілін тындырып,
Біреуін ала көрмепті.
Әділ, мырза, ер болып
Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп,
Тентекті тыйып, жерлепті.
Қазақтың ұлы қамалап,
Іздеген жүзін көрмек-ті.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермек-ті.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті.
Өлмейтін атақ қалдырып,
Дүниеге көңілін бөлмепті.
Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.
Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді, ертегі, жырларды тыңдап өсті. Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.
Достарыңызбен бөлісу: |