Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет11/13
Дата20.11.2016
өлшемі1,97 Mb.
#2193
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Сәкен Жүнісовтың өмірі жайлы мәлімет.



  • 1934 жылы Көкшетауда дүниеге келген.

  • Көрнекті жазушы, белгілі драматург.

  • Романдары: «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері»

  • Хикаяты: «Заманай мен Аманай»

2.Ой шақыру стратегиясы бойынша Ақан сері өмірі туралы мәлімет беру.





Атақты сері әнші

саяткер құсбегі





сазгер ақын

3. Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан алынып отырған бұл үзіндіден атақты әнші, ақын, сазгер, саяткер, құсбегі Ақан сері мен Құлагер тағдырының ең бір күрделі де қайжылы кезімен танысасыңдар.

Оқиға Ереймен өңіріндегі атақты паң Нұрмағанбет болыстың тоқсанға келіп өлген әкесі Сағанайға берген асында болғандықтан әңгіменің өзегі нақты тарихи оқиғаға құралған.



VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап:



  • Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.

  • Ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, сырнай тартып жүрген бала кім?

  • Мөңкеге Ақан неге «Байқа бала Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отыр» деді?



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтінмен жұмыс.



  • Үзіндіні бөлімдерге бөліп,әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құрыңдар.

  • Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері сияқты қазақтың ұлттық өнерінің әрбірін жекелей сипаттап жазыңдар.

  • Шығарманың тіліне көңіл аударыңдар. Жазушы қолданған үздік эпитет, теңеу, метафораларды дәптерге жазу.

  • Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жан – күйін жазушы қалай суреттеген? Тауып оқу және жаттап алу.


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. С.Жүнісов« Ақырғы бәйге» туралы шағын шығарма жазу.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІV

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев « Бауырлар»
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Т. Молдағалиев өмірімен танысу, «Бауырлар» өлеңін меңгере отырып, өлең идеясын ашу.

2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.

Сабақтың типі: жаңа сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Тұманбай Молдағалиев өмірі жайлы мәлімет.



  • Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысындағы Жарсу деп аталатын ауылда дүниеге келген.

  • Студент кезінде «Студент дәптері» деп аталатын жыр жинағын шығарған.

  • « Махаббат оты сөнбейді» деген жыр жинағы бар.

  1. «Бауырлар» өлеңін мәнерлеп оқу.

  2. Өлеңді өлең құрылысына талдау.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап:



  • Тұманбай Молдағалиевтің бұл өлеңі кімдерге арналады?

  • Т. Молдағалиев әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларымызға нендей өтініш, тілек білдіріп отыр?


VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтінмен жұмыс.



  • Өлеңдегі патриоттық идеяны, ақынның үлкен адамзаттық сезімін, ордалы ойын танытатын өлең жолдарын анықтау және жазып алу.

  • Қазақ елінен жырақта жүрген қазақтардың бәрі дерлік ана тілін, дінін, салтын ұмытпаған. Мұның себебі неде деп ойлайсыңдар?

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Т. Молдағалиев « Бауырлар» өлеңін жаттау.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов

«Қозыкүрең» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі

Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


  1. Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы мәлімет

  2. « Бауырлар» өлеңін жаттау.


ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап:

  • Тұманбай Молдағалиевтің бұл өлеңі кімдерге арналады?

  • Т. Молдағалиев әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларымызға нендей өтініш, тілек білдіріп отыр?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.

Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

«...Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген – «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе жатқанын шамалағанбыз. Көп ұзамай бұл болжам расқа шықты. Айналасы он шақты жылдың ішінде «Соңғы көш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы дүниеге келді.

Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқыры бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы»


Әкім Тарази

2.Әңгімені байыптап оқып шығу.



3.Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою, жоспар құрау.
VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді?

  • Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?

  • Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?

  • Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?

  • Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін, жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?

  • «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге болады?

VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Ержанның қырғыз, қазақ халықтарына туыстығы туралы ойларын мәтінен тауып оқу.

  • Қозыкүреңге байланысты Төреқұл әңгімесін мазмұндау.

  • Әңгімедегі Қозыкүреңнің өзін – өзі жаратып, дайындалуын тауып оқу.

  • Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін мазмұндау.

  • Әңгімеде портреттік суреттемелер бар ма? Мысал келтір.

  • Әңгімеден теңеу сөздерді табу.



VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:



1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта шығарма жазу.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова

«Оюлар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта шығарма жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ақынның өмірі жайлы мәлімет.


  • 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында туған.

  • Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан адуынды көңіл – күй сезіледі.

  • Оның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды.

  • Ақынның 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көрді.

2.Өлеңді мәнерлеп оқу.

3.Өлең құрылысына талдау.

VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Халықтың асыл қасиеттерін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнері бұйымдарын, халықтық дәстүрді, өнерді ақынның мейлінше бағалап, қастерлеуінің сыры неде деп ойлайсыңдар?

Түрін – ай текеметтің асыл қандай!..

«Келе ғой, қошақаным, өзіме» деп,

Әжем кеп сипағандай шашымнан жай,-

Деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

  • Желбауға, басқұрға, текеметке салынған қазақтың қошқармүйіз өрнектері ғасырдан асып жеткенін, енді одан айырылып қаламыз ба деген қаупін ақын қалай берген?


VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Қошқармүйіз өрнектерді көркемдеп, бояумен салып көріңдер, оған өлең тілімен жан бітіріп жазыңдар.

Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?




Инсерт әдісі







Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді





















VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:



1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы

2. « Оюлар» өлеңін жаттау.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов

«Отырар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып Мұхтар Шаханов «Отырар» өлеңінен тарихы мол Отырар қаласы туралы түсінік беру және өлең мазмұнына, оқиғасына, тіліне талдау жасау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті,

Мұхтар Шахановтың «Танакөз» жыр жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы

2. « Оюлар» өлеңін жаттау.



ІІІ. Білім тексеру:


  • Қошқармүйіз өрнектерді көркемдеп, бояумен салып көріңдер, оған өлең тілімен жан бітіріп жазыңдар.



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу



2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

М. Шаханов өміріне қысқаша шолу.

Ежелгі Отырар тарихына саяхат.

ХІІ ғасырдың соңында қазіргі Манғолия жерінде үлкен мемлекет құрылды. Оны Шыңғыс хан басқарды. Оның әскері көп жер, дүние, мал үшін басқыншылық саясат жүргізді. Шыңғыс ханның 200 мыңға дейін әскері болды, ол өте қатал тәртіпті талап етті. Егер шайқастан бір жауынгер қашса, оның қасындағы он жауынгер өлім жазасына кесілді.

Отырар қаласын ерлікпен қорғау. Шапқыншылар Сырдария өзені бойындағы қалаларға келіп жетті. Ол қалалардың ішіндегі атағы көбірек шыққаны да, мықты қорғаны және көп әскері бары да Отырар еді. Қала басшысы Қадыр хан (Қайыр хан) болатын. Қаланы басып алуға 1219 жылы күзге қарай моңғолдың 150 мың қолы аттанды. Қадыр ханның басшылығымен отырарлықтар туған қаласын қорғауға барынша әзірленді . Жиырма мың әскерді жақсы қаруландырды. Қорған дуалының үстіне құм салынған қаптар үйілді. Ыстық су құятын бөшкелер әзірленді, қорған қазылған ор сумен толтырылды. ...Амалы таусылғандықтан, моңғол әскері енді Отырарды түгел қоршады. Бірақ бес ай өтсе де, ештеңе істей алмайды. Не пайда, осы күндері адам ойламаған бір қайғылы оқиға болды. Отырарға Хорезм шаһы көмекке жіберген Қараша (Қарашоқы)қолбасы опасыздық жасады. Қорғанның бір дарбазасынан моңғолдар лап қояды. Ендігі шайқас қала ішінде болады. Әскердің көбі қырылғаннан кейін Қадырхан қаланың ортасындағы бекініс – сарайға кіріп қорғанады. Қалаға кірген моңғол әскерлері отырарлықтарды қойдай бауыздайды. Бекініс – сарайдағы ер жүрек Қадырхан мен оның батыр жауынгерлері бір айдан астам жаумен тапжылмай шайқасады. Күші басым жау ақыры жеңеді...

Поэма кейіпкерлері

  1. Шыңғыс хан – Моңғол ханы

  2. Шағатай – Шыңғыс ханның ұлы

  3. Қадыр хан – Отырардың ханы

  4. Қараша – сатқын

  5. Қария – сатқынның әкесі.

Поэма мазмұнын талдау.

Пролог. Алты ай бойы Отырар қаласы жаудан жеңілмеді. Отырарды ала алмағанына ашуланған Шыңғыс хан ұлы Шағатайды шақырып алады. Әкесінің ұлына айтқан « аңыз – ертегінің» мазмұны. Шағатайдың «қулық» әрекеті.

Оқиға. Алты ай бойы жеңілмеген Отырар қаласы күреді. Жау қаланы бүлдіріп жатыр, безбүйрек жау сәбилерді, шал-кемпірлерді, жүкті әйелдерді де қойша бауыздады.

Байланыс. Үш күнен кейін екі адамды Шыңғыс ханың алдына алып келеді. Шыңғыс хан үнсіз әрі ұзақ ойға шомады. Қайырханға қызыға қарайды.

Поэманың дамуы. Шыңғыс хан мен Қайырхан екеуі арасындағы арбасу –диалогі. Шыңғыс ханның Қайырханға берген «сыйы». Қарашоқының әрекеті.

Оқиғаның шарықтау шегі. Қайырханның тегі. Қайырхан мен Қарияның арасындағы диалог.

Оқиғаның шешімі. Қарияның шеткі елші қақпадан бір баланы құтқарып жіберуі.

Эпилог. Соңғы бөлімдегі ҚАйырхан бабасына арналған ақын сөзі.
Ойтүрткі. Қайырхан бабасын оятпақ болып тіл қатқан ақын кім деп ойлайсыңдар?


Сөздікпен жұмыс

Даңқ – атақ, абырой

Рух – жан, философиялық ұғым.

Тән – адамның денесі, тұла бойы.

Ызбар – ашу, сес, айбат.

Безбүйрек – қайырымы жоқ, қатігез.

Намыс – жоғары адамгершілік қасиет, ар – абырой.

VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не ұқтыңдар?

  • Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп жауап қатты?

  • Отырарды алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретті?

  • Шыңғысхан алдына келген екі адам кімдер?

  • Қайырханға Шыңғысхан қандай баға берді?

  • Сатқынның әкесін алдырып Қайырхан не туралы сұрады?

  • Қайырхан өлім сағатын күткен кезде не деді?

VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

Венн диаграммасы

Шыңғыс хан Қайырхан




Туған елін, жерін қорғаушы,Отансүйгіш, туған ел тарихын құрметтеуші, Фараби, Отырар жырларын айтушы.




Басқыншы,

қатыгез,

мейірімсіз,

жауыздық иесі.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет