Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет10/13
Дата20.11.2016
өлшемі1,97 Mb.
#2193
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жазушының өмірі туралы мәлімет.


  • Жұбан Молағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы Сайқұдық деген жерде туған.

  • Орал ауыл шаруашылық техникумында оқыған.

  • 1940 – 1947 дейін әскер қатарында болған.

  • «Мен қазақпын деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған.

Мәтінмен жұмыс:

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • Өлеңді компазициясына орай:

А) Шал мен жігіт шатағы

Ә) Ар – ұят туралы.

Б) қорытынды деп жоспар жасау.

VІ. Түсінік тексеру:

  • Өлеңді тұтас оқып , өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

  • Ақын осы өлең арқылы не айтқысы келді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Салыстыру арқылы дәлелдеу.





VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» өлеңді жаттау



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қуандық Шаңғытбаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу;

2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Абылай, Төле би, Бөгенбай суреті, «Алтын қақпа» жәшігі, сатылай кешенді талдаусызбасы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ж. Молдағалиев «Ар – ұят туралы» .

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Сабалақ» өлеңінің әр шумағын мәнерлеп, әр шумақтың мазмұнын түсіне оқыту.



Осыдан кейін алдын ала деңгейлік тапсырмалардың сұрақтары жазылған плактты басшылыққа алып, оқушылардың өлең мазмұнын қаншалықты меңгеріп, өз ойларын жаткізе білулері қадағаланады.

Оқушы деңгейі

  1. Өлеңнің тақырыбын ажырат.

(Ақын сонау тарихта болған ертедегі қазақ – қалмақ арасындағы соғысты өзінің өлеңіне арқау еткен).

  1. Соғыс болып жатқан жерді ата. (аңырақай даласы)

  2. Ақын соғысты қай шумақта, қалай сипаттаған?

Алгоритмдік деңгей

  1. Әбілмәмбет қандай күй кешті? Қандай шешімге келді?

  2. Көмекке келген жас жігітке сипаттама бер.


Оқушылар өлең шумақтарынан тауып, сатылай кешенді талдау сызбаны толтырады.

  • Жеңіл шидем шапан киген.

  • Қабағы түйілген.

  • Қолында қаруы бар.

  • Астында құстай ұшқан тұлпар.

  • Қара мұртты.

  • Соңында ерген қол.

  • Аққан жұлдыз сияқты.

  • «Абылайлап!»ұрандаған.

«Алтын қақпа ойыны»

Оқушылар І топ «қалмақтар», ІІ топ «қазақтар» болып екіге бөлінеді.

Тас қақпа

  1. Сүңгі – қару түрі 2.Байрақ – ту

Күміс қақпа

  1. Құзғын – өлікті аңдыған құстар

  2. Ойрат – қалмақтар

Ата нәкес – ата жау.
Іздеушілік деңгей

Өлеңді бөлімдерге бөліп, ат қою, дәлелдеу.

  1. «Қанды соғыс»

  2. «Келген күш»

  3. «Алғашқы танысу»

  4. «Арман»


IV. Жаңа сабақты қорыту:

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру.

1.Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұндау

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев « Фантазия »
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: М. Мақатаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу;

2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұндау

ІІІ. Білім тексеру:

  1. Сөз өнері дегеніміз не?

  2. Әдебиеттегі тип пен түр деп нені айтамыз?

  3. Лирика, лирикалық өлең туралы не білеміз?

  4. Осы уақытқа дейінгі шығармалардан кейіптеу туралы не айтуға болады?

  5. Пейзаж дегеніміз не?

  6. Мұқағалидің табиғат туралы өлеңдерін кім атай алады?

  7. Қандай жыр – жинақтарын білесіңдер?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

(1931-1976)

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.

Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.

Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:


  • Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж».

Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.

2. Ой шақыру стратегиясы бойынша ақын өмірі жайлы әңгімелесу.


Ақын 1931-1976

Поэма, жинақ

«Барлығы да Сүлеймен,

сендердікі» Нағиман.

«Мен таулықпын» Мақатай, Тиін.

«Қайырлы түн»


  1. «Фантазия» өлеңін мәнерлеп оқу.

  2. Сөздікпен жұмыс:

Галилей, Коперник – жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғалымы.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап.

Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?

Өздерің бұрын оқыған қиял – ғажайып ертегілерді естеріңе түсіріңдер.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Салыстыру арқылы дәлелдеу.





VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. М. Мақатаев « Фантазия » өлеңін жаттау.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев « Барлығы да сендердікі»,

«Мен таулықпын»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ақынның өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып,өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға көңіл бөлу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау, шешен көркем сөйлеуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» жинағы, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұндау

ІІІ. Білім тексеру:

  1. Сөз өнері дегеніміз не?

  2. Әдебиеттегі тип пен түр деп нені айтамыз?

  3. Лирика, лирикалық өлең туралы не білеміз?

  4. Осы уақытқа дейінгі шығармалардан кейіптеу туралы не айтуға болады?

  5. Пейзаж дегеніміз не?

  6. Мұқағалидің табиғат туралы өлеңдерін кім атай алады?

  7. Қандай жыр – жинақтарын білесіңдер?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. «Барлығы да сендердікі»

Үлестірмені тарату.


  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • Мәтінен түсініксіз қиын сөздерді тауып, талдау жасау.

2.«Мен таулықпын»

« Хантәңірі» өлеңін үнтаспадан тыңдату

  • Өлең мәтінінен не түсіндік?

  • Хантәңірі қалай суреттеледі?



  1. «Мен таулықпын» өлеңі туралы мәлімет.

Мұқағалидің керемет суретті, сыршыл, әсерлі, ойлы өлеңдерінің бірі – «Мен таулықпын» өлеңі. Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып,сол табиғатқа деген өзінің қатынасын білдіреді.

Тау дейтін алып жүрек Ана туған.

Мен –таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,

Қуат алаып қыранның қанатынан.

  1. Өлең мәтінін мәнерлеп оқып беру.

  2. Бір – екі оқушыға мәтінді оқыту.

  3. Түсініксіз сөздерге талдау жасау.

  4. Өлеңдегі бейнелі сөздерді дәптерге жазу.


VІ. Түсінік тексеру:

  • Бірінші өлеңнен не ұқтық? (таратылған үлестірмелер арқылы жауап беру.

  • «Ата ұрпақтар тағдыры», «Барлығын табыстаймыз», «Болашақты жалғайтын – болашағымыз. Сөздерінің мағынасын сұрау.

  • Екінші өлеңде тау ұлында болуға тиісті қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

  • Ақын осы өлең арқылы не айтқысы келді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. «Тау баласы» деген тақырыпқа суретті пайдалана отырып, шағын шығарма жазу.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. М.Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.



.


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: С.Жүнісов« Ақырғы бәйге»
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу;

2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. М.Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.



ІІІ. Білім тексеру:

  1. Ақан сері өмірі туралы не білеміз?

  2. Неге Ақанды сері деп атған?

  3. Сал, сері деген не?

  4. Ақан серіден басқа қандай серілік құрған ақын -жырауларды білесіңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет