Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...
Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістерорын алды...
Біздің анықтағанымыз...
Қорытындысында...
Біздің тобымыздың ойынша...
Келесі себептер/факторлар....
Ең басты жетістіктер ...
Құндылықтарды
дарыту
|
Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау.
|
Пәнаралық байланыстар
|
География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайлана отырып, археологиялық ескерткіштердің орналасуын, әлем елдеріндегі табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық өзгерістерді анықтайды.
|
Бастапқы білім
|
Қазақстантерриториясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен, діни наным-сенімімен танысты.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.
(Б) Бұл сабақта оқушыларға өткен тақырыптарды қайталай отырып, ежелгі дәуірге саяхат жасайтындығын ескертіп өтемін. «Тас және қола дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?» сұрағын қоя отырып, оқушыларды өзара пікір алмасуға бағыттаймын. Алдымен талқылау үшін тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызамын. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөлемін. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
мадақтау
|
Тақырыптық суреттер
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |