Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.
1-тапсырма. «Өзгерістерді анықтаңыз».Алдын ала дайындалған кестені тақтаға іліп, оқушылардың суреттерге назар аударуын сұраймын. Бастапқы ынталандырушы материал ретінде тарихи суреттер топтамасын көрсетемін. Оқушылардан жұптық жұмыста тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірінің кемінде 3 басты өзгерістерін анықтап, жауаптарын стикерге жазып, кестедегі әр кезеңнің тұсына ілуі қажет екендігін түсіндіремін. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысады.
Ықтимал жауаптары: еңбек құралдарын жасау, керамикалық ыдыстарды дайындау және малды қолға үйрету
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
мадақтау
|
Тақырыптық суреттер
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану кезеңі.
2-тапсырма. «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс». Тарих дегеніміз не? Ол не туралы баяндайды?
«Қазақстан тарихы» пәні нені оқытып, үйретеді?
Оқушыларға «Қазақстан - дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі» тақырыбындағы ресурсты көрсетіп, «Біз ұлан-ғайыр территорияға қалай ие болдық?» деген сұрағын қоямын.
Қазақстанның ежелгі тас, қола дәуірі хронологиясын көрсетіп, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейінгі өзгеріс пен сабақтастықтардың орын алуын түсіндіремін
|
Достарыңызбен бөлісу: |