Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру


Үйге тапсырма: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу



бет7/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)


Үйге тапсырма: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.


1.Пән аты: Абайтану
2.Сыныбы: 9
3.Күні, айы
:жылы: 26.09.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Абай ақындығының бастаулары, қайнар бұлағы неден басталғаны туралы түсінік беру;
2.Абай шығармашылығына деген қызығушылықтарын ояту.
3.Оқушылардың таным көкжиегін кеңейту.
Сабақтың барысы: І. 1.Кіріспе
Сәлемдесу.
Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу.
ІІ. Сабақ барысы:
Үйге берілген тапсырманы тексеру –Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы реферат дайындау,
Жаңа сабақты түсіндіру
Мағынаны тану
Біз бүгінгі сабақта Абай ақындығының неден бастау алғандығы туралы ой бөліспекпіз.
Ой тастау Тақырып туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау
Мұғалімнің қосымша түсінік беруі
Ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;
Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік философиялық ойдың жетістіктері.
Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.
Ақынға тікелей ықпал еткен, үлгі көрсеткен замандас аға буын ақындар, би-шешендер мен сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастардан тұратын әдеби қауымды негізге ала отырып, М.Әуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді Өзі алған нәрі дегенде, сөз иелерінің ішінде ақындардың орны айрықша. Атап айтқанда, Абай жасынан Бұхар жырау, Шортанбай жырларына қанып өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал сынды әдебиет өкілдерінің қай-қайсысынан да оның ақындық өсу жолын бөліп қарауға болмайды. Осы орайда академик С.Қирабаевтың пікірі орынды айтылған: «Абайдың ақындық жолы, ортасы күрделі болғаны белгілі, оның ақындылығы да сол ортада, өз дәуірінің шындығына орай қалыптасты. Сондықтан, ақынның өзі туып өскен ортаның әдебиеттік үлгілерінен, қазақтың шешендік өнерінен (атақты би болғанын еске алыңыз!), аты белгілі (өзі атайтын Бұқар, Дулат, Шортанбай) ақындар өнегесінен тыс тууы мүмкін емес. Қайта Абай осылардың бәрін жақсы білді, жанына азық етті.Мұның өзі қазақ әдебиетінің Абай арқылы адамзат мәдениетінің көркемдік биігіне шығуын дәлелдейді»
Үйге тапсырма :Ақынның білім алған мектептері туралы оқып келу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет