Панорамалық сабақ.
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің информатика пән мұғалімі: Карибасова Гулжанар Нургазиновна
Сабақтың тақырыбы: « Компьютердің қосымша құрылғылары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың жаңама ойын жетілдіре отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі бағалауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, интерактивті демонстрациялау, АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, компьютер, презентация, оқулық, плакат, стикер және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Сабақтың өту кезеңі: І-АСУ «Білгенге маржан», ІІ-АСУ « Білімді мыңды жығар», ІІІ-АСУ «Ойнайық-та, ойлайық» презентация арқылы демонстрациялау. 5-6 слайд арқылы түсіндіріп айтып өтeмін.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен сәлемдесу;
-Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Барлығың ортаға келіңдер, шаттық шеңберін құрайық, сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме? Онда бүгін бәріміз бір-бірімізге сыйлық сыйлайық. Оқушылар бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
«Шаттық шеңбері» тренингі сәтінен
-Оқушыларды топқа бөлу. (мәтін әріптері бойынша) , топ аттары «Принтер» және «Сканер», топ ережесін құру, бағалау парақшасын топқа таратып бағалау критерийлерін түсіндіру, жазғызу, топ жетекшісі оқып таныстырады. Енді сабағымыздың бірінші кезеңіне өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |