Пәні: Алгебра Күні: 14.11.16 жыл Сыныбы: 7«Ә»
Сабақтың тақырыбы
|
Көпмүше және көпмүшелерге амалдар қолдану
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Оқулық.
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушыларға көпмүше және оның стандарт түрін, көпмүшелерге амалдар қолдануды, соның ішінде қосу және азайтуды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, білімдерін шыңдау.
|
Оқыту нәтижесі
|
Есептеуде көпмүшелерге амалдар қолдана білді.
|
Оқыту формасы
|
Сыныппен, топтық, жұптық жұмыс жүргізу
|
Оқытуда қолданылатын модульдер мен әдіс -тәсілдері
|
Миға шабуыл, ой қозғау сұрақтары.
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Семантикалық карта.
Оқыту үшін және оқуды бағалау.
|
Құрал - жабдықтар
|
Үлестірме қағаздар, бағалау бетшесі, карточкалар, смаликтер.
|
Кезең
|
Мұғалімнің іс -әрекеті
|
Оқушының іс -әрекеті
|
1 кезең
Ұйымдастыру
Үй тапсырма тексеру
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
№ 132-есеп
(4a³b²)³:(2a²b)²
(-abc²):(-a²bc³)
(9x²y)³:(3xy)²
(x²y²z): (xyz)
Ой қозғау сұрақтары
Бірмүше дегеніміз не?
Бірмүшенің коэффициенті дегеніміз не?
Ұқсас бірмүшелер дегеніміз қандай бірмүше?
Бірмүшелерге қандай амалдар қолданылады?
Қарама – қарсы бірмүшенің қосындысы неге тең?
|
|
«Семантикалық карта»
( орындау кезінде жаңа тақырыптың атауы шығады)
|
2 кезең
Сабақ бойынша тапсырмалар
Тапсырма
көздері
|
Мағынаны ашу.
Көпмүше және көпмүшелерге амалдар қолдану.
“Адамның құндылығы – оның ойлау қабілетінде”
Егер айтсаң – ұмытпаймын,
Көрсетсең – есімде қалады,
Қызықтырсаң – түсінемін.
Блез Паскаль
Анықтама: Бірмүшелердің қосындысын көпмүше деп аталады
Ұқсас мүшелерді біріктіру деп – ұқсас мүшелердің алгебралық қосындысын айтады
1-мысал.
3а²х+4+5ах²-а²х-9
2-мысал.
2х²у+5х²у-3х²у
Көпмүшелерді қосу және азайту
Егер жақша алдында «плюс» таңбасы болса, онда көпмүше мүшелерін өз таңбаларымен жазады:
Егер жақша алдында «минус» таңбасы болса, онда жақша ішіндегі мүшелердің таңбасы қарама-қарсы таңбамен жазылады.
Мысал:
А) (3а³-5а²в+7ав²+в³)+(-5а³-6ав²+4в³)
Ә) (6х²-2х+5)-(3х²-2х+1)
Оқулықпен жұмыс. “Біліміңді байқап көр”
№ 183 - есеп
|
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл”
(Топпен жұмыс)
|
Оқушылар жұптаса отырып топтық жұмыс жасады. Берілген тапсырмаларды постерде қорғады.
|
1-топ.
5х+(3х+7)
-у+(у-1)
3а+(7+2а)
8y+(3x+5y)
|
2-топ.
(2х-3у)+(-у-х)
8а+(1-3а)
(2а-3в)-(-в-а)
(4a+2)+(a-1)
|
3-топ.
-5m+(-m-n)
(x-y)-(x+y)
(b-8)+(b+8)
(15x+2y)+(4x-3y)
|
4-топ.
(x+у)+(х-у)
(4х+2)-(х+1)
(1,5a+2b)+(2a-b)
0,4b+(1,2b-0,1)
|
|
|
|
3 кезең
Сабақты бекіту
|
Ой толғаныс
“Математикалық эстафета”
Іздеген жетер мұратқа
Стандарт түрге келтіріңдер:
а) 21a²-(12a-5+21a²)
ә) (x²+x-1)-(x²-x+1)
б) -7x²+x+(x+6x²)
в) (12+5p²)+(p³+2p²-p+15)
|
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
|
Қорытындылау
|
Математикалық сөздіктерді табу
Бір, сәуле, бұрыс, теңдеу, шеңбер, аралас, еселік, дұрыс, сан, бөлу, бөлшек, қосу,
|
Рефлексия
|
«Желкенді қайық»
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді – жасыл түске боя;
Егер сен сабаққа белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді – сары түске боя;
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді –қызыл түске боя.
|
Бағалау
|
Өзін –өзі бағалау, топтар бірін –бірі белсенділігіне қарай бағалау
|
Үйге тапсырма беру
|
“Өздігінен еңбек – білім мұратына жеткізбек”
№ 191 - есеп
|
Достарыңызбен бөлісу: |